3M Versaflo TR-302E Manual Del Usuario página 64

Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 14
c) сүзгі қақпағы
d) Пайдалану бойынша нұсқау
e) Анықтамалық кітапша
^ НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Бұйым пайдаланушыны ауамен тасымалданатын белгілі бір ластағыш заттардан
қорғауға көмектесуі үшін бұйымды тиісті түрде таңдап алу, оны пайдалануға
үйрету, пайдалану жəне бұйымға техникалық күтім жасау қажет. Осы бұйымдарды
тыныс органдарын қорғау үшін пайдалану бойынша нұсқаудың талаптарын
сақтамау жəне/немесе пайдаланушыға ластағыш заттар əсер етететін кезде оны
дұрыс киіп жүрмеу пайдаланушының денсаулығына теріс əсер етуі, оның өміріне
қауіп төндіретін ауруларға немесе еңбек қабілетін айырылуына алып келуі мүмкін.
Бұйымды талаптарға сəйкес жəне тиісінше пайдалану үшін жергілікті ержелерді сақтаңыз,
берілген барлық ақпаратпен танысыңыз немесе қауіпсіздік техникасы саласындағы
маманнан / 3М өкілінен кеңес алыңыз (Жергілікті байланыстар туралы ақпарат).
^ Төменде белгіленген ескерту тұжырымдарына аса назар аудару қажет.
ЖҮЙЕНІҢ СИПАТТАМАСЫ
3M™ Versaflo™ TR-302E Powered Air Turbo респираторлық жүйесі бекітілген қорғаныс
дулығалардың біреуімен пайдалану үшін жасалған (анықтамалық кітапшаны қараңыз).
Бұл өнім EN12941 стандартының талаптарына сəйкес келеді (Респираторлық қорғау
құрылғылары – Powered сүзу құрылғылары). Powered Air Turbo респираторлық жүйесі
стандартты үнемді немесе сыйымдылығы жоғары батареялар бумасын жəне бірқатар
бөлшекті сүзу опцияларын (кейбіреулері əр түрлі жағымсыз иіспен жұмыс істейді)
ұсынады. Сондай-ақ, онда заряд деңгейі төмен жəне/немесе қорғаныс дулығаға келетін
ауа ағыны төмен екені туралы дыбыстық жəне көрнекі ескерту беретін электрондық
бақылау құрылғысы бар.
МАҚҰЛДАУЛАР
Осы бұйымдар Еуропалық Қауымдастықтың 89/686/ЕЕС Директивасының (Жеке қорғану
құралдары бойынша Директива) талаптарына сəйкес келеді, сондықтан СЕ белгісімен
таңбаланған.
Сертификаты 10 бапқа, ЕС тұрпатты зерттеуге жəне 11 бапқа, ЕС сапаны бақылауға
сəйкес BSI Product Services берді (Kitemark House, Maylands Avenue, Hemel Hempstead,
Hertfordshire, HP2 4SQ, Біріккен Корольдық, нөмірі 0086 хабарландыру органы).
Берілген өнім ЭМС 2004/108/EC бойынша Еуропалық директиваға сай келеді.
ПАЙДАЛАНУДЫН ШЕКТЕУЛЕРІ
Респираторлық жүйені келесі нұсқауларға қатаң сəйкес пайдаланыңыз:
- осы кітапшадағы нұсқау,
- жүйенің басқа құрамдас бөліктерімен бірге берілетін нұсқаулар (мыс., TR-302E Powered
Air Turbo анықтамалық кітапшасы, қорғаныс дулыға пайдаланушысының нұсқаулары).
Ластайтын заттардың концентрациясы қорғаныс дулыға пайдаланушысының
нұсқауларында көрсетілгеннен жоғары болса пайдалануға болмайды.
Осы бұйымды тыныс жолдарын белгісіз атмосфералық ластағыш заттардан немесе
ластағыш заттардың концентрациясы белгісіз немесе адам өмірі мен денсаулығына қауіп
туғызатын ортада қорғау үшін пайдаланбаңыз.
Осы бұйымды оттегінің мөлшері 19,5% аз ортада пайдаланбаңыз (3М анықтамасы: кейбір
елдер оттегі мөлшерінің жеткіліксіздігіне қатысты өз шектеулерін қолдануы мүмкін.
Күмəніңіз болса, кеңес сұраңыз).
Осы бұйымды оттегілік немесе оттегімен байытылған орталарда пайдаланбаңыз.
Тек қана анықтама брошюрасында көрсетілген жоғарғы қорғаныс жəне
қосымшалар/аксессуарлармен ғана жəне техникалық спецификацияда ұсынылған
пайдалану шарттары шегінде ғана қолдану керек.
Бұйымды тек оны пайдалануға үйретілген қызметкерлер пайдаланулары тиіс.
Келесі жағдайларда жұмыс аймағынан тез шығыңыз:
a) егер жүйенің кез келген бір бөлігі бүлінсе.
b) қорғаушы дуылғаға берілетін ауа ағыны азайса немесе тоқтап қалса.
c) тыныс алу қиындаса.
d) Басыңыздың айналуы немесе басқа ауру пайда болса.
e) Ауызыңызда ластағыш заттардың дəмін, иісін сезінсеңіз немесе теріңіз қыши бастаса.
Бұл бұйымда ешқандай түрде түрлендірмеңіз жəне өзгертпеңіз. Бұйымның тозған қосалқы
бөлшектерін тек 3М түпнұсқа қосалқы бөлшектерімен алмастырыңыз.
^ Бұл өнімдерді тұтанғыш немесе жарылғыш орталарда пайдалануға болмайды.
800 метрден жоғары биіктікте ауа тығыздығы төменірек болғандықтан, Powered Air Turbo
респираторының ағын дабылы мерзімінен бұрын белсендірілуі немесе батареяның қуаты
азаюы мүмкін.
Бұйымның пайдаланушының терісіне тиюі мүмкін бөліктерінің материалдары адамдардың
көпшілігінде аллергия туғызатыны туралы ақпарат жоқ.
Берілген өнім құрамында табиғи резеңке латекстен жасалған құрамдас бөліктер жоқ
КОСТЮМНІҢ ТАҢБАЛАНУЫ
Жоғарғы қорғаныс маркіленуін анықтау үшін, жоғарғы қорғанысты пайдалану бойынша
тиісті нұсқаулықтарды қараңыз
Фильтрдің маркіленуін анықтау үшін, фильтрді пайдалану бойынша нұсқаулықты қараңыз
TR-302EPowered Air Turbo респираторлық жүйесіне EN12941 таңбасы қойылған.
TR-302EPowered Air Turbo респираторлық жүйесіне жасап шығарылған күнінің таңбасы
(ай/жыл) қойылған.
Powered Air Turbo респираторлық жүйесінде пайдаланылатын стандартты үнемді жəне
сыйымдылығы жоғары батареяларға EN12941 таңбасы қойылады.
Батареяларда жасап шығару күні жəне элемент түрі көрсетілген таңба, (жыл/апта/элемент
түрі) мыс., 09/10/1 деген 2009 жыл, 10-апта, 1-элемент түрі дегенді білдіреді.
Қосымша ескерту таңбалары төменде сипатталған:
Таңба
Анықтамасы
Істеуге болмайды -
A
G
Судың тиюіне жол беру
C
Отқа тигізу
F
Ұсынылған температура ауқымынан тыс сақтау
ПАЙДАЛАНУҒА ДАЙЫНДАУ
Тексерілген аппарат толық жабдықталған, бүлінбеген жəне дұрыс жиналған болуы тиіс.
Кез-келген бүлінген немесе ақаулы бөлшектер дуылға пайдаланылғанға дейін 3М
түпнұсқа қосалқы бөлшектерімен алмастырылуы тиіс.
Алдын ала, жоғарғы қорғанысты пайдаланбас бұрын, пайдалану бойынша тиісті
нұсқаулықта көрсетілгендей оның конструкциясын тексеріңіз.
Мақұлданған белдікті таңдап, Powered Air Turbo респиратор жүйесіне жалғаңыз.
Мақұлданған батареяны таңдаңыз.
(3M бекіткен батареяларды TR-302E Powered Air Turbo анықтамалық кітапшасынан көруге
болады).
Батареяны зарядтау бойынша нұсқауларды батареяны зарядтау бумасындағы
пайдаланушы нұсқауларынан көруге болады.
Батарея
Бірінші пайдалану алдында батареяны зарядтау керек.
Батареяны зарядтау бойынша нұсқауларды батареяны зарядтау бумасындағы
пайдаланушы нұсқауларынан көруге болады.
Батарея зарядын 1-суретте көрсетілгендей индикаторды басу арқылы анықтауға болады.
(1 таяқша = 20%-дан аз, 5 таяқша = 80 - 100%).
Батареяны 2-суретінде көрсетілгендей салыңыз.
Ысырма естілетіндей тарс етіп жабылуы керек. Орнына бекітілгенін тексеру үшін
батареяны жай тартыңыз.
Сүзгілер
Мақұлданған сүзгіні таңдаңыз.
(3M бекіткен сүзгілердің тізімін TR-302E Powered Air Turbo анықтамалық кітапшасынан
қараңыз).
^ Əрбір пайдалану алдында сүзгіні жəне сүзгі пломбасын тексеріңіз жəне зақымдалған
болса, оны ауыстырыңыз.
Powered Air Turbo респираторындағы ысырманы басып, 3-суретінде көрсетілгендей
қақпақты көтеріп, сүзгі қақпағын алып тастаңыз. Сүзгілерді жəне міндетті емес бастапқы
сүзгілерді жəне/немесе ұшқын ұстағышты сүзгі қақпағына 4-суретте көрсетілгендей
орналастырыңыз. Сүзгі белгісі сүзгі қақпағының терезесінде көрінетін болуы керек.
^ Əрқашан сүзгіні Powered Air Turbo респираторына тиісті түрде орнатыңыз.
Сүзгі қақпағын Powered Air Turbo респираторына қайта орнатып, ысырманың толық
жабылғанын тексеріңіз.
Ауа ағынын тексеру
Пайдалану алдында 5-суретте көрсетілгендей ауа ағыны индикаторын пайдаланып, ауа
ағынын тексеруді өткізіңіз.
Қалқыма шардың төменгі жағы ең аз ағын белгісінде немесе одан жоғары болуы керек
(6-сурет).
Дыбыстық ескерту құрылғысының дұрыс жұмыс істеп жатқанын тексеру үшін Powered Air
Turbo респираторының шығысына қолыңызды қойыңыз. Powered Air Turbo респираторы
дыбыстық дабылды шығаруы жəне желдеткіштің СКЭ-ны жыпылықтауы керек.
Ескертпе: қоршаған ортадағы жоғары шу деңгейі немесе естуден қорғау құралын
пайдалану пайдаланушының дыбыстық дабылды естуіне кедергі жасауы мүмкін. Шу
деңгейі жоғары орталарда пайдаланушылар көрнекі дабылдарды жиірек тексеруі керек.
ПАЙДАЛАНУ НҰСҚАУЛАРЫ
Кию
1. Тиісті кеңірдекті таңдаңыз (анықтама брошюрасын, бекітілген 3М кеңірдектер тізімін
қара.) жəне оның жоғарғы шетін жоғарғы қорғаныс конструкциясына қосыңыз.
Дем алу трубканаң байонет жағын қатаюшыны бұзылуға немесе тозуға тексеру керек (ауа
тасымалдайтын шамасы) . Егер жапрсар тозған немесе бұзылған болса демалу трубка
ауыстырылу керек
2. Белдікті лайықтаңыз жəне тағыңыз. Powered Air Turbo респираторы белде ыңғайлы
орналасуы керек (қапшықты орналастыру бойынша төмендегі ескертпені қараңыз). Тыныс
алу түтігінің төменгі шетін Powered Air Turbo респираторының шығысына салып, берік
орналасуын қамтамасыз ету үшін тыныс алу түтігін бұрыңыз.
3. Қорғаныс дулығаны сəйкес пайдаланушы нұсқауында көрсетілгендей лайықтаңыз.
4. Powered Air Trubo респираторын қосыңыз, Қорғаныс дулығасын орналастырып, кем
дегенде ең төмен ауа ағынының болуын қамтамасыз етіңіз. (Ауа ағыны ең аз деңгейден
төмен болса, дыбыстық дабыл естіледі – ақаулықтарды табу бөлімін қараңыз).
Ескертпе: Powered Air Turbo респираторын қосымша қапшыққа орналастыру үшін
63

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido