272 | Қазақ
– Сол жақ тіректі (41), 45° стандартты тік еңіс бұрышы
көрсеткі белгісіне тірелгенше бұраңыз.
Осылайша толық сол жақ қайыру аймағы қолжетімді
болады.
– Бұғаттау түймесін (13) жоғары қарай тартыңыз.
– Манипуляторды тұтқасынан (5) ұстап, бұрыш
индикаторында қажетті тік еңіс бұрышы көрсетілгенше
қайырыңыз.
– Манипуляторды осы күйде ұстап тұрып, бұғаттау
түймесін (13) қайтадан төмен қарай итеріңіз.
Оң жақ тік еңіс бұрышын реттеу
– Оң жақ жылжымалы тіреуіш планканы (19) алып
тастаңыз.
– Оң жақ тіректі (41), 45° стандартты тік еңіс бұрышы
көрсеткі белгісіне тірелгенше бұраңыз.
Осылайша толық оң жақ қайыру аймағы қолжетімді
болады.
– Бұғаттау түймесін (13) жоғары қарай тартыңыз.
– Реттегіш тұтқаны (21) сәл солға қарай бұраңыз және
манипуляторды тұтқасынан (5) ұстай отырып, бұрыш
индикаторында қажетті тік еңіс бұрышы
көрсетілгенше, оңға қайырыңыз.
– Манипуляторды осы күйде ұстап тұрып, бұғаттау
түймесін (13) қайтадан төмен қарай итеріңіз.
Стандартты тік еңіс бұрышын реттеу (K суретін
қараңыз)
– Оң/сол жақ жылжымалы тіреуіш планканы (19) алып
тастаңыз.
– Бұғаттау түймесін (13) жоғары қарай тартыңыз.
0° стандартты еңіс бұрышы:
– Реттегіш тұтқаны (21) сәл солға бұрап,
манипуляторды, ол шерту дыбысымен 0° позицияға
тірелгенше, оң жақтан 0° позиция үстінен қайырыңыз.
– Бұғаттау түймесін (13) қайтадан төмен қарай итеріңіз.
45°, 33,9° және 22,5° стандартты еңіс бұрыштары:
– Сол немесе оң жақ тіректі (41), қажетті стандартты тік
еңіс бұрышы көрсеткі белгісіне тірелгенше бұраңыз.
– Манипуляторды солға қарай тірелгенше қайырыңыз.
немесе
Реттегіш тұтқаны (21) сәл солға бұрап, манипуляторды
тұтқасынан (5) оңға қарай тірелгенше қайырыңыз.
– Бұғаттау түймесін (13) қайтадан төмен қарай итеріңіз.
Пайдалануға ендіру
Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
u
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет.
Желі қуатына назар аударыңыз! Ток көзінің қуаты
u
электр құралының зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтерге сай болуы қажет. 230 В белгісімен
белгіленген электр құралдармен 220 В жұмыс
істеуге болады.
Аралау алдында бекіткіш тетікті (12) мықтап
u
тартыңыз және бұғаттау түймесін (13) төмен қарай
1 609 92A 88N | (29.03.2023)
итеріңіз. Әйтпесе ара төсемі дайындамада қисаюы
мүмкін.
Қосу (L суретін қараңыз)
– Электр құралын қолданысқа енгізу үшін алдымен
іске қосылудан қорғайтын құлыпты (6) басыңыз.
Содан кейін ажыратқышты (35) толықтай басып, сол
күйде ұстап тұрыңыз.
Нұсқау:Қауіпсіздік себебінен қосқыш/өшіргішті (35)
құлыптауға болмайды, ол жұмыс істеу кезінде басылған
болуы қажет.
Өшіру
– Өшіру үшін қосқыш/өшіргішті (35) жіберіңіз.
Аралау
Жалпы аралау нұсқаулары
Аралау алдында бекіткіш тетікті (12) мықтап
u
тартыңыз және бұғаттау түймесін (13) төмен қарай
итеріңіз. Әйтпесе ара төсемі дайындамада қисаюы
мүмкін.
Барлық кесіктерде алдымен ара дискісі тіреу
u
планкасын, тіреуіш бұранда немесе басқа аспап
бөліктерін тимеуіне көз жеткізіңіз. Мүмкін
орнатылған көмек тіреуіштерін алыңыз немесе
оларды лайықтаңыз.
Аралау дискісін соқтығысудан және соққыдан қорғаңыз.
Аралау дискісін бүйірлік қысымнан сақтаңыз.
Тек тиісті пайдалану үшін рұқсат етілген заттектерді
пайдаланыңыз.
Қисық дайындамаларды өңдемеңіз. Дайындама әрдайым
бағыттауыш панеліне басу үшін тура қырлы болуы керек.
Ұзын және ауыр дайындамалар бос басында басылып
тірелуі керек.
Маятниктік қорғаныш қаптаманың дұрыс жұмыс істеп,
еркін жылжуын қамтамасыз етіңіз. Манипуляторды төмен
қарай бағыттау кезінде, маятниктік қорғаныш қаптама
ашылуы керек. Манипуляторды жоғары қарай бағыттау
кезінде, маятниктік қорғаныш қаптама ара дискісінің
үстінен қайта жабылып, манипулятордың ең жоғарғы
күйінде бекітілуі керек.
Оператордың күйін (M суретін қараңыз)
Электр құралы алдына ара дискісімен бір сызыққа
u
тұрмай, әрдайым ара дискісінен шетте тұрыңыз.
Осылайша денеңіз ықтимал кері соққыдан қорғалады.
– Алақан, бармақ және қолдарыңызды айналатын
аралау дискісінен алыстатыңыз.
– Манипулятор алдында қолдарыңызды айқастырмаңыз.
Жүріспен аралау
– Тарту аспабымен (2) (кең дайындамаларды) кесу үшін
тартылған бекіткіш бұранданы (1) босатыңыз.
– Қажет болса, қалаулы көлденең және/немесе тік еңіс
бұрышын реттеп шығыңыз.
– Дайындаманы (18) және (19) тіреуіш планкаларына
қарай басыңыз.
– Дайындаманы өлшемдерге сәйкес қысыңыз.
Bosch Power Tools