182 | Қазақ
Электр құралының күй индикаторы
(9)
Сары түспен жыпылықтайды да, содан
кейін қысқа мерзімге жасыл түспен
жанады
Сары түспен жыпылықтайды да, содан
кейін қысқа мерзімге сары түспен
жанады
A) Абсолюттік өлшеу дәлдігі әртүрлі шарттарға байланысты өзгешеленуі мүмкін (мысалы, бұрауыш бит және/немесе адаптер
арасындағы саңылауға байланысты құрылғы мен бұранданың қате туралануы; сілтеме жасалатын үстіңгі беттің тегістігі; ...)
Байланыс функциялары
Bluetooth® Low Energy Module GCY 42 модулімен бірге
электр құралы үшін төмендегі өзара байланыс
функциялары қолжетімді болады:
– Тіркеу және дербестеу
– Күйін тексеру, ескерту хабарларын шығару
– Жалпы мәліметтер мен реттеулер
– Басқару
Bluetooth® Low Energy Module GCY 42 туралы ақпаратты
жинақтағы пайдалану бойынша нұсқаулықтан қараңыз.
Пайдалану нұсқаулары
Кіріктірілген Bluetooth® Low Energy Module GCY 42
u
модулі бар электр құралы радио интерфейспен
жабдықталған. Жергілікті пайдалану шектеулерін,
мысалы, ұшақтарда немесе емханаларда
ескеріңіз.
Электр құралды шурупқа тек өшірілген күйде
u
қойыңыз. Айналып жатқан жұмыс құралдары сырғып
кетуі мүмкін.
Бұрауыш биттерді немесе әмбебап бит ұстағышын алып
тастау үшін көмекші құралды пайдалануға болады.
Қайыс ұстағышы
Қайыс ұстағышымен (10) мысалы, электр құралын
қайысқа асуға болады. Сонда, екі қолыңыз бос болып,
электр құралы жұмыс істеуге дайын болады.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Аккумуляторды электр құралмен кез келген
u
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
тудырады.
Жақсы әрі сенімді жұмыс істеу үшін электр құралы
u
мен желдеткіш тесікті таза ұстаңыз.
Өнімдерді олардың сақтығын қамтамасыз ететін,
өнімдерге атмосфералық жауын-шашынның тиюіне және
асқын температура көздерінің (температураның шұғыл
өзгерісінің), соның ішінде күн сәулелерінің әсер етуіне
жол бермейтін дүкендерде, бөлімдерде (секцияларда),
павильондар мен киоскілерде сатуға болады.
1 609 92A 6Y0 | (14.09.2021)
Мағынасы/себебі
Үстіңгі бет бағдарламалануда
Баптау процесі тиісінше орындалмаған
Сатушы (өндіруші) сатып алушыға өнімдер туралы
қажетті және шынайы ақпаратты беріп, өнімдерді
тиісінше таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.
Өнімдер туралы ақпарат міндетті түрде тізімі Ресей
Федерациясының заңнамасымен белгіленген
мәліметтерді қамтуы тиіс.
Егер тұтынушы сатып алатын өнімдер әлдеқашан
пайдаланылған немесе өнімдерде ақаулық (ақаулықтар)
жойылған болса, тұтынушыға бұл туралы ақпарат берілуі
тиіс.
Өнімдерді сату процесінің аясында төмендегі қауіпсіздік
талаптары орындалуы тиіс:
– Сатушы сатып алушыға ұйымының фирмалық атауы,
орналасқан жері (мекенжайы) және жұмыс режимі
туралы мәліметтер беруге міндетті;
– Сауда бөлмелеріндегі өнімдердің сынамалары сатып
алушыға бұйымдардағы жазбалармен танысуға
мүмкіндік беруі және визуалды тексерістен басқа
бұйымдардың іске қосылуына әкелетін, сатып
алушылар өз бетінше орындайтын ешқандай
әрекеттерге жол бермеуі тиіс;
– Сатушы осы бұйымдардың белгіленген талаптарға
сәйкестігінің растамасы, сертификаттардың немесе
сәйкестік жөніндегі мәлімдемелердің бар болуы
туралы ақпаратты сатып алушыға беруге міндетті;
– Идентификациялық сипаттары жоқ (жоғалған),
жарамдылық мерзімі өтіп кеткен, бұзылу белгілері бар
және пайдалану бойынша нұсқаулығы (кітапшасы),
міндетті сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік
белгісі жоқ өнімдерді сатуға тыйым салынады.
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану
кеңестері
Қызмет көрсету орталығы өнімді жөндеу және оған
техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ қосалқы
бөлшектер туралы сұрақтарға жауап береді. Құрамдас
бөлшектер бойынша кескін мен қосалқы бөлшектер
туралы мәліметтер төмендегі мекенжай бойынша
қолжетімді: www.bosch-pt.com
Bosch қызметтік кеңес беру тобы біздің өнімдер және
олардың керек-жарақтары туралы сұрақтарыңызға жауап
береді.
Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру
кезінде міндетті түрде өнімнің фирмалық
тақтайшасындағы 10 таңбалы өнім нөмірін беріңіз.
Bosch Power Tools