Bosch GCD 12 JL Professional Manual Original página 201

Ocultar thumbs Ver también para GCD 12 JL Professional:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 38
ыршуына немесе кері соққыға әкелуі мүмкін. Мұндай
жағдайда да ара дискілері сынуы мүмкін.
Кері соққы электр құралын дұрыс пайдаланбаудан
немесе пайдаланушының қателігінен пайда болады.
Мұны төменде сипатталғандай тиісті сақтық шараларын
қолдану арқылы болдырмауға болады.
Электр·құралын·мықтап ұстаңыз,
u
денеңіз·бен·қолыңыз кері соққыға
қарсылық·көрсете·алатын·күйде·ұстаңыз.·. Сақтық
шаралары сақталатын болса,
пайдаланушы·жоғары·бағытталған кері соққыны
бақылауына ала алады.
Айналып тұрған ара дискісінің алдындағы және
u
артындағы аймаққа жақындамаңыз. Кері соққы
орын алған жағдайда, абразивті кескіш агрегат
пайдаланушыға қарай жоғары қозғалады.
Шынжырлы немесе ағаш жоңқасына арналған
u
дискіні және саңылау ені 10 мм шамасынан артық
болған сегменттерге бөлінген алмасты дискіні
пайдаланбаңыз. Мұндай алмалы-салмалы аспаптар
жиі кері соққыны тудырады немесе электр құралын
бақылау мүмкіндігінен айырылуға апарып соғады.
Ара дискісінің бұғатталуын немесе артық басу
u
қысымын болдырмаңыз. Тым терең кесіктер
жасамаңыз. Ара дискісіне артық жүктеме түсіру оның
еңкеюіне және бұғатталуына әкеледі және осылайша
кері соққының немесе ара дискісінің сыну мүмкіндігін
арттырады.
Егер ара дискісі қысылып қалса немесе жұмыста
u
үзіліс жасасаңыз, электр құралын өшіріп, ара
дискісі тоқтағанша абразивті кескіш агрегатты
қозғалыссыз ұстаңыз. Еш жағдайда әлі айналып
жатқан ара дискісін кесілген жерден шығаруға
әрекеттенбеңіз, әйтпесе кері соққы пайда болуы
мүмкін. Қысылу себебін анықтаңыз және жойыңыз.
Электр құралы әлі дайындамада болған кезде, оны
u
қайтадан іске қоспаңыз. Кесуді жалғастырмай
тұрып, ара дискісіне толық айналу жиілігіне жетуге
мүмкіндік беріңіз. Кері жағдайда ара дискісі тұрып
қалуы, дайындамадан ыршуы және кері соққыға әкелуі
мүмкін.
Ара дискісінің қысылып қалуынан кері соққы
u
қаупін барынша азайту үшін үлкен
дайындамаларды тіреңіз. Үлкен дайындамалар өз
салмағынан майысуы мүмкін. Дайындаманы ара
дискісінің екі жағынан, кесік сызығының жанында да,
жиекте де тіреу керек.
Дайындаманы ұстау үшін мүмкін болса
u
қысқыштарды пайдаланыңыз. Дайындаманы
қолмен ұстасаңыз, қолыңызды ара дискісінен
кемінде 100 мм қашықтықта ұстаңыз. Қысу үшін
немесе қолмен ұстау үшін тым кіші бөлшектерді
кесу үшін бұл араны пайдаланбаңыз. Егер қолыңыз
ара дискісіне тым жақын болса, дискіге тиюден
шығатын ұшқындардан жарақаттану қауіпі жоғары
болады.
Bosch Power Tools
Дайындама тұрақты болып тіреуіш пен үстелге
u
қысылуы немесе тірелуі керек. Дайындаманы
дискіге жылжытпаңыз немесе қолмен апармаңыз.
Қысылмаған немесе жылжымалы дайындамалар
жоғары жылдамдықта лақтырылып жарақаттауы
мүмкін.
Араны дайындамаға басыңыз. Араны
u
дайындамадан тартпаңыз. Кесік істеу үшін ара
басын көтеріп, дайындама жоғарысынан кеспей
өткізіңіз, қозғалтқышты іске қосыңыз, ара басын
төмен басып, араны дайындамаға басыңыз. Тартып
аралау ара дискісін дайындама үстіне шығарып,
дискіні операторға қарай лақтыруы мүмкін.
Қолыңызды ешқашан ара дискісінің алдында
u
немесе артында кесу сызығына қоймаңыз. Басқа
қолмен дайындаманы ұстау, мысалы, дайындаманы
ара дискісінің оң жағында сол қолмен ұстау немесе
терісі өте қауіпті.
Ара дискісі айналып тұрған кезде, бекіткіш астына
u
қол сұқпаңыз. Қол мен айналып тұрған ара
дискісінің арасындағы 100 мм шамасындағы
қауіпсіз арақашықтықтан асырмаңыз (ара
дискісінің екі жағына да қолданылады). Айналып
жатқан ара дискісінің қолыңызға дейінгі
арақашықтығы анықталмауы және сіз ауыр жарақат
алуыңыз мүмкін.
Кесуден алдын дайындаманы тексеріңіз. Егер
u
дайындама қисайтылған немесе
деформацияланған болса, оны сыртқы
қисайтылған жағымен тіреуішке қысыңыз.
Әрдайым кесік бойы дайындама, тіреуіш және
үстел арасында аралық болмауына көз жеткізіңіз.
Бұрылған немесе қисайған дайындамалар ширап,
жылжып не айналып тұрған ара дискісін қысып қалуы
мүмкін. Дайындамада шеге немесе басқа бөгде
денелер болмауы тис.
Электр құралын үстелде басқа құралдар
u
болмағанда ғана пайдаланыңыз; үстел үстінде тек
дайындама болуы тиіс. Айналып тұрған ара дискімен
жанасатын шағын қалдықтар немесе басқа заттар
жоғары жылдамдықпен лақтырылуы мүмкін.
Бір уақытта тек бір ғана дайындаманы аралаңыз.
u
Жинап қойылған бірнеше дайындамалар дұрыс
қысылмай не бекітілмей аралау кезінде дискіні қысуы
немесе жылжуы мүмкін.
Сондықтан электр құралын пайдаланбас бұрын
u
тегіс әрі берік жұмыс бетіне қойыңыз. Тегіс әрі
берік жұмыс беті электр құралының тұрақсыз болуына
жол бермейді.
Жұмысыңызды жоспарлаңыз. Еңіс немесе көлбеу
u
бұрышының параметрін өзгерткеніңізде,
реттелетін тіреуіш дайындаманы ұстауға дұрыс
реттелгенін және дискіні немесе қорғау жүйесіне
тимеуіне көз жеткізіңіз. Аспапты "ҚОСУ"дан алдын
және үстелде дайындама болмағанда ара дискісін
бүтін симуляциялық кесіктен өткізіп, кедергі
болмауына және тіреуіш кесілмеуіне көз жеткізіңіз.
Қазақ | 201
1 609 92A 5UE | (05.10.2020)

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Este manual también es adecuado para:

Professional gcd 12 jl

Tabla de contenido