STERWINS 40VCS2-34.1 Instrucciones De Montaje página 223

Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 33
2. Реттеу қажет болса, шинаны реттеудің құлыптау тұтқасын бір толық айналыммен
босатыңыз.
3. Ара шынжырының керілісін реттеу үшін шынжырды керу дөңгелегін айналдырыңыз.
Дөңгелекті жоғарыға қарай айналдыру керілісті арттырады, ал төменге қарай айналдыру
керілісті азайтады. Дұрыс керілген шынжырда иілген жер болмау керек жəне араның
шинасынан тек 3 мм-ге дейін тартылатындай болуы керек,
4. Шынжыр дұрыс керілгеннен кейін, құлыптау тұтқасын қатайтыңыз. Шынжырды қатты
кермеңіз: бұл қатты тозуға əкеп соғады жəне шина мен шынжырдың қызмет ету мерзімін
азайтады.
Ескертпе: Қауіпсіз жұмысты қамтамасыз ету үшін ара
шынжыры тиісті түрде керілген болуы керек.
Ара шынжырын шина ортасынан 3 мм-ге көтеру мүмкін болса, шынжыр орнықты керілген
деген сөз. Жұмыс барысында ара шынжыры қызатын болғандықтан, оның ұзындығы өзгеріп
тұрады. Шынжыр керілісін жұмыс барысында 10 минут сайын тексеріп отырыңыз жəне қажет
болған жағдайда, əсіресе, жаңа ара шынжырларын реттеп отырыңыз. Ара шынжыры суыған
кезде, қысқаратындықтан, оны босатыңыз. Бұлай істеу арқылы шынжырдың қызмет ету
мерзімін ұзартуға жəне зақымдануды болдырмауға болады.
4.3 ДАЙЫНДЫҚ
Əр пайдаланар алдында қауіпсіз жұмыс жағдайларын қамтамасыз ету үшін төмендегі
элементтерді тексеріңіз.
Шынжырлы ара:
Жұмысты бастамас бұрын, шынжырлы араның корпусына, ара шынжыры мен шинасына
зақым келмегенін тексеріңіз. Зақымдалған құрылғыны пайдаланбаңыз.
Шынжырды майлау :
Май шанындағы май деңгейін тексеріңіз. Сондай-ақ жұмыс кезінде майдың жеткілікті болуын
тексеріңіз. Егер онда май жоқ болса немесе май мөлшері минималды май деңгейінің
белгісінен төмен болса, шынжырлы араға зақым келтірмеу үшін араны пайдаланбаңыз.
Орташа алғанда, бір реттік толтырылған май шамамен 10 минуттық кесу жұмысына жеткілікті
(үзілістердің ұзақтығы мен өңделетін бұйымның тығыздығына байланысты).
Ара шынжыры:
Ара шынжырының керілісі мен күйін тексеріңіз. Ара шынжыры неғұрлым өткір болса, жұмысты
орындау соғұрлым оңай əрі жеңіл болады. Бұл шынжыр керілісіне де қатысты. Қауіпсіздікті
арттыру үшін керілісті жұмыс барысында əр 10 минут сайын тексеріп отырыңыз. Əсіресе,
жаңа ара шынжырлары жұмыс барысында пайда болатын қызу əсерінен өзгеруі мүмкін.
Қауіпсіздік жабдығы мен қорғаныс киімі:
Қорғаныс шалбары, қолғап жəне қорғаныс аяқ киімі секілді қолайлы, денеде тығыз тұратын
қорғаныс киімін киіңіз. Жерге құлап түсетін бұтақтардан қорғану үшін құлаққа арналған
қорғаныс құралы мен бетке арналған қорғаныс маскасы бар қорғаныс каскасын киіңіз.
Шашты иық деңгейінен жоғары болатындай етіп жинаңыз.
Өніммен жұмыс істегенде келесі қорғаныс киімі мен қауіпсіздік жабдығын пайдаланыңыз:
- Күнқағары бар каска мен мойын сақтандырғышы
- Құлақ қорғанысы
- Дем алу маскасы
- Мақұлданған ара қорғанысы бар қолғап
- Мақұлданған ара қорғанысы бар денебітімді қорғаныс шалбары
- Мақұлданған ара қорғанысы бар болат тұмсықты аяқ киім
- Жарақат алған жағдайда қажет алғашқы жəрдем жинағы.
223
FR
ES
PT
IT
EL
PL
RU
KZ
UA
RO
BR
EN

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido