STERWINS 40VCS2-34.1 Instrucciones De Montaje página 215

Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 33
• Ылғал жерде электр құралын пайдалануға тура келсе, қорғанысты
өшіру құрылғысымен (ҚӨҚ) қорғалған жабдықты пайдаланыңыз. ҚӨҚ
құрылғысын пайдаланғанда, электр тогының соғу қаупі азаяды.
2.7 ЖЕКЕ ҚАУІПСІЗДІК
• Электр құралын пайдаланған кезде абай болыңыз, іс-əрекетіңізге
байыптылықпен қарап, зейін қойыңыз. Шаршап тұрсаңыз немесе
есірткі, ішімдік не дəрі-дəрмек қабылдаған болсаңыз, электр құралын
пайдаланбаңыз. Электр құралдарын пайдаланған кезде, зейін қоймау
салдарынан ауыр дене жарақатын алуыңыз мүмкін.
• Жеке қорғаныс жабдығын пайдаланыңыз. Қорғаныс көзілдірігін
үнемі тағып жүріңіз. Шаңнан қорғайтын маска, сырғанамайтын арнайы
аяқ киім, берік каска немесе есту мүшесін қорғайтын құрал сияқты қорғаныс
жабдығын сəйкес жағдайларда пайдаланғанда, жеке жарақат алу қаупі
азаяды.
• Электр құралының абайсызда іске қосылуына жол бермеңіз. Қуат
көзіне жəне/немесе батареяға қоспас бұрын, құралды жинамай
не тасымалдамай тұрып, ауыстырып-қосқыштың өшірулі күйде
болуына көз жеткізіңіз. Электр құралдарын ауыстырып-қосқышынан
ұстап тасымалдау немесе ауыстырып-қосқыш қосулы күйде қуаттандыру
салдарынан оқыс оқиғалар орын алуы мүмкін.
• Электр құралын іске қоспас бұрын, реттегіш кілтті немесе сомынды
бұрайтын кілтті алып тастаңыз. Электр құралының айналатын бөлігінде
бекітулі күйде қалған реттегіш кілт немесе сомынды бұрайтын кілт дене
жарақатына əкелуі мүмкін.
• Қатты күш жұмсамаңыз. Үнемі тұрақты қалыпта тұрыңыз жəне тепе-
теңдік сақтаңыз. Бұл кездейсоқ жағдайларда электр құралын дұрыс
басқаруға мүмкіндік береді.
• Тиісті түрде киініңіз. Кең киім кимеңіз немесе əшекей тақпаңыз.
Шашыңызды, киіміңізді жəне қолғабыңызды жылжымалы
бөлшектерден алшақ ұстаңыз. Кең киім, əшекей немесе ұзын шаш
жылжымалы бөлшектерге ілініп қалуы мүмкін.
• Құралдармен бірге шаң сору жəне шаң жинау жүйесі қамтамасыз
етілсе, олардың дұрыс жалғанып, пайдаланылатынына көз жеткізіңіз.
Шаңсорғыштарды пайдалану шаңға қатысты қауіптерді азайтады.
2.8 ЭЛЕКТР ҚҰРАЛЫН ПАЙДАЛАНУ ЖƏНЕ ОҒАН КҮТІМ КӨРСЕТУ
• Электр құралына артық жүктеме түсірмеңіз. Жұмысыңыз үшін дұрыс
электр құралын пайдаланыңыз. Дұрыс электр құралы өзінің арнайы
жылдамдығында жұмысты едəуір тиімді əрі қауіпсіз түрде орындайды.
215
FR
ES
PT
IT
EL
PL
RU
KZ
UA
RO
BR
EN

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido