KZ
8:1 Тазалау
Корпустарды, құлақшаларды тартып тұратын ұстағышты және құлақ жастықшаларын тұрақты түрде сабын мен
жылы суды пайдаланып тазалап/зарарсыздандырып тұрыңыз.
Ескертпе: суға батырмаңыз!
8:2 Құлақ жастықшаларын алып тастау/ауыстыру
Құлақ жастықшаның шетінің астына саусақтарыңызды сұғып, алдыға тартыңыз (E суреті).
Жаңа құлақ жастықшасын орнына сырт етіп орныққанша басып салыңыз (E суреті).
9. ҚОСАЛҚЫ БӨЛШЕКТЕР/ҚОСАЛҚЫ ҚҰРАЛДАР
HY79 гигиеналық жинағы
Оңай ауыстырылатын гигиеналық жинақ екі өшу жастықшасынан, екі көбік сақинасынан және орнатылған құлақ
жастықшалардан тұрады. Сәйкес өшу, гигиена және жайлылық үшін жылына екі рет ауыстырып тұрыңыз!
HY100A Clean – бір рет қолданылатын протекторлар
Құлақ жастықшаларына оңай жапсырылатын бір рет қолданылатын протектор. Орама 100 жұптан тұрады.
Жастықшаларға гигиеналық жабындарды орнату құлаққаптардың акустикалық өнімділігіне әсер етуі мүмкін.
HYM1000 микрофон протекторы
Ылғал мен желге қарсы гигиеналық таспа. Сөйлеу микрофонын қорғайды және оның қызмет ету мерзімін
ұзартады. 5 метрден тұратын орама 50 рет ауыстыруға арналған. Табиғи латекстен тұрады, сезімтал кісілерге
қолдануға кеңес берілмейді.
M995 желден қорғағыш қалқаны (MT53 түріндегі микрофондарға арналған)
Жел шуынан тиімді қорғайды. Сөйлеу микрофонының қызмет көрсету мерзімін ұзартады және қорғайды.
Орамда өнімнің бір данасы берілген.
MT53 электрет микрофоны
Mикрофон серпілісi мен электрет микрофоны.
ACK053 қайта зарядталатын батарея жинағы
Қайта зарядталатын NiMH батареялар жинағы, 2500 мA-сағ.
1180 SV батарея қақпағы
Батарея қақпағы LR6 (AA) типті 1,5 В батареяларына қолдануға арналған. (Бір қақпақ жеткізу бумасымен бірге
беріледі).
FR09 батарея зарядтағышы
Peltor ACK053 қайта зарядталатын батареясына арналған батарея зарядтағыш.
КЕПІЛДІК
Немқұрайлы техникалық қызмет көрсету салдарына немесе абайсыз ұстаған жағдайларға кепілдік берілмейді.
Техникалық қызмет көрсету туралы қосымша ақпаратты пайдаланушы нұсқаулығынан қараңыз. Толық кепілдік
шарттарын алу үшін дилеріңізге немесе жергілікті 3M кеңсесіне хабарласыңыз.
Bluetooth® сөздік сауда белгісі мен логотиптер Bluetooth SIG, Inc. корпорациясының иелігіндегі тіркелген сауда
белгілері болып табылады және оны 3M компаниясы лицензия бойынша пайдаланады. Басқа сауда белгілері
мен сауда атаулары өздерінің тиісті иелерінікі.
3M компаниясы осы құжатта берген ақпаратқа сенім артудан туындаған ешбір тікелей немесе жанама
(соның ішінде, бірақ онымен шектелместен, табыстың, бизнестің және/немесе іскерлік беделдің жоғалуы)
жауапкершілікті 3M мойнына алмайды. Өнімдердің мақсатты қолданысқа сәйкес келетінін немесе келмейтінін
анықтау үшін пайдаланушы жауапты. Осы мәлімдемеде берілген ешбір ақпарат немқұрайдылықтан болған
адам өлімі немесе жарақат үшін 3M компаниясының жауапкершілігін жоққа шығаратынын немесе шектейтінін
білдірмейді.
148