OBJ_BUCH-1190-006.book Page 126 Tuesday, September 13, 2016 3:44 PM
126 | Қaзақша
Ағаш, метал, керамика және пластмассаны
қағусыз бұрғылау және бұранда қою күйі
Айналу бағытын орнату (G суретін қараңыз)
Айналу бағытының ауыстырып-қосқышын 7 тек
электр құралы тоқтағаннан соң пайдаланыңыз.
Айналу бағытының ауыстырып-қосқышының 7 көмегімен
айналу бағытын өлшеуге болады. Бірақ
қосқышты/өшіргішті 8 басқанда бұл мүмкін емес.
Оң жаққа айналу бағыты: Бұрғылау және шуруптарды
бұрап бекіту үшін айналу бағытының ауыстырып-
қосқышын 7 солға тірелгенше басыңыз.
Оңға айналу Айналу бағытының көрсеткіші 5
қосқыш/өшіргіш 8 қосулы болып қозғалтқыш
істеп түрғанда жанады.
Сол жаққа айналу бағыты: Бұрандалар мен сомындарды
босату немесе бұрап алу үшін айналу бағытының
ауыстырып-қосқышын 7 оңға тірелгенше басыңыз.
Солға айналу Айналу бағытының көрсеткіші 6
қосқыш/өшіргіш 8 қосулы болып қозғалтқыш
істеп түрғанда жанады.
Қосу/өшіру
Электр құралды қосу үшін қосқышты/өшіргішті 8 басып
тұрыңыз.
Шырақ 11 косқыш/өшіргішті 8 жай немесе толық
басылқанда жанып жетерлік болмаған жарықтық
жағдайында жұмыс аймағын жарықтандырады.
Электр құралды өшіру үшін қосқышты/өшіргішті 8
жіберіңіз.
Төмен температураларда электр құралы белгілі уақыт
өткеннен соң толық қағу қуатына жетеді.
Энергия қуатын үнемдеу үшін электр құралын тек
пайдаланарда қосыңыз.
Айналымдар/қағу санын реттеу
Қосқышты/өшіргішті 8 басу күшін өзгерте отырып,
қосылған электр құралының айналымдар/қағулар санын
біртіндеп реттеуге болады.
Қосқыш/өшіргішке 8 жай басу төмен айналымдар/қағулар
санын қосады. Басу күшейсе айналымдар/қағулар саны
көбейеді.
Жүріс тежегіші
Қосқышты/өшіргішті 8 жібергенде, бұрғылау патроны
тежеледі және осылай жұмыс құралының жүрісі
тоқтатылады.
Шуруптарды бұрап бекіткенде қосқышты/өшіргішті 8
шуруп дайындамаға біртегіс бұрап бекітілгенде ғана
жіберіңіз. Бұл жағдайда шуруптың басы дайындамаға
тартылмайды.
Аккумулятор зарядталу күйі индикаторы
Аккумуляторды зарядтау күйінің индикаторы 9 бірнеше
секунд жартылай немесе толық басылған қосқыш/өшіргіш
1 609 92A 353 | (13.9.16)
8 күйінде аккумулятордың зарядталғанын көрсетеді және
3 жасыл жарық диодын қамтиды.
Жарық диоды
Үздіксіз жарық 3 x жасыл
Үздіксіз жарық 2 x жасыл
Үздіксіз жарық 1 x жасыл
ақырын жыпылықтау 1 x жасыл
Аккумуляторды зарядтау күйінің индикаторының 9 3
жарық диоды мен шырағы 11 жылдам жыпылықтағанда,
аккмулятор температурасы –20 дан +50°C дейін болған
жұмыс температурасы аймағынан тыс болады.
Температураға байланысты артық жүктеу қорғанысы
Тағайындалу бойынша қолдануда электр құралы артық
жүктелмейді. Артық жүктелу немесе рұқсат етілген
аккумулятор температурасы аралығы өтілсе өнімділігі
қысқарады немесе электр құралы өшеді. Электр құралы
аккумулятор рұқсат етілген температураға жеткеннен соң
толық өнімділікпен жұмыс істейді.
Аккумуляторды зарядтау күйі индикаторының 9 3 жарық
диоды мен шырағы 11 жылдам жыпылықтағанда
аккумулятор температурасы жұмыс температурасының
–20 дан +50°C дейінгі аралығынан тыс және/немесе
артық жүктеу қорғанысы жұмыс істеп қалды.
Терең заряд жоғалту қорғанысы
Литий-иондық аккумулятор "Electronic Cell Protection
(ECP)" арқылы терең заряд жоғалтудан қорғалған.
Аккумулятор заряды жоқ болса электр құралы қорғаныс
схемасы арқылы өшіріледі: алмалы-салмалы аспап басқа
қозғалмайды.
Пайдалану нұсқаулары
Электр құралын сомын/бұрандаға тек өшірілген
күйде салыңыз. Айналатын алмалы-салмалы аспаптар
түсіп кетуі мүмкін.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Дұрыс және сенімді істеу үшін электр құралмен
желдеткіш тесікті таза ұстаңыз.
Электр құралын (мысалы қызмет көрсету,
аспаптарды алмастыру т.б.) пайдалануда және
оларды тасымалдау және сақтауда айналу
бағытының реттеушісін орта күйге жылжытыңыз.
Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
тудырады.
Зақымдалған шаңнан сақтайтын бұқтырма бірден
алмастырылуы қажет. Оны қызмет көрсету
шеберханасында орындау ұсынылады.
Батарея жұмыс істемей жатса, Bosch электр
құралдарының өкілетті сервистік орталығына барыңыз.
Қуаты
≥ 67%
34—66%
11—33%
≤ 10%
Bosch Power Tools