Bosch GTS 635-216 Professional Manual Original página 292

Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 58
292 | Қазақ
Тік еңіс бұрышын реттеу (ара дискісі) (B суретін
қараңыз)
Тік еңіс бұрышын 0° және 45° аралығындағы диапазонда
реттеуге болады.
– Бекіткіш иінтіректі (18) сағат тілінің бағытына қарсы
бұрап босатыңыз.
Нұсқау: бекіткіш иінтірек толық босатылғанда, ара
дискісі тарту күшінің арқасында шамамен 30°-қа тең
күйге аударылады.
– Сермерді (14) бұрыш индикаторы (51) қажетті тік еңіс
бұрышын көрсеткенше кулиса бойымен тартыңыз.
– Сермерді осы күйде ұстап тұрып, бекіткіш иінтіректі
(18) қайтадан бекітіңіз.
0° және 45° стандартты бұрыштарын жылдам әрі дәл
реттеу үшін зауытта орнатылған тіректер ((20), (17))
қолданылады.
Көлденең еңіс бұрышын реттеу (бұрыштық тірек)
(C суретін қараңыз)
Нұсқау: қысқарту кесіктері үшін (ұзын сыналар) тиісті
жабдықтарды пайдаланыңыз.
Көлденең еңіс бұрышын 30° (сол жақ) және 30° (оң жақ)
аралығындағы диапазонда реттеуге болады.
– Бекіткіш бастиек (52) тартылған болса, оны
босатыңыз.
– Бұрыштық тіректі бұрыш индикаторы (53) қажетті еңіс
бұрышын көрсеткенше бұраңыз.
– Бекіткіш бастиекті (52) қайтадан тартыңыз.
Параллель тіректі реттеу
Параллель тіректі (5) ара дискісінің сол (қара түсті
шкала) немесе оң (күміс түсті шкала) жағында
орналастыруға болады. Лупадағы (54) белгі шкаладағы
(1) параллель тірек пен ара дискісінің арақашықтығын
көрсетеді.
Параллель тіректі ара дискісінің қажетті жағына
орналастырыңыз (қараңыз „Параллель тіректі монтаждау
(e суретін қараңыз)", Бет 289).
Параллель тіректі тартылмаған
аралау үстелінде реттеу
– Параллель тіректің (5) қысқыш тұтқасын (38)
босатыңыз. Параллелль тіректі лупадағы (54) белгі ара
дискісіне дейінгі қажетті арақашықтықты көрсеткенше
жылжытыңыз.
Аралау үстелі тартылмаған жағдайда, күміс түсті
шкаланың (1) астыңғы жазбасы жарамды болады.
– Бекіту үшін қысқыш тұтқаны (38) қайтадан төмен
қарай итеріңіз.
Параллель тіректі тартылған
аралау үстелінде реттеу (D суретін қараңыз)
– Параллель тіректі ара дискісінің оң жағында
орналастырыңыз.
Параллель тіректі лупадағы (54) белгі астыңғы
шкалада 29 см көрсеткенше жылжытыңыз.
Бекіту үшін қысқыш тұтқаны (38) қайтадан төмен
қарай итеріңіз.
1 609 92A 4PA | (01.03.2019)
– Аралау үстелінің кеңейтіміне арналған қысқыш
тұтқаны (13) толығымен жоғары қарай тартыңыз.
– Аралау үстелінің кеңейтімін (6) арақашықтық
индикаторы (55) жоғарғы шкаладағы ара дискісіне
дейінгі қажетті арақашықтықты көрсеткенше сыртқа
тартыңыз.
– Қысқыш тұтқаны (13) төмен қарай итеріңіз.
Сонда аралау үстелінің кеңейтімі бекітіледі.
Қосымша параллель тіректі реттеу (E суретін
қараңыз)
Жұқа дайындамаларды аралау үшін және тік еңіс
бұрышында аралау үшін қосымша параллель тіректі
(40) параллель тірекке (5) орнату керек.
Қосымша параллель тіректі қажет болған жағдайда
параллель тіректің (5) сол немес оң жағына орнатуға
болады.
Дайындамалар аралау кезінде параллель тірек пен ара
дискісінің арасында қысылып, көтерілетін ара дискісімен
ұсталуы және лақтырылуы мүмкін.
Сондықтан қосымша параллель тіректі бағыттауыш ұшы
ара дискісінің ең алдынғы тісі мен сынаның алдыңғы
жиегі аралығында аяқталатындай етіп реттеңіз.
– Ол үшін (41) бекіткіш жинағышының барлық қатпарлы
гайкаларын босатып, қосымша параллель тіректі екі
ғана алдыңғы бұранда бекітуге қызмет еткенше
жылжытыңыз.
– Қатпарлы гайкаларды қайтадан бекітіңіз.
Сынаны реттеу (F суретін қараңыз)
Сына (4) ара дискісінің (24) кесікте қысылуына жол
бермейді. Кері жағдайда ара дискісі дайындамаға ілініп,
кері соққы қаупі пайда болады.
Сондықтан сынаның дұрыс реттелгеніне көз жеткізіңіз:
– Ара дискісі мен сына радиалды аралығы ең көбі 5 мм
болуы қажет.
– Сына қалындығы кесік енінен кіші және орта диск
қалындығынан үлкен болуы керек.
– Сына әрдайым ара дискісімен бір сызықта болуы
керек.
– Қалыпты кесіктер үшін сынаны әрдайым ең жоғары
күйде ұстау керек.
Сынаның биіктігін реттеу
Ойықтарды аралау үшін сынаның биіктігін реттеу керек.
Ою немесе тесу кезінде электр құралын тек тиісті
u
қорғаныш аспаппен (мысалы, туннельдік қаптама,
тартқыш тарақ) бірге пайдаланыңыз.
– Қыспа иінтіректі (36) ашып, қорғаныш қаптаманы (3)
сынадағы (4) ойықтан шығарыңыз.
Қорғаныш қаптаманы зақымдалудан қорғау үшін, оны
корпустағы арнайы ұстағышта (11) сақтаңыз
(O2 суретін де қараңыз).
– Қос иінді (15) сағат тілінің бағытына қарсы ара дискісі
(24) аралау үстелінің үстінде ең жоғарғы күйде
тұратындай етіп тірелгенше бұраңыз.
Bosch Power Tools

Hide quick links:

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido