Жабдықтау Жұмыстары - Hilti BX 3-ME Manual De Instrucciones

Ocultar thumbs Ver también para BX 3-ME:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 63
4.3
Шуыл туралы ақпарат және діріл мәні
Осы нұсқауларда көрсетілген дыбыс қысымы мен діріл мәндері стандартты өлшеу әдістеріне сәйкес
өлшенген және басқа электр құралдарымен салыстыру үшін пайдаланылуы мүмкін. Сонымен бірге,
ол экспозицияны алдын ала бағалау үшін жарайды. Көрсетілген деректер электр құралының негізгі
қолданысын білдіреді. Алайда егер электр құралы басқа мақсаттарда, басқа жұмыс аспаптарымен
қолданылса немесе оған қанағаттандырмайтын техникалық қызмет көрсетілсе, деректер өзгеше болуы
мүмкін. Осының салдарынан аспаптың бүкіл жұмыс істеу кезеңінде экспозиция айтарлықтай артуы
мүмкін. Экспозицияны дәл анықтау үшін аспап сөндірілген күйде немесе бос жұмыс істейтін уақыт
аралықтарын да ескеру керек. Осының салдарынан аспаптың бүкіл жұмыс істеу кезеңінде экспозиция
айтарлықтай азаюы мүмкін. Пайдаланушыны пайда болатын шуылдан және/немесе дірілден қорғау
үшін қосымша сақтық шараларын қолданыңыз, мысалы: электр аспабына және жұмыс аспаптарына
техникалық қызмет көрсету, қолдардың жылуын сақтау, жұмыс процестерін дұрыс ұйымдастыру.
Шуыл және діріл туралы ақпарат (EN 60745­2­16 стандарты бойынша өлшенген)
A санаты бойынша өлшенген әдеттегі шуыл күшінің деңгейі, L
(бетон мен болатта шегелеу кезінде)
A санаты бойынша өлшенген әдеттегі шуылдың эмиссиялық
қысым деңгейі, L
(бетон мен болатта шегелеу кезінде)
pA
Жоғарыда берілген шуыл деңгейлерінің дәлсіздігі, К
Бір осьті жалпы діріл мәні (Z бағытында)
Дірілдің эмиссиялық көрсеткіші, a
кезінде)
Дәлсіздік, К
5
Жабдықтау жұмыстары
5.1
Аккумуляторды зарядтау
1. Аккумуляторды шығарыңыз. → Бет 390
2. Аккумуляторды зарядтағыш құрылғының пайдалану бойынша нұсқаулығындағы мәліметтер
бойынша зарядтаңыз.
5.2
Аккумуляторды енгізу
Аккумулятордың максималды қызмет ету мерзіміне жету үшін, аккумулятор заряды біткен кезде
алмастырылатын акккумуляторды зарядталған аккумулятормен алмастырыңыз.
1. Аккумулятор мен аспаптағы контактілерде бөгде заттардың жоқ екендігіне көз жеткізіңіз.
2. Аккумуляторды орнатып, бекітілуі естілмегенше басыңыз.
◁ Аккумулятор орнатылған кезде, зарядтау күйін көрсететін жарық диодтар қысқа мерзімде
жанады.
АБАЙЛАҢЫЗ
Аккумулятордың құлауынан болатын қауіп. Егер аккумулятор қате құлыптанған болса, ол жұмыс
барысында құлап қалуы мүмкін.
▶ Аккумулятордың берік орнатылғанына әрдайым назар аударыңыз.
3. Аккумулятор қондыру құралының ішіне берік орнатылғанын тексеріңіз.
5.3
Аккумуляторды шығару
1. Қондыру құралын өшіріңіз. → Бет 392
2. Босату түймелерінің екеуін де басыңыз да, ұстап тұрыңыз.
3. Аккумуляторды аспаптан артқа тартып шығарыңыз.
5.4
Бекіту бағыттауышын алып тастау
1. Қондыру құралын өшіріңіз. → Бет 392
2. Аккумуляторды шығарыңыз. → Бет 390
390
Қазақ
Printed: 19.07.2018 | Doc-Nr: PUB / 5377483 / 000 / 02
(бетон мен болатта шегелеу
h
2
8
100 дБ
pA
89 дБ
3 дБ
2,5 м/с²
1,5 м/с²
2184328
*2184328*

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido