Descargar Imprimir esta página

Bosch PBH 2200 RE Manual Original página 135

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 26
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналмауын
u
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Saugfix көмегімен шаң сору (керек-жарақ)
Сорғыш құрылғыны орнату (E суретін қараңыз)
Шаң сору үшін Saugfix (керек-жарақ) қажет болады.
Бұрғылау кезінде Saugfix артқа серпіледі, осылайша
Saugfix бастиегі әрдайым түбінде болады.
– Тереңдік шектегішін реттеу түймесін (10) басып,
тереңдік шектегішін (13) шығарып алыңыз. (10)
түймесін қайтадан басып, Saugfix тетігін алға қарай
қосымша тұтқаға (12) орнатыңыз.
– Сорғыш шлангіні (диаметрі 19 мм, керек-жарақ)
Saugfix кіріс саңылауына (17) жалғаңыз.
Шаңсорғыш өңделетін дайындамаға сәйкес келуі тиіс.
Денсаулыққа зиянды, обыр туғызатын немесе құрғақ
шаңдар үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Saugfix арқылы бұрғылау тереңдігін реттеу (F суретін
қараңыз)
Қажетті бұрғылау тереңдігін X Saugfix орнатылған кезде
де реттеуге болады.
– SDS-plus алмалы-салмалы аспабын SDS-plus құрал
бекіткішіне (2) тірелгенше жылжытыңыз. Кері
жағдайда SDS-plus құралының жылжу әрекеттері қате
бұрғылау тереңдігінің орнатылуына әкелуі мүмкін.
– Saugfix тетігіндегі қатпарлы бұранданы (21) бұрап
босатыңыз.
– Электр құралын қоспай жұмыс бетіне тұрақты етіп
орнатыңыз. Бұл ретте SDS-plus алмалы-салмалы
аспабы бетке қонуы тиіс.
– Saugfix бағыттауыш құбырын (22) ұстағышында
Saugfix бастиегі бұрғыланатын бетте орналасатындай
етіп жылжытыңыз. Телескоптық құбырдағы (20)
шкаланың көп бөлігі көрінуі үшін, бағыттауыш
құбырды (22) телескоптық құбырда (20) одан ары
жылжытпаңыз.
– Қатпарлы бұранданы (21) қайтадан бұрап бекітіңіз.
Saugfix тереңдік шектегішіндегі қысқыш бұранданы
(18) бұрап босатыңыз.
– Телескоптық құбырдағы (20) тереңдік шектегішін (19)
суретте көрсетілген X арақашықтығы қажетті бұрғылау
тереңдігіне сәйкес болатындай етіп жылжытыңыз.
– Қысқыш бұранданы (18) осы күйде бұрап бекітіңіз.
Пайдалану
Іске қосу
Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
u
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет. 230 В белгісімен
Bosch Power Tools
белгіленген электр құралдармен 220 В жұмыс
істеуге болады.
Жұмыс режимін орнату
Электр құралының жұмыс режимін таңдау үшін соққыны/
айналуды тоқтату қосқышын (9) пайдаланыңыз.
– Жұмыс режимін ауыстыру үшін соғуды/айналуды
тоқтату қосқышын (9) қажетті күйге бұраңыз.
Нұсқау: жұмыс режимін электр құралы өшірулі тұрғанда
ғана өзгертіңіз! Әйтпесе электр құралына зақым келуі
мүмкін.
Бетон немесе тас бойынша соққымен
бұрғылау күйі
Ағаш, металл, керамика және пластмасса
бойынша соққысыз бұрғылау және бұрау
күйі
Қашау күйін реттеуге арналған Vario Lock
күйі
Бұл күйде соққыны/айналуды тоқтату
қосқышы (9) бекітілмейді.
Қашау күйі
Айналу бағытын реттеу (G суретін қараңыз)
Айналу бағытын ауыстырып-қосқыштың (6) көмегімен
электр құралының айналу бағытын өзгертуге болады.
Алайда ажыратқыш (8) басылғанда осы әрекетті орындау
мүмкін емес.
Айналу бағытын ауыстырып-қосқышты (6) электр
u
құралы тоқтап тұрғанда ғана пайдаланыңыз.
Соққымен бұрғылау, бұрғылау және қашау үшін айналу
бағытын әрдайым оңға айналу күйіне реттеңіз.
– Оңға айналу: бұрғылау және бұрандаларды бұрап
кіргізу үшін айналу бағытын ауыстырып-қосқышты (6)
солға қарай тірелгенше итеріңіз.
– Солға айналу: бұрандалар мен гайкаларды босату
немесе бұрап шығару үшін айналу бағытын
ауыстырып-қосқышты (6) оңға қарай тірелгенше
итеріңіз.
Қосу/өшіру
– Электр құралын қосу үшін қосу/өшіру ауыстырып-
қосқышын (8) басыңыз.
– Ажыратқышты (8) бұғаттау үшін оны басып тұрып,
бекіту түймесін (7) қосымша басыңыз.
– Электр құралын өшіру үшін ажыратқышты (8)
жіберіңіз. Ажыратқыш (8) бұғатталған кезде, оны
алдымен басып, сонан соң жіберіңіз.
Қазақ | 135
1 609 92A 86G | (13.07.2022)

Publicidad

loading

Este manual también es adecuado para:

Pbh 2200 srePbh 2600 rePbh 2600 sre3 603 c44 43 603 b44 4