Bosch GTS 635-216 Professional Manual Original página 289

Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 58
– Ара дискісі (24) және сына (4) орнатылған үстелдік
дискілі ара
– Бұрыштық тірек (2)
– Параллель тірек (5)
– Қосымша параллель тірек (40)
– "Қосымша параллель тірек" бекіткіш жинағы (41) (2
бекіткіш бұранда, 2 салмалы шайба, 2 қатпарлы гайка)
– Қорғаныш қаптама (3)
– Алты қырлы дөңбек кілт (10)
– Оймакілтекті бұрауыш ұштығы бар шеңберлік кілт (9)
– Жылжыту таяғы (12)
– Үстел ендірмесі (23)
Нұсқау: электр құралында зақымдардың бар-жоғын
тексеріп шығыңыз.
Электр құралын пайдаланудан бұрын қорғаныш
аспаптардың немесе сәл зақымдалған бөліктердің
ақаусыз және мақсатына сай жұмыс істегенін тексеру
керек. Жылжымалы бөліктер ақаусыз жұмыс істегенін
және қысылмағанын немесе бөліктердің
зақымдалмағанын тексеріңіз. Барлық бөліктер дұрыс
орнатылуы және ақаусыз жұмыс істеуді қамтамасыз
ететін пайдалану шарттарына сәйкес келуі керек.
Зақымдалған қорғаныш аспаптар мен бөліктерді өкілетті
шеберханада жөндеу немесе алмастыру керек.
Компоненттерді монтаждау
– Жинақтағы бөліктерді абайлап орамаңыздан алып
қойыңыз.
– Бүтін орама материалын электр аспап пен жинақтағы
жабдықтардан алып қойыңыз.
– Бұғаттау бұрандаларын (32) шеңберлік кілттің (9)
ұштығымен "Құлыпты жабу" айналу бағытымен
тірелгенше бұрап, едендік торды (31) ашыңыз (a
суретін қараңыз).
Мотор блогының астындағы орауыш материалын алып
тастаңыз.
Тікелей корпустың астына мына құрылғы элементтері
бекітіледі: жылжыту таяғы (12), шеңберлік кілт (9), алты
қырлы дөңбек кілт (10), параллель тірек (5), бұрыштық
тірек (2), сору адаптері (29), қосымша параллель тірек
(40) бекіткіш жинағымен (41), қорғаныш қаптама (3).
– Осы құрылғы элементтерінің бірін қажет етсеңіз,
оларды сақтау қорабынан абайлап шығарып алыңыз.
Сынаны орналастыру (b1–b2 суреттерін қараңыз)
Нұсқау: қажет болса, монтаждалатын барлық бөліктерді
орналастырмас бұрын тазалап шығыңыз.
– Қос иінді (15) сағат тілінің бағытына қарсы ара дискісі
(24) аралау үстелінің үстінде ең жоғарғы күйде
тұратындай етіп тірелгенше бұраңыз.
– Қыспа иінтіректі (33) босатыңыз.
– Сынаны (4) қыспа иінтірек (33) бағытымен жоғары
қарай тартылғанша жылжытыңыз.
– Сынаны ара дискісінің тура ортасынан жоғары
орналасатындай етіп толығымен жоғары қарай
тартыңыз.
Bosch Power Tools
– Екі штифтті (34) сынаның астыңғы саңылауларына
тіркеп, қыспа иінтіректі (33) қайтадан бекітіңіз.
Үстел ендірмесін монтаждау (c суретін қараңыз)
– Үстел ендірмесін (23) аспап саңылауындағы сына (4)
үстіне қойыңыз.
– Бұғаттау бұрандасын (35) шеңберлік кілттің (9)
ұштығымен "Құлыпты ашу" айналу бағытымен
тірелгенше бұраңыз.
Үстел ендірмесінің (23) алдыңғы жағы аралау үстеліне
қысылып немесе одан сәл төмен орналасуы тиіс, ал
артқы жағы аралау үстеліне қысылып немесе одан сәл
жоғары орналасуы тиіс (қараңыз „Үстел ендірмесінің
деңгейін реттеу (N суретін қараңыз)", Бет 295).
Қорғаныш қаптаманы монтаждау (d1–d2 суреттерін
қараңыз)
Нұсқау: қорғаныш қаптаманы сына ара дискісінің
ортасынан тура жоғары, ең жоғарғы күйінде
орналасқанда ғана монтаждаңыз (b2 суретін қараңыз).
Сына ең төменгі күйінде (жеткізілген кездегі күйде
немесе ойықтарды аралауға арналған күйде) болғанда,
қорғаныш қаптаманы монтаждамаңыз (b1 суретін
қараңыз).
– Қыспа иінтіректі (36) босатып, қорғаныш қаптаманы
(3) ұстағыштан (11) шығарып алыңыз.
– Бір қолмен қорғаныш қаптаманың (3) ара дискісінің
қорғанысын (жоғарғы металл шинасын) ұстап, басқа
қолмен қыспа иінтіректі (36) жоғары қарай тартыңыз.
– Бағыттауыш болтты (37) артқа қарай сынадағы (4)
ойыққа жылжытыңыз.
– Қорғаныш қаптаманы (3) ара дискісінің қорғанысы
(жоғарғы металл шинасы) аралау үстеліне (21)
параллель болғанша төмен қарай бағыттаңыз.
– Қыспа иінтіректі (36) төмен қарай итеріңіз. Қыспа
иінтіректің тіркелуі сезіліп естілуі тиіс және қорғаныш
қаптама (3) берік және сенімді түрде орнатылуы тиіс.
Әр пайдалану алдында қорғаныш қаптаманың
u
кедергісіз жылжығанын тексеріңіз. Қорғаныш
қаптама еркін қозғалмаса және бірден жабылмаса,
электр құралын пайдаланбаңыз.
Параллель тіректі монтаждау (e суретін қараңыз)
Параллель тіректі (5) ара дискісінің сол немесе оң
жағында орналастыруға болады.
– Параллель тіректің (5) қысқыш тұтқасын (38)
босатыңыз. Осылайша V тәрізді бағыттауыш (39)
босатылады.
– Алдымен параллель тіректі V тәрізді бағыттауышпен
аралау үстелінің бағыттауыш ойығына (30) енгізіңіз.
Содан кейін параллель тіректі аралау үстелінің
алдыңғы бағыттауыш ойығына (25) орналастырыңыз.
Параллель тіректі енді кез келген бағытпен жылжытуға
болады.
– Параллель тіректі бекіту үшін қысқыш тұтқаны (38)
төмен қарай итеріңіз.
Қазақ | 289
1 609 92A 4PA | (01.03.2019)

Hide quick links:

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido