6 Батарея мен ішкі компоненттердің төменгі
жағында қара жақтау арасына бұрауышты
кіргізіңіз. Одан кейін бұрауышты қара жақтаудың
төменгі жағын сындыратындай етіп батареядан
көтеріңіз.
7 Батареяны жасыл басып шығарылған схемалы
тақтаға жалғап тұрған металл ілмекті босату үшін
бұрауышты батареяның төменгі жағы мен қара
жақтау арасына салыңыз. Бұл — батареяның
төменгі жағын жақтаудан ажыратады.
8 Екінші металл ілмекті босату үшін батареяны ұстап,
ішкі компоненттерді шығарып алыңыз.
Абайлаңыз: Саусақтарыңызды ауыртып алмас
үшін, батарея ілмектерінің өткір ұштарына тиіп
кетпеңіз.
9 Қалдық батарея зарядынан қысқа тұйықталуды
болдырмау үшін батарея түйіспелерін лентамен
жабыңыз.
Енді зарядталмалы батареяны қайта өңдеуге
жіберуге және өнімнің қалған бөлігін тиісінше
қоқысқа тастауға болады.
Ескертпе: Құралды өз қызметін көрсетіп тозғаннан
кейін, күнделікті үй қоқысымен бірге тастауға
болмайды. Оның орнына бұл құралды арнайы жинап
алатын жерге қайта өңдеу мақсатына өткізіңіз. Бұлай
істеу арқылы қоршаған ортаға зиян келтірмейсіз.
739
Қазақша