Стационарлық Немесе Икемді Монтаждау; Икемді Монтаждау (Ұсынылмайды!) - Bosch GCD 12 JL Professional Manual Original

Ocultar thumbs Ver también para GCD 12 JL Professional:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 38
орнатылуы және ақаусыз жұмыс істеуді қамтамасыз
ететін пайдалану шарттарына сәйкес келуі керек.
Зақымдалған қорғаныш аспаптар мен бөліктерді өкілетті
шеберханада жөндеу немесе алмастыру керек.
Стационарлық немесе икемді монтаждау
Тұрақты пайдалануды қамтамасыз ету үшін электр
u
құралын пайдаланудан алдын тегіс бекем жұмыс
аймағына (мысалы верстак) орнату керек.Ж.
Жұмыс аймағына монтаждау (A суретін қараңыз)
– Электр құралын арнайы бұрандалы қосылыммен
жұмыс аймағына бекітіңіз. Бұл ретте саңылаулар (23)
пайдаланылады.
Икемді монтаждау (ұсынылмайды!)
Ерекше жағдайларда электр құралын жұмыс аймағына
берік монтаждау мүмкін болмаса, көмек ретінде аралау
үстелінің (25) аяқтарын тиісті тірекке (мысалы, верстак,
тегіс еден және т.б.) электр құралын бекітпей қоюға
болады.
Ара дискісін алмастыру (B1–B4 суреттерін
қараңыз)
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Шпиндель бекіткішін (3) тек аспап шпинделі тоқтап
u
тұрғанда пайдаланыңыз. Әйтпесе электр құралын
зақымдауыңыз мүмкін.
Аралау дискісін орнату кезінде қорғағыш қолғап
u
киіңіз. Аралау дискісіне тигенде жарақат алу қаупі
бар.
Максималды рұқсат етілген жылдамдығы электр
құралыңыздың бос айналу моментіне жоғары болған
аралау дискілерін пайдаланыңыз.
Тек осы электр құралының өндірушісі ұсынған және сіз
өңдейтін материалға сәй аралау дискілерін
пайдаланыңыз. Бұл аралауда ара тістерінің қызып кетуіне
жол бермейді.
Ара дискісін алып тастау
– Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.
– Бекіткіш бұранданы (26) (шамамен 2 айналымға)
крест ойықты бұрауышпен (12) босатыңыз.
Бұранданы толық бұрап шығармаңыз.
– Бекіткіш бұранданы (27) (шамамен 6 айналымға)
крест ойықты бұрауышпен (12) босатыңыз.
Бұранданы толық бұрап шығармаңыз.
– Бұғаттау иінтірегін  (1) басып, маятниктік қорғаныш
қаптаманы (4) тірелгенше жоғары қайырыңыз.
– Содан кейін маятниктік қорғаныш қаптаманы (4)
қаптама панельмен (21) бірге бекіткіш
бұрандадан (27) артқа қарай тартып, маятниктік
қорғаныш қаптама бағыттауыш болты (28) арқылы
қамытта (22) ұсталуы тиіс.
– Алты қырлы дөңбек бұранданы (29) жинақтағы алты
қырлы дөңбек кілтпен (12) бұрап, дәл сол уақытта
шпиндель бекіткішін (3) тірелгенше басыңыз.
Bosch Power Tools
– Шпиндель бекіткішін (3) басып тұрып, бұранданы (29)
сағат тілінің бағытына қарсы бұрап шығарыңыз.
– Қысқыш фланецті (30) алып тастаңыз.
– Ара дискісін (31) алып тастаңыз.
Ара дискісін орнату
Қажет болса, барлық монтаждалатын бөліктерді орнатпас
бұрын тазалаңыз.
– Жаңа ара дискісін ішкі қысқыш фланецке (32)
орнатыңыз.
Орнату кезінде тістердің кесу бағыты (ара
u
дискісіндегі көрсеткі бағыты) маятниктік
қорғаныш қаптамадағы көрсеткі бағытымен
сәйкес келгеніне көз жеткізіңіз!
– Қысқыш фланецті (30) және бұранданы (29)
орнатыңыз. Шпиндель бекіткішін (3) тірелгенше
басып, бұранданы сағат тілінің бағытымен тірелгенше
бұрап бекітіңіз.
– Шпиндель бекіткішін (3) қайтадан босатыңыз. Қажет
болса, тұтқаны қолмен жоғары қарай тартыңыз.
– Бекіткіш иінтіректі (1) басып, маятниктік қорғаныш
қаптаманы (4) қаптама панельмен (21) бірге бекіткіш
бұранданың (27) астына қайтадан жылжытыңыз.
– Маятниктік қорғаныш қаптаманы (4) ара дискісі толық
жабылғанша баяу төмен қарай жылжытыңыз.
– (27) және (26) бекіткіш бұрандаларын қайтадан бұрап
бекітіңіз.
Пайдалану
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Тасымалдау кезіндегі қорғаныс (C суретін
қараңыз)
Тасымалдау кезіндегі қорғаныс (14) әртүрлі жұмыс
орындарына тасымалдау кезінде электр құралын
қолайлы пайдалануға көмектеседі.
Электр құралын қорғауышынан босату (жұмыс күйі)
– Манипуляторды тұтқасынан (16) сәл төмен басып,
тасымалдау кезіндегі қорғанысты (14) босатыңыз.
– Тасымалдау кезіндегі қорғанысты (14) толық сыртқа
қарай тартыңыз.
– Манипуляторды баяу жоғары қарай бағыттаңыз.
Нұсқау: тасымалдау кезіндегі қорғаныс ішке
басылмағанына көз жеткізіңіз, әйтпесе манипуляторды
қажетті тереңдікке бұрау мүмкін болмайды.
Электр құралының қорғауышын орнату (тасымалдау
күйі)
– Манипуляторды тасымалдау кезіндегі қорғаныс (14)
ішке толық басылғанша төмен қарай жылжытыңыз.
Тасымалдау бойынша қосымша нұсқаулар (қараңыз
„Тасымалдау", Бет 207).
Қазақ | 205
1 609 92A 5UE | (05.10.2020)

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Este manual también es adecuado para:

Professional gcd 12 jl

Tabla de contenido