OBJ_BUCH-2936-001.book Page 118 Monday, December 19, 2016 2:52 PM
118 | Қaзақша
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет. 230 В белгісімен
белгіленген электр құралдары 220 В жұмыс істеуі
мүмкін.
Айналу бағытын орнату (G суретін қараңыз)
Айналу бағытының ауыстырып-қосқышының 4 көмегімен
айналу бағытын өлшеуге болады. Бірақ
қосқышты/өшіргішті 6 басқанда бұл мүмкін емес.
Оң жаққа айналу бағыты: Бұрғылау және шуруптарды
бұрап бекіту үшін айналу бағытының ауыстырып-
қосқышын 4 солға тірелгенше басыңыз.
Сол жаққа айналу бағыты: Бұрандалар мен сомындарды
босату немесе бұрап алу үшін айналу бағытының
ауыстырып-қосқышын 4 оңға тірелгенше басыңыз.
Пайдалану түрін орнату
Бұрғылау және бұрап кіргізу
Ауыстырып-қосқышты 3 "Бұрғылау" белгісіне
жылжытыңыз.
Перфоратормен жұмыс істеу
Ауыстырып-қосқышты 3 "Перфораторлық
бұрғылау" белгісіне жылжытыңыз.
Ауыстырып-қосқыш 3 тіреліп жұмыс істеп тұрған
қозғалтқыш ретінде де қолданылуы мүмкін.
Қосу/өшіру
Электр құралды қосу үшін қосқышты/өшіргішті 6 басып
тұрыңыз.
Басылған қосқыш/өшіргішті 6 құлыптау үшін құлыптау
пернесін 5 басыңыз.
Электр құралын өшіру үшін, қосқыш/өшіргішті 6 жіберіңіз
немесе құлыптау пернесімен 5 құлыптанған болса,
қосқыш/өшіргішті 6 қысқа уақыт басып жіберіңіз.
Энергия қуатын үнемдеу үшін электр құралын тек
пайдаланарда қосыңыз.
Жылдам өшіру (Kickback Control) (PSB Universal
Жылдам өші (Kickback Control) электр құралын
жақсырақ бақылауға көмектеседі және осылай
пайдаланушы қорғанысын да күшейтіреді Kickback
Control-сыз электр құралдарымен салыстырғанда.
Кездейсоқ және күтілмеген ретте электр құралы
бұрғы айналасында айналса электр құралы өшеді.
Қайта іске қосу үшін қосқыш/өшіргішті жіберіп қайта
пайдаланыңыз.
Егер Kickback Control функциясы ақаулы болса,
бұрғылау машинасы басқа қосылмайды. Электр
құралыңызды тек қана білікті маманға және
оригиналды қосалқы бөлшектермен жөндетіңіз.
1 609 92A 2LY | (19.12.16)
Айналымдар/қағу санын реттеу
Қосқышты/өшіргішті 6 басу күшін өзгерте отырып,
қосылған электр құралының айналымдар/қағулар санын
біртіндеп реттеуге болады.
Қосқыш/өшіргішке 6 жай басу төмен айналымдар/қағулар
санын қосады. Басу күшейсе айналымдар/қағулар саны
көбейеді.
Айналымдар санын/қағулар санын таңдау
Айналымдар санын таңдайтын реттеуші 7 арқылы қажетті
айналымдар санын/қағулар санын жұмыс істеу кезінде
реттеуге болады.
Талап етілетін айналымдар санын/қағулар санын
материалмен жұмыс жасау жағдайына байланысты
тәжірибе арқылы анықтауға болады.
Пайдалану нұсқаулары
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Электр құралын сомын/бұрандаға тек өшірілген
күйде салыңыз. Айналатын алмалы-салмалы аспаптар
түсіп кетуі мүмкін.
Электр құралмен ұзақ жұмыс істегеннен кейін салқындату
үшін 3 минутқа ең жоғары айналымдар санына қосу керек.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Дұрыс және сенімді істеу үшін электр құралмен
желдеткіш тесікті таза ұстаңыз.
Егер байланыс сымын алмастыру қажет болса,
қауіпсіздіктің төмендеуіне жол бермес үшін алмастыруды
тек Bosch немесе Bosch электр құралдарының
авторизацияланған клиенттерге қызмет көрсету
орталықтарында орындаңыз.
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану
кеңестері
Қызмет көрсету шеберханасы өнімді жөндеу және күту,
+
)
сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарға жауап
береді. Қажетті сызбалар мен қосалқы бөлшектер туралы
ақпаратты мына мекенжайдан табасыз:
www.bosch-pt.com
Кеңес беруші Bosch қызметкерлері өнімді пайдалану және
олардың қосалқы бөлшектері туралы сұрақтарыңызға
тиянақты жауап береді.
Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру
кезінде міндетті түрде өнімдің зауыттық тақтайшасындағы
10-санды өнім нөмірін жазыңыз.
Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен
электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету
барлық мемлекеттер аумағында тек "Роберт Бош"
фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету
орталықтарында орындалады.
Bosch Power Tools