Descargar Imprimir esta página

Bosch GLI 18V-2200 C Professional Manual Original página 103

Ocultar thumbs Ver también para GLI 18V-2200 C Professional:

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 21
Аккумуляторлық шамды пайдалану кезінде
u
шамның жарық бастиегін жаппаңыз. Пайдалану
кезінде шамның жарық бастиегі қызады және әбден
қызса, күйіп қалуға әкелуі мүмкін.
Аккумулятор зақымдалған немесе дұрыс
u
пайдаланылмаған жағдайда, одан бу шығуы
мүмкін. Аккумулятор жанып немесе жарылып
қалуы мүмкін. Таза ауа ішке тартыңыз және
шағымдар болса, дәрігердің көмегіне жүгініңіз. Бу
тыныс алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін.
Аккумулятор дұрыс пайдаланылмаған немесе
u
зақымдалған жағдайда, аккумулятордан сұйықтық
ағуы мүмкін. Оған тимеңіз. Кездейсоқ теріге
тигенде, сол жерді сумен шайыңыз. Сұйықтық
көзге тисе, медициналық көмек алыңыз.
Аккумулятордағы сұйықтық теріні тітіркендіруі немесе
күйдіруі мүмкін.
Шеге немесе бұрауыш сияқты ұшты заттар немесе
u
сыртқы әсер арқылы аккумулулятор зақымдануы
мүмкін. Бұл қысқа тұйықталуға алып келіп,
аккумулятор жануы, түтін шығаруы, жарылуы немесе
қызып кетуі мүмкін.
Пайдаланылмайтын аккумуляторды түйіспелерді
u
тұйықтауы мүмкін қыстырғыштардан,
тиындардан, кілттерден, шегелерден, винттерден
және басқа ұсақ темір заттардан сақтаңыз.
Аккумулятор түйіспелерінің арасындағы қысқа
тұйықталу күйіктерге немесе өртке әкелуі мүмкін.
Аккумуляторды ашпаңыз. Қысқа тұйықталу қауіпі
u
бар.
Аккумуляторды, жылудан, сондай-ақ,
мысалы, үздіксіз күн жарығынан, оттан,
кірден, судан және ылғалдан қорғаңыз.
Жарылыс және қысқа тұйықталу қаупі
туындайды.
Аккумуляторлық батареяны тек өндіруші
u
көрсеткен зарядтау құрылғысымен зарядтаңыз.
Зарядтау құрылғысы белгілі бір аккумуляторлар түріне
арналған, оны басқа аккумуляторларды зарядтау үшін
пайдалану өрт қаупін тудырады.
Аккумуляторды тек өндіруші өнімдері үшін
u
пайдаланыңыз. Сол арқылы аккумуляторды қауіпті,
артық жүктеуден сақтайсыз.
ЕСКЕРТУ
Түймелі элемент балалардың
қолына түспеуін қамтамасыз
етіңіз. Түймелі элементтер қауіпті.
Түймелі элементтерді еш жағдайда жұтуға немесе
u
денеге басқа жолдармен кіргізуге болмайды.
Түймелі элемент жұтылған немесе денеге басқа
жолмен кіріп кеткен жағдайда, дереу дәрігерге
жолығыңыз. Түймелі элементтің жұтылуы 2 сағат
ішінде іштей қатты күюге және өлімге әкелуі мүмкін.
Bosch Power Tools
Түймелі элементті алмастыру кезінде әрекеттің
u
дұрыс орындалғанына көз жеткізіңіз. Жарылыс
қаупі бар.
Тек осы пайдалану бойынша нұсқаулықта
u
көрсетілген түймелі элементтерді пайдаланыңыз.
Басқа түймелі элементтерді немесе басқа қуат
көздерін пайдаланбаңыз.
Кіші батареяларды зарядтауға тырыспаңыз,
u
оларды қысқа тұйықтауға әрекет жасамаңыз. Кіші
батарея ағып кетуі, жарылуы, жануы және адамдарды
жарақаттауы мүмкін.
Заряды қалмаған кіші батареяларды тиісті ретте
u
алып тастап кәдеге жаратыңыз. Заряды қалмаған
батареялар тығыз болмай қалып өнімді зақымдауы
немесе адамдарды жарақаттауы мүмкін.
Кіші батареяны артық қыздырмаңыз және алауға
u
тастамаңыз. Кіші батарея ағып кетуі, жарылуы, жануы
және адамдарды жарақаттауы мүмкін.
Кіші батареяны зақымдамаңыз және кіші
u
батареяны ажыратпаңыз. Кіші батарея ағып кетуі,
жарылуы, жануы және адамдарды жарақаттауы
мүмкін.
Зақымдалған кіші батареяны суға тигізбеңіз.
u
Шығатын литий сутек жасап өрт, жарылыс немесе
адамдар жарақаттануына алып келуі мүмкін.
Егер батарея бөлімшесінің қақпағы юасқа
u
жабылмаса аккумуляторлық фонарьды басқа
пайдаланбай кіші батареяны шығарып
аккумуляторлық фонарьді жөндетіңіз.
Аккумуляторлық фонарьдың Bluetooth® арқылы
u
мақсатты және/немесе тиісті түрде
басқарылмайтынына көз жеткізіңіз. Bosch
қолданбасының көмегімен PIN код тағайындаңыз.
Аккумуляторлық фонарь радиоинтерфейспен
u
жабдықталған. Жергілікті пайдалану шектеулерін,
мысалы, ұшақтарда немесе емханаларда
ескеріңіз.
Мысалы, тасымалдау кезінде радиоинтерфейсті
u
ажыратып қойыңыз. Радиоинтерфейсті ажырату
үшін түймешікті ұяшық пен аккумуляторды алыңыз.
Аккумуляторлық шам қосудан алдын Bosch
u
қолданбасы арқылы аккумуляторлық шам көрінуін
және барлық қауіпсіздік әрекеттері жасалғанын
қамтамасыз етіңіз.
Жұмыс орнында шаңның жиналмауын
u
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Пайдаланылмайтын аккумуляторлық шамдарды
u
балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
Аккумуляторлық шаммен таныс емес немесе осы
нұсқауларды оқымаған адамдарға оны
пайдалануға жол бермеңіз. Аккумуляторлық шамдар
тәжірібесіз адамдардың қолында қауіпті болады.
Тұтқаны тек аккумуляторлық шамды тасымалдау
u
және туралау үшін қолданыңыз. Радиатор жұмыс
кезінде қызып кетуі мүмкін.
Қазақ | 103
1 609 92A 9JN | (06.05.2024)

Publicidad

loading

Este manual también es adecuado para:

0 601 446 501