Descargar Imprimir esta página

Bosch GAS 15 PS Professional Manual Original página 146

Ocultar thumbs Ver también para GAS 15 PS Professional:

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 30
146 | Қазақ
– Сүзгі ұстағышын (29) тірелгенше бұрау бағытында
бұрап сүзгі ұстағышын бас сүзгімен (19) сорғыш
жоғарғы бөлігін (7) алыңыз.
– Керек болса, (18) пластик қабын немесе шаң қабын
алып тастаңыз.
– Ылғалды сүзгіні (20) сүзгі қорабынан (30) қайырып
қойыңыз.
– Шаңсорғыштың жоғары бөлігін (7) орнатып
құлыптарды (8) жабыңыз.
– Резеңке жиегін (22) едендік қондырмаға (24)
салыңыз.
Сұйықтықтарды сорып алу
– Шаңсорғышты іске қосыңыз (жұмыс режимдерін
ауыстырып-қосқыш (4) "Сору" белгісінде).
Шаңсорғыш қалтқымен жабдықталған. Максималды
толтыру биіктігіне жеткен кезде, сору тоқтатылады.
– Жұмыс режимдерін ауыстырып-қосқышты (4) "Өшіру"
белгісіне жылжытыңыз.
– Контейнерді (1) босатыңыз.
Ылғалды сорудан кейін зең басуды болдырмау үшін:
– Сорғыштың жоғарғы бөлігін (7) алып тастаңыз және
жақсылап кептіріңіз.
– Ылғалды сүзгіні (20) шығарып алыңыз және
қажетінше жақсылап кептіріңіз.
Жарты автоматты сүзгі тазалау (G суретін
қараңыз)
Сору қуаты жеткіліксіз болса, сүзгіні тазалау қажет.
Сүзгіні тазалау жиілігі шаң түрі мен көлеміне байланысты.
Жүйелі түрде пайдаланса, максималдық қуат ұзақ
сақталады.
Сүзгіні жартылай автоматты тазалау (SFC) кезінде шаң
отырып ауа ағыны ауысқандықтан жалпақ, жиналатын
сүзгінің панельдері тазаланады.
Беті ластанған қатпарлы сүзгі толық істейді. Жалпақ
қатпарлы сүзгіні қағып немесе үрлеп тазарту керек емес,
ол және сүзгіні зақымдау мүмкін.
SFC сүзгіні тазалауды іске қосу
– Алақанмен қақпақ тесігін немесе сору шлангысының
тесігін жабыңыз.
– SFC ауыстырып-қосқышын (6) 5 рет басыңыз.
Техникалық күтім және қызмет
Техникалық қызмет көрсету және тазалау
Құрылғыны реттеу, жабдық бөлшектерін
u
алмастыру немесе шаңсорғышты алып қоюдан
алдын айырды розеткадан шығарыңыз. Осы сақтық
шарасы шаңсорғыштың байқаусыз қосылуына жол
бермейді.
Дұрыс және сенімді істеуі үшін шаңсорғыш пен
u
желдеткіш саңылауларын таза ұстаңыз.
1 609 92A 9KF | (18.04.2024)
Егер байланыс сымын алмастыру қажет болса,
қауіпсіздіктің төмендеуіне жол бермеу үшін осы жұмыс
тек Bosch компаниясы немесе Bosch электр құралдары
бойынша өкілетті қызмет көрсету орталықтарында
жүргізілуі тиіс.
Шаңсорғышты күту немесе тазалауда шаңтұтқыш
u
маскасын киіңіз.
Сорғыштың корпусын мезгіл-мезгіл дымқыл шүберекпен
тазалап тұрыңыз.
Сорғышты сығылған ауамен тазаламаңыз. Сүзгі
u
немесе басқа да құрамдастар зақымдалуы мүмкін.
Жылына кем дегенде бір рет өндіруші немесе тапсырыс
алған тұлға шаңға қатысты тексеру жұмыстарын
орындауы қажет (мысалы, сүзгіде зақымдардың бар-
жоғын, сорғыштың саңылаусыздығын және бақылау
құрылғыларының ақаусыз жұмысын тексеру).
Денсаулыққа зиянды заттектерді сорғаннан кейін
тазалау және техникалық қызмет көрсету
– Денсаулыққа зиянды заттектермен жанасқан болуы
мүмкін барлық бөлшектерді ластанған деп есептеңіз.
– Сорғышты денсаулыққа зиянды заттектер бар
аймақтан шығармас бұрын оның сыртын мұқият
шаңсорғышпен тазалаңыз, сүртіңіз немесе
саңылаусыз етіңіз.
– Өзіңіз бен басқа адамдар үшін қауіп төнбеген жағдайда
ғана сорғышты тазалаңыз, бөлшектеңіз және оған
техникалық қызмет көрсетіңіз. Техникалық қызмет
көрсету және тазалау кезінде жеке қорғаныс
жабдығын киіп жүріңіз. Жұмыстарды жақсы
желдетілген жерде өткізіңіз.
– Сорғышты бөлшектемес бұрын алдымен оның сыртын
тазалап шығыңыз.
– Шаңсорғыштың тиісінше тазалау мүмкін болмайтын
кез келген бөлшектерін өткізбейтін қаптарға салып
кәдеге жаратыңыз. Бұл ретте осындай қалдықтарды
кәдеге жарату бойынша қолданыстағы ережелерді
сақтаңыз.
– Жұмыстарды аяқтағаннан кейін техникалық қызмет
көрсету аймағын тазалап шығыңыз.
Сүзгіні тазалау
Шаң ыдысын жүйелік ретте босату және сүзгіні тазалау
оптималды сору қуатын қамтамасыз етеді. Егер сору
қуаты жетілмесе шаңсорғышты қызмет көрсету
шеберханасына апару керек.
Сүзгіні тазалау/алмастыру (H1-H2 суреттерін
қараңыз)
Зақымдалған қатпарлы сүзгіні бірден алмастырыңыз.
– Сүзгі ұстағышын (29) тірелгенше бұрау бағытында
бұрап сүзгі ұстағышын бас сүзгімен (19) сорғыш
жоғарғы бөлігін (7) алыңыз.
– Ластанған/зақымданған бас сүзгіні (19) сүзгі
тазалағышынан (29) тартып алыңыз.
– Бас сүзгінің пластиналарын (19) жұмсақ қылшықпен
тазалаңыз.
немесе
Зақымдалған бас сүзгіні (19) алмастырыңыз.
Bosch Power Tools

Publicidad

loading