Аралау
Жалпы аралау нұсқаулары
Бекіту тетігі(25) мен қысу тұтқасын (10) аралаудан
u
алдын әрдайым бекем тартып қойыңыз. Әйтпесе
ара дискісі дайындамада қисаюы мүмкін.
Барлық кесіктерде алдымен ара дискісі тіреу
u
планкасын, тіреуіш бұранда немесе басқа аспап
бөліктерін тимеуіне көз жеткізіңіз. Мүмкін
орнатылған көмек тіреуіштерін алыңыз немесе
оларды лайықтаңыз.
Аралау дискісін соқтығысудан және соққыдан қорғаңыз.
Аралау дискісін бүйірлік қысымнан сақтаңыз.
Тек тиісті пайдалану үшін рұқсат етілген заттектерді
пайдаланыңыз.
Қисық дайындамаларды өңдемеңіз. Дайындама әрдайым
бағыттауыш панеліне басу үшін тура қырлы болуы керек.
Ұзын және ауыр дайындамалар бос басында басылып
тірелуі керек.
Маятниктік қорғаныш қаптаманың дұрыс жұмыс істеп,
еркін жылжуын қамтамасыз етіңіз. Манипуляторды төмен
қарай бағыттау кезінде, маятниктік қорғаныш қаптама
ашылуы керек. Манипуляторды жоғары қарай бағыттау
кезінде, маятниктік қорғаныш қаптама ара дискісінің
үстінен қайта жабылып, манипулятордың ең жоғарғы
күйінде бекітілуі керек.
Оператордың күйін (K суретін қараңыз)
Электр құралы алдына ара дискісімен бір сызыққа
u
тұрмай, әрдайым ара дискісінен шетте тұрыңыз.
Осылайша денеңіз ықтимал кері соққыдан қорғалады.
– Алақан, бармақ және қолдарыңызды айналатын
аралау дискісінен алыстатыңыз.
– Манипулятор алдында қолдарыңызды айқастырмаңыз.
Жүріспен аралау
– Тарту аспабымен (12) (кең дайындамаларды) кесу
үшін тартылған бекіткіш бұранданы (11) босатыңыз.
– Қажет болса, қалаулы көлденең және/немесе тік еңіс
бұрышын реттеп шығыңыз.
– Дайындаманы (6) және (21) тіреуіш планкаларына
қарай басыңыз.
– Дайындаманы өлшемдерге сәйкес қысыңыз.
– Манипуляторды ара дискісі дайындама алдында
тұрғанша (6) және (21) тіреуіш планкаларынан ары
тартыңыз.
– Электр құралын қосыңыз.
– Бұғаттау ажыратқышын (17) басып, манипуляторды
тұтқасынан (16) баяу төмен қарай жылжытыңыз.
– Енді манипуляторды (6) және (21) тіреуіш
планкаларына қарай басып, дайындаманы бірқалыпты
жүріспен аралаңыз.
– Электр құралын өшіріп, ара дискісі толық тоқтағанша
күте тұрыңыз.
– Манипуляторды баяу жоғары қарай бағыттаңыз.
Bosch Power Tools
Тарту қозғалысынсыз аралау (қыршу) (L суретін
қараңыз)
– Тарту қозғалысынсыз кесіктер жасау үшін (кіші
дайындамалар) тартылған бекіткіш бұранданы (11)
босатыңыз. Манипуляторды (6) және (21) тіреуіш
планкаларына қарай тірелгенше жылжытып, бекіткіш
бұранданы (11) қайтадан тартып қойыңыз.
– Қажет болса, қалаулы көлденең және/немесе тік еңіс
бұрышын реттеп шығыңыз.
– Дайындаманы (6) және (21) тіреуіш планкаларына
қарай басыңыз.
– Дайындаманы өлшемдерге сәйкес қысыңыз.
– Электр құралын қосыңыз.
– Бұғаттау ажыратқышын (17) басып, манипуляторды
тұтқасынан (16) баяу төмен қарай жылжытыңыз.
– Дайындаманы бірқалыпты жүріспен аралаңыз.
– Электр құралын өшіріп, ара дискісі толық тоқтағанша
күте тұрыңыз.
– Манипуляторды баяу жоғары қарай бағыттаңыз.
Пайдалану нұсқаулары
Рұқсат етілген дайындама өлшемдері
Макс. дайындамалар саны:
Көлденең еңіс
Тік еңіс бұрышы
бұрышы
0°
0°
45°
0°
0°
45°
Мин. дайындамалар саны (= жинақтағы бұрандалы
қысқыш (7) арқылы ара дискісінен сол немесе оң жақта
қысуға болатын барлық дайындамалар): 100 x 40 мм
(ұзындығы x ені)
Макс. кесік тереңдігі (0°/0°): 70 мм
Арнайы дайындамалар
Иінді немесе домалақ дайындамаларды аралау кезінде,
оларды сырғанаудан қорғау қажет. Кесік сызығында
дайындама, тіреуіш планка мен аралау үстелінің
арасында бос орын пайда болмауы тиіс.
Қажет болса, арнайы ұстағыштарды дайындау қажет.
Ішпектерді алмастыру (M суретін қараңыз)
Ішпектер (23) электр құралын ұзақ пайдаланғаннан кейін
тозуы мүмкін.
Ақаулы ішпектерді алмастырыңыз.
– Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.
– Бұрандаларды (43) алты қырлы дөңбек кілтпен (35)
бұрап шығарып, ескі ішпектерді алып тастаңыз.
– Жаңа оң жақ ішпекті салыңыз.
– Ішпекті бұрандалармен (43) мүмкіндігінше ең оң
жағына бұрап қойыңыз да, ара дискісі ықтимал тарту
қозғалысының бүкіл ұзындығында ішпекке тимеуі
керек.
– Жұмыс қадамдарын жаңа сол жақ ішпек үшін дәл
осылай қайталаңыз.
Қазақ | 213
Биіктігі x ені
[мм]
70 x 270
70 x 190
45 x 270
1 609 92A 7NC | (26.04.2022)