Соққымен бұрғылау
EasyImpact 1200:
Жұмыс режимін алдын ала таңдауға арналған
реттегіш сақинаны (4) "Соққымен бұрғылау"
белгісіне орнатыңыз.
Айналдыру моментін орнату
Айналдыру моментін алдын ала реттеу сақинасының (3)
қажет айналдыру моментін 20 қадаммен таңдауға
болады. Дұрыс орнатқанда жұмыс құралы бұранда
материалымен біртегіс бұрап бекітіле сала немесе
орнатылған айналдыру моментіне жете сала тоқтайды.
күйінде бекіту тіркесуі, мысалы, бұрғылау үшін өшіріледі.
Шуруптарды бұрап алу кезінде жоғарырақ параметрді
таңдаңыз немесе қажет болса, белгіні орнатыңыз
Айналу моментін орнату
Қосқышты/өшіргішті (10) басу күшін өзгерте отырып,
қосылған құралдың айналымдар санын біртіндеп реттеуге
болады.
Қосқышты/өшіргішті (10) жай басқанда, электр құрал
төменірек айналымдар санымен жұмыс істейді. Басу күші
күшейгенде айналу саны артады.
Айналу жиілігін/соққы санын реттеу
(EasyImpact 1200)
Ажыратқышты (10) басу күшін өзгерте отырып, қосылған
электр құралының айналымдар/соққылар санын
біртіндеп реттеуге болады.
Ажыратқышты (10) жай басу төмен айналымдар/
соққылар санын қосады. Басу күшейсе, айналымдар/
соққылар саны көбейеді.
Берілістің механикалық таңдалуы
Берілісті таңдау ауыстырып-қосқышын (5) электр
u
құрылғысы тоқтап тұрғанда ғана пайдаланыңыз.
Беріліс ауыстырып-қосқышы (5) арқылы 2 айналу
жиілігінің диапазонын таңдауға болады.
I беріліс:
Төмен айналымдар саны; үлкен бұрғылау диаметрімен
бұрау немесе жұмыс істеу үшін.
II беріліс:
Жоғары айналымдар саны; кіші бұрғылау диаметрімен
жұмыс істеу үшін.
Берілісті таңдау ауыстырып-қосқышы(5) соңына дейін
сырғымаса, аспап патронын (1) алмалы-салмалы
аспаппен бірге бұраңыз.
Қосу/өшіру
Электр құралды қосу үшін қосқышты/өшіргішті (10)
басып тұрыңыз.
Шырақ (11) косқыш/өшіргішті (10) жай немесе толық
басылғанда жеткіліксіз болған жарық жағдайында жұмыс
аймағын жарықтандырады.
Электр құралды өшіру үшін қосқышты/өшіргішті (10)
жіберіңіз.
Bosch Power Tools
Толық автоматты шпиндель бекіту (Auto-Lock)
Ажыратқыш (10) басылмаған кезде, бұрғылау шпинделі
мен құрал бекіткіші (1) бұғатталады.
Бұл аккумулятор (8) заряды таусылғанда да
бұрандаларды бұрап кіргізуге немесе электр құралын
бұрауыш ретінде пайдалануға мүмкіндік береді.
Жүріс тежегіші
Қосқышты/өшіргішті (10) жібергенде, бұрғылау патроны
тежеледі және осылай жұмыс құралының жүрісі
тоқтатылады.
Шуруптарды бұрап бекіткенде қосқышты/өшіргішті (10)
шуруп дайындамаға біртегіс бұрап бекітілгенде ғана
жіберіңіз. Бұл жағдайда шуруптың басы дайындамаға
тартылмайды.
.
Артық жүктемеден жылу қорғанышы
Мақсатына сәйкес пайдалансаңыз, электр құралына
артық жүктеме түспейді. Жүктеме шамадан артық
болғанда немесе аккумулятордың рұқсат етілген
температура диапазонынан асырғанда айналу жиілігі
азаяды. Электр құралы аккумулятор рұқсат етілген
температураға жеткеннен кейін толық айналу жиілігімен
жұмыс істейді.
Пайдалану нұсқаулары
Электр құралын сомын/бұрандаға тек өшірілген
u
күйде салыңыз. Айналып жатқан жұмыс құралдары
сырғып кетуі мүмкін.
Электр құралмен ұзақ жұмыс істегеннен кейін салқындату
үшін 3 минутқа ең жоғары айналымдар санына қосу
керек.
Металда бұрғылау үшін жоғары сапалы, тез кесетін
болаттан жасалған мүлтіксіз, өткірленген бұрғыларды
пайдаланыңыз. Bosch керек-жарақтары бағдарламасы
тиісті сапаға кепілдік береді.
Үлкен шуруптарды қатты материалдарға бұрап бекіту
алдында шуруптардың ұзындығының шамамен 2/3 ішкі
ирек ойма диаметріне сәйкес келетін диаметрі бар тесікті
алдын ала бұрғылау керек.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Аккумуляторды электр құралмен кез келген
u
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
тудырады.
Жақсы әрі сенімді жұмыс істеу үшін электр құралы
u
мен желдеткіш тесікті таза ұстаңыз.
Өнімдерді олардың сақтығын қамтамасыз ететін,
өнімдерге атмосфералық жауын-шашынның тиюіне және
асқын температура көздерінің (температураның шұғыл
өзгерісінің), соның ішінде күн сәулелерінің әсер етуіне
Қазақ | 137
1 609 92A 7WD | (20.06.2022)