Descargar Imprimir esta página

Bosch GAS 15 PS Professional Manual Original página 145

Ocultar thumbs Ver también para GAS 15 PS Professional:

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 30
Нұсқау: Резеңке жиектерінің құрылымды жағы сыртқа
көрсетуі керек.
Ылғалды сүзгіні салыңыз (ылғалды сору)
(E1–E2 суреттерін қараңыз)
Су мен қатты заттек қоспаларын соруда оңай тастау үшін
сорғышта ылғалды сүзгі бар (20), ол сұйықтықты ақты
зеттектерден ажыратады.
– Құлыптарды (8) ашып шаңсорғыштың жоғары бөлігін
(7) ашыңыз.
– Сүзгі ұстағышын (29) тірелгенше бұрау бағытында
бұрап сүзгі ұстағышын бас сүзгімен (19) сорғыш
жоғарғы бөлігін (7) алыңыз.
– Ылғалды сүзгіні (20) сүзгі қорабынан (30) қайырып
қойыңыз.
– Шаңсорғыштың жоғары бөлігін (7) орнатып
құлыптарды (8) жабыңыз.
Пайдалану
Құрылғыны реттеу, жабдық бөлшектерін
u
алмастыру немесе шаңсорғышты алып қоюдан
алдын айырды розеткадан шығарыңыз. Осы сақтық
шарасы шаңсорғыштың байқаусыз қосылуына жол
бермейді.
Шаңсорғышты пайдаланған кезде оны кенет домалап
кетуден қорғау үшін шаңсорғыштағы реттегіш
роликтердің бұғатталғанына көз жеткізіңіз. Роликтердің
жұмысқа қабілеттілігін тиісті бетпен жұмыс істеу алдында
сынап көріңіз.
Пайдалануға ендіру
Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
u
шаңсорғыштың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет.
Еліңізде денсаулыққа зиянды шаңдар бойынша
u
қолданылатын ереже/заңдар туралы мәлімет
алыңыз.
Шаңсорғышты төмендегі материалдарды шаңсору үшін
пайдалануға болады:
3
– Экспозиция шегі > 1 мг/м
болатын шаңды сору
Шаңсорғышты ешқашан жарылу қаупі бар бөлмелерде
пайдаланбаңыз.
Оңтайлы сору қуатын қамтамасыз ету үшін сорғыш
шлангіні (16) шаңсорғыш жоғарғы бөлігінен (7) толық
алыңыз.
Құрғақ сору
Нұсқау: құрғақ сору кезінде басты сүзгінің (19)
сорғышқа салынғанына көз жеткізіңіз.
Жиналған шаңды сору
– Шаңсорғышты іске қосу үшін жұмыс
режимдерін ауыстырып-қосқышты (4)
"Cору" белгісіне жылжытыңыз.
Bosch Power Tools
– Шаңсорғышты өшіру үшін жұмыс
режимдерін ауыстырып-қосқышты (4)
"Өшіру" белгісіне жылжытыңыз.
Жұмыс істеп тұрған электр құралдарынан шыққан
шаңды сору (GAS 15 PS) (F суретін қараңыз)
Ауа бөлмеге қайтып оралса, бөлмеде жеткілікті ауа
u
алмасу дәрежесі болуы керек. Тиісті заңдарға
назар аударыңыз.
Шаңсорғышқа жерге қосылған розетка (3) кіріктірілген.
Осы жерге сыртқы электр құралын жалғауға болады.
Жалғанған электр құралының максималды рұқсат етілген
қосылым қуатына назар аударыңыз.
– Сору адаптерін (14) орнатыңыз.
– Сору адаптерін (14) электр құралының сору келте
құбырына салыңыз.
Нұсқау: сорғыш шлангіге ауа кірісі аз болған электр
құралдарымен жұмыс істегенде (мысалы, жұқа ара,
ажарлағыш және т.б.), сору адаптеріндегі (14) қосымша
ауа саңылауы (31) ашық болуы тиіс. Тек осылайша сүзгіні
жартылай автоматты түрде тазалау функциясы ақаусыз
жұмыс істей алады.
Ол үшін сақинаны қосымша ауа саңылауы (31) арқылы
саңылау барынша ашылғанша бұраңыз.
– Шаңсорғыштың іске қосу/тоқтату
автоматикасын қолданысқа енгізу
үшін жұмыс режимдерін ауыстырып-
қосқышты (4) "Іске қосу/тоқтату
автоматикасы" белгісіне орнатыңыз.
– Шаңсорғышты қолданысқа енгізу үшін розеткаға (3)
жалғанған электр құралын іске қосыңыз. Шаңсорғыш
автоматты түрде іске қосылады.
– Электр құралын өшіріп, соруды тоқтатыңыз.
Сорғыш шлангіден қалған шаңды сорып алу үшін іске
қосу/тоқтату автоматикасы 6 секундқа дейін қосымша
әрекет етеді.
– Шаңсорғышты өшіру үшін жұмыс
режимдерін ауыстырып-қосқышты (4)
"Өшіру" белгісіне орнатыңыз.
Ылғал шаңсору
Шаңсорғышпен бензин, май, спирт, еріткіштер
u
сияқты жанғыш немесе жарылғыш
сұйықтықтарды соруға болмайды. Ыстық, жанып
тұрған немесе жарылғыш шаңды соруға
болмайды. Шаңсорғышты жарылу қаупі бар
жайларда пайдалануға болмайды. Шаң, бу немесе
сұйықтықтар тұтануы немесе жарылуы мүмкін.
Шаңсорғышты сорғы ретінде пайдалануға
u
болмайды. Шаңсорғыш ауа және су қоспасын соруға
арналған.
Нұсқау: Ылғалды соруда бас сүзгі (19) сорғыштан
алынғанына көз жеткізіңіз.
Ылғал шаңсору алдындаңы жұмыс қадамдары
– Құлыптарды (8) ашып шаңсорғыштың жоғары бөлігін
(7) ашыңыз.
Қазақ | 145
1 609 92A 9KF | (18.04.2024)

Publicidad

loading