Bosch GCD 12 JL Professional Manual Original página 206

Ocultar thumbs Ver también para GCD 12 JL Professional:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 38
206 | Қазақ
Жұмыс істеуге дайындық
Аралау үстелін ұзарту (D суретін қараңыз)
Ұзын және ауыр дайындамалар бос басында басылып
тірелуі керек.
Аралау үстелін қосымша ұзартқыш (11) арқылы солға
қарай ұзартуға болады.
– Қыспа иінтіректі (10) төмен қарай қайырыңыз.
– Аралау үстелінің ұзартқышын (11) қажетті ұзындыққа
дейін сыртқа тартыңыз.
– Аралау үстелінің ұзартқышын бекіту үшін қыспа
иінтіректі (10) қайтадан жоғары қарай тартыңыз.
Көлденең еңіс бұрышын реттеу (E суретін қараңыз)
Көлденең еңіс бұрышын 0° және 45° аралығында реттеуге
болады.
Маңызды реттеу параметрлері бұрыштық тіректегі (6)
тиісті белгілермен белгіленген. 0° және 45° күйлер тиісті
шектік тірекпен қамтамасыз етіледі.
– Бұрыштық тіректің (6) қысқыш тұтқасын (13)
босатыңыз.
– Бұрыштық тіректі (6) бұрыш индикаторы (33) қажетті
еңіс бұрышын шкалада (34) көрсеткенше бұраңыз.
– Қысқыш тұтқаны (13) қайтадан тартыңыз.
Кесік сызығын белгілеу (F суретін қараңыз)
Лазер сәулесі ара дискісінің кесік сызығын көрсетеді.
Осылайша дайндаманы аралау үшін маятниктік қорғаныш
қаптаманы ашпай дәл орналастыруға болады.
– Ол үшін лазер сәулесін қосқышпен (19) қосыңыз.
– Белгіңізді дайындамадағы лазер сызығының оң жақ
жиегіне бағыттаңыз.
Нұсқау: аралау алдында кесік сызығы дұрыс
көрсетілгенін тексеріп шығыңыз. Лазер сәулесі, мысалы,
қарқынды пайдалану кезіндегі діріл себебінен ығысуы
мүмкін.
Дайындаманы бекіту (G суретін қараңыз)
Оңтайлы жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін
дайындаманы әрдайым мықтап қысу керек. Мықтап қысу
үшін тым кішкентай болатын дайындамаларды өңдемеңіз.
Ұзын және ауыр дайындамаларды бос шетінен басып
тіреу керек.
Ұзын және ауыр дайындамалар бос басында басылып
тірелуі керек.
– Дайындаманы бұрыштық тірекке (6) қойыңыз.
– Бекіту шпинделін (7) дайындамаға жылжытып,
дайындаманы шпиндель тұтқасының (9) көмегімен
қысыңыз.
Дайындаманы босату
– Шпиндель тұтқасын (9) босатыңыз.
– Жылдам құлпын ашу құралын (8) ашып, бекіту
шпинделін (7) дайындамадан ары тартыңыз.
1 609 92A 5UE | (05.10.2020)
Жұмыс істеу бойынша нұсқаулар
Аралау бойынша жалпы нұсқаулар
Ара дискісін соқтығысудан және соққыдан қорғаңыз. Ара
дискісін бүйірлік қысымнан сақтаңыз.
Қисық дайындамаларды өңдемеңіз. Дайындама әрдайым
тіреуіш планканы орналастыру үшін тік қырлы болуы тиіс.
Ұзын және ауыр дайындамалар бос басында басылып
тірелуі керек.
Рұқсат етілген дайындама өлшемдері
Максималды дайындамалар:
Дайындама
Еңіс бұрышы (көлденең)
пішіні
115 Ø
100 x 100
158 x 80
110 x 110
Минималды дайындамалар
(= бекіту шпинделімен (7) мықтап қысуға болатын
барлық дайындамалар): ұзындығы 80 мм
макс. кесік тереңдігі (0°/0°): 115 мм
Шаң/жоңқа сорғыш (H суретін қараңыз)
Қорғасын бояу, минералдар және металл сияқты
материалдардың шаңы денсаулыққа зиянды болуы
мүмкін. Шаңға тию және шаңды жұту пайдаланушыда
немесе жанындағы адамдарда аллергиялық
реакцияларды және/немесе тыныс жолдарының
ауруларын тудыруы мүмкін.
Белгілі бір металл шаңы, әсіресе мырыш, алюминий
немесе хром сияқты қорытпалармен байланыстырылған
жағдайда қаупті болып табылады. Асбестік материалды
техник мамандар ғана өңдеуі тиіс.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуін қамтамасыз етіңіз.
– P2 сүзгі класындағы респираторды пайдалануға кеңес
беріледі.
Өңделетін материалдар бойынша еліңізде қолданылатын
нұсқамаларды ұстаныңыз.
Ара дискісі (31) шаңнан, жоңқадан немесе дайындама
сынықтарынан аралау үстелінің (25) тесігінде бұғатталуы
мүмкін.
– Электр құралын өшіріп, желілік ашаны розеткадан
суырып алыңыз.
45°
90 Ø
85 x 85
85 x 85
85 x 85
Bosch Power Tools

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Este manual también es adecuado para:

Professional gcd 12 jl

Tabla de contenido