есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандар арқылы
өңделуі мүмкін.
– Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін
шаңсорғышты пайдаланыңыз.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналмауын
u
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Шаң-/жоңқа сору шаң, жоңқа немесе дайындама
сынықтары арқылы тығыздануы мүмкін.
– Электр құралын өшіріп желі айырын розеткадан
тартып қойыңыз.
– Аралау дискісі толық тоқтағаныша күте тұрыңыз.
– Тығыздану себебін айқындап оны жойыңыз.
Сыртқы сорғыш
Шаң сору үшін жоңқаны шығаруға арналған келте
құбырға (13) шаңсорғыш шлангісін (диаметрі 35 мм) де
жалғауға болады.
– Шаңсорғыш шлангісін жоңқаны шығаруға арналған
келте құбырға (13) жалғаңыз.
Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.
Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ
шаңдар үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Ара дискісін алмастыру (C1−C4 суреттерін
қараңыз)
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Аралау дискісін орнату кезінде қорғағыш қолғап
u
киіңіз. Аралау дискісіне тигенде жарақат алу қаупі
бар.
Максималды рұқсат етілген жылдамдығы электр
құралыңыздың бос айналу моментіне жоғары болған
аралау дискілерін пайдаланыңыз.
Тек осы пайдалану нұсқаулығында берілген деректерге
сәй және EN 847-1 бойынша тексерілген болып тиісті
ретте белгіленген аралау дискілерін пайдаланыңыз.
Тек осы электр құралының өндірушісі ұсынған және сіз
өңдейтін материалға сәй аралау дискілерін
пайдаланыңыз. Бұл аралауда ара тістерінің қызып кетуіне
жол бермейді.
Аралау дискісін шешу
– Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.
– Ішкі алты қырлы бұранданы (36) алты қырлы дөңбек
кілтпен (35) бұрап, дәл сол уақытта шпиндель
бекіткішін (29) тірелгенше басыңыз.
– Шпиндель бекіткішін (29) басып тұрып, бұранданы
(36) сағат тілінің бағытымен бұрап шығарыңыз (сол
жақ ирек ойма!).
– Қысқыш фланецті (37) алып тастаңыз.
Bosch Power Tools
– Бұғаттау ажыратқышын (17) басып, маятниктік
қорғаныш қаптаманы (19) тірелгенше артқа
қайырыңыз.
– Маятниктік қорғаныш қаптаманы осы күйде ұстап, ара
дискісін (39) шығарып алыңыз.
– Маятниктік қорғаныш қаптаманы қайтадан төмен қарай
баяу апарыңыз.
Аралау дискісін орнату
Орнатуда тістер кесу бағыты (аралау дискісінде
u
көрсеткі бағыты) қорғағыш қаптама көрсеткі
бағытымен сәйкес болуына көз жеткізіңіз!
Қажет болса, орнатылатын барлық бөліктерді орнатпас
бұрын тазалап шығыңыз.
– Бұғаттау ажыратқышын (17) басып, маятниктік
қорғаныш қаптаманы (19) тірелгенше артқа
қайырыңыз және осы күйде ұстаңыз.
– Жаңа ара дискісін ішкі қысқыш фланецке (38)
орнатыңыз.
– Маятниктік қорғаныш қаптаманы қайтадан төмен қарай
баяу апарыңыз.
– Қысқыш фланецті (37) және бұранданы (36)
орнатыңыз. Шпиндель бекіткішін (29) тірелгенше
басып, бұранданы сағат тілінің бағытына қарсы бұрап
бекітіңіз.
Пайдалану
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Тасымалдау кезіндегі қорғаныс
(D суретін қараңыз)
Тасымалдау кезіндегі қорғаныс (30) электр құралын
әртүрлі жұмыс орындарына тасымалдау кезінде қолайлы
пайдалануға көмектеседі.
Электр құралын қорғауышынан босату (жұмыс күйі)
– Манипуляторды тұтқасында (16) аз төмен басып
тасымалдау қорағауышын (30) босатыңыз.
– Тасымалдау қорғағышын (30) толық сыртқа тартыңыз.
– Манипуляторды жай жоғарыға бағыттаңыз.
Электр құралын қорғауышын орнату (тасымалдау
күйі)
– Бекіткіш бұранда (11) тарту аспабын (12) қысса, оны
босатыңыз. Манипуляторды толығымен алға тартып,
тарту аспабын бұғаттау үшін бекіткіш бұранданы
қайтадан тартыңыз.
– Аралау үстелін (22) бұғаттау үшін бекіткіш тетікті (25)
тартып қойыңыз.
– Бұғаттау ажыратқышын (17) басып, манипуляторды
тұтқасынан (16) баяу төмен қарай жылжытыңыз.
– Манипуляторды тасымалдау бекіткіші (30) толықтай
ішке басылғанша төмен жылжытыңыз.
Манипулятор енді тасымалдауға дайын болып
бұғатталған.
Қазақ | 211
1 609 92A 7NC | (26.04.2022)