Descargar Imprimir esta página

Bosch Professional GSH 14 C Manual Original página 130

Ocultar thumbs Ver también para Professional GSH 14 C:

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 24
130 | Қазақ
Қосымша тұтқаны (4) кез келген бағытпен қайырып,
қауіпсіз және ыңғайлы жұмыс күйіне реттеуге болады.
– Кедір-бұдырланған гайканы (5) босатып, қосымша
тұтқаны (4) құрылғы осінің айналасында қажетті күйге
бұраңыз да, кедір-бұдырланған гайканы (5) қайтадан
бұрап бекітіңіз.
Қосымша тұтқаны (4) қайта орнатуға болады.
– Ол үшін кедір-бұдырланған гайканы (5) толық бұрап
шығарып, сонан соң алты қырлы бұранданы жоғары
қарай тартып шығарыңыз.
– Қосымша тұтқаны (4) бүйірге бұрап шығарып, қалған
қысқыш бөлігін 180° шамасына бұраңыз.
– Қосымша тұтқаны (4) кері реттілік бойынша
орнатыңыз.
Құралды алмастыру
Hex құрал бекіткішінің көмегімен алмалы-салмалы
аспапты қосымша құралдарды пайдаланбай оңай және
тез алмастыруға болады.
Шаңнан қорғайтын қаптама (6) жұмыс кезінде бұрғылау
шаңының құрал бекіткішіне кіріп кетуіне жол бермейді.
Құралды орнату кезінде шаңнан қорғайтын
қаптаманың (6) зақымдалмағанына көз жеткізіңіз.
Зақымдалған шаңнан қорғайтын қаптаманы дереу
u
алмастыру керек. Бұл жұмысты қызмет көрсету
орталығында орындауға кеңес беріледі.
Алмалы-салмалы аспапты енгізу (A суретін қараңыз)
– Алмалы-салмалы аспаптың жалғанатын ұшын тазалап,
аздап майлаңыз.
– Құлыптау төлкесін (8) артқа жылжытып, алмалы-
салмалы аспапты құрал бекіткішіне бұрап енгізіңіз.
Құлыптау төлкесін (8) қайта жіберіп, алмалы-салмалы
аспапты бұғаттаңыз.
– Құралдың бекітілуін тартып тексеріңіз.
Алмалы-салмалы аспапты шығару (B суретін
қараңыз)
– Бекіткіш төлкені (8) артқа қарай жылжытып, алмалы-
салмалы аспапты шығарыңыз.
Күй көрсеткіштері
Электр құралының күйі
Мағынасы
индикаторы
(пайдаланушы
интерфейсі) (9)
Электр құралы өшірулі
Жасыл
Электр құралы қосулы және пайдалануға
дайын
Сары
Ескерту хабары
Қызыл
Қате туралы хабар
Көк түспен жыпылықтайды
Электр құралы Bluetooth
мобильді құрылғымен байланыстырылған
1 609 92A 7FT | (12.01.2023)
Шаңды/жоңқаны сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандармен
өңделуі керек.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Пайдалану
Іске қосу
Желі қуатына назар аударыңыз! Ток көзінің қуаты
u
электр құралының зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтерге сай болуы қажет. 230 В белгісімен
белгіленген электр құралдармен 220 В жұмыс
істеуге болады.
Қосу-өшіру
– Электр құралын іске қосу үшін ажыратқышты (2) "I"
күйіне жылжытыңыз.
– Электр құралын өшіру үшін ажыратқышты (2) "0"
күйіне жылжытыңыз.
Төмен температураларда электр құралы белгілі уақыт
өткеннен кейін толық қағу қуатына қол жеткізеді. Осы іске
қосу кезеңін электр құралына орнатылған алмалы-
салмалы аспапты бір рет еденге қағу арқылы қысқартуға
болады.
Пайдаланушы интерфейсі (C суретін қараңыз)
Пайдаланушы интерфейсі (3) электр құралының жұмыс
режимін таңдау және күйін көрсету үшін пайдаланылады.
Шешімі
Смартфондағы хабарды оқып шығу
Смартфондағы хабарды оқып шығу
®
арқылы ақырғы
Bosch Power Tools

Publicidad

loading