Bosch 0 607 453 4 Serie Manual Original página 213

Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 39
OBJ_BUCH-1585-005.book Page 213 Thursday, October 20, 2016 6:49 PM
Жинау
Сенімді пайдалану аспаптары
Бұрау моменті >10 Нм болған пневматикалық құралдар,
қосымша тұтқамен немесе қысқыш аспабымен 4 аймақта
бекітілуі қажет.
 Егер пневматикалық құралды ілгіш немесе қысқыш
аспапта пайдалану керек болса, ауа жетістіруді
қосудан алдын аспапты бекітіңіз. Осымен кездейсоқ
пайдаланудың алдын аласыз.
Қосымша тұтқа немесе қысқыш аспап пневматикалық
құралды бекем және қатты ұстауына көз жеткізіңіз.
Қысу орнын артық жүктемеңіз.
Ілгіш аспап (А суретін қараңыз)
Ілгішпен 13 пневматикалық құралды ілгіш аспапта бекіту
мүмкін.
0 607 453 4..
– Ілгішті 13 пневматикалық құралға орнатып ойыққа 14
кіргізіңіз.
Пневматикалық құрал ауырлық орталығына
байланысты алдынғы немесе артқы ойықты пайдалану
мүмкін.
0 607 461 4..
– Ілгішті 13 қысу орнына салыңыз 4.
 Жүйелік түрде ілгіш күйін және ілгіш аспаптың
ілгегін тексеріңіз.
Қысқыш аспап
– Берілген қысу аймағында 4 пневматикалық құралды
қысқыш аспабында бекіту мүмкін. Толық қысу орнын
пайдаланыңыз. Қысу орны кішірек болса қысу күштері
қаттырақ әсер етеді.
Қосымша тұтқа
– Қосымша тұтқаны 10 қысу орнына салыңыз 4.
Қосымша тұтқаны 10 қисатып бекем және шаршатпайтын
жұмыс күйін орнатыңыз.
– Қосымша тұтқаның жыжлыту үшін қалақты бұрғысын
сағат тіліне қарсы бағытта бұрап қосымша тұтқаны 10
қажетті күйіне қисатыңыз. Сосын қалақты тұтқаны сағат
тілімен бұрап және бекітіңіз.
Шығатын ауа жүйесі
Шығатын ауа жүйесімен шығатын ауаны шлангпен жұмыс
орнынан ары бағыттап бір уақытта оптималды дыбыс
өткізбеуге жету мүмкін. Сондай-ақ жұмыс шарттарын да
жақсартасыз, өйткені жұмыс орны майлы ауамен
ластанбайды немесе шаң мен жоңқа көтерілмейді.
Орталық ауа шығару (В суретін қараңыз)
– Шланг қамыттарын 16 ауа құйылу шлангында 15
босатып ауа құйылу шлангын келте құбыр 7 үстінен
шланг қамытын тартып бекітіңіз .
– Ауаны жұмыс орнынан ары бағыттайтын шығатын ауа
шлангын (орталық) 17, ауа құйылу шлангы 15 үстінен
орнатыңыз. Сосын пневматикалық құралды ауа
жетісітруге қосып („Ауа жетістіруге қосылу", 213 бетін
Bosch Power Tools
қараңыз) ауа шығуы шлангын (орталық) 17 орнатылған
ауа жетісітру үстінен құрал аяғына тартыңыз.
Жекелей ауа шығару (C суретін қараңыз)
– Бәсеңдеткішті ауа шығуынан 8 шығарып, шлангтық
келте құбырымен 7 алмастырыңыз.
– Шланг қамыттарын 16 ауа шығару шлангында 18
босатып ауа шығару шлангын келте құбыр 7 үстінен
шланг қамытын тартып бекітіңіз .
Ауа жетістіруге қосылу
 Ауа қысымы 6,3 бардан (91 пси) төмен болмауына
көз жеткізіңіз, өйткені пневматикалық құрал осы
жұмыс қысымына арналған.
Максималды қуатқа жету үшін шлангтың жарықтағы ені
мен қосылу ойығы көлемі „Техникалық мәліметтер"
кестесінде көрсетілгенлей болуы қажет. Толық қуатты
сақтау үшін шлангтардың максималды ұзындығы 4 м
болуы қажет.
Жеткізілген сығылған ауа бөгде дене мен ылғалдықтан бос
болуы қажет, өйткені пневматикалық құралды
зақымданудан, ластанудан немесе зеңден қорғау қажет.
Ескертпе: Сығылған ауа қызмет көрсету құрылғысын
пайдалану керек. Бұл құрылғы арқылы пневматикалық
құралдың мінсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мүмкін.
Қызмет көрсету құрылғысының пайдалану
нұсқаулықтарын орындаңыз.
Барлық арматура, біріктіру құбырлары мен шлангтар
қысым және талап етілген ауа көлеміне сай ретте
орындалуы қажет.
Жеткізу шлангтарының жаншылмауына, иілмеуіне немесе
жартылмауына көз жеткізіңіз!
Қажет болса ауа кіруінде манометрмен пнематикалық
құралды қосып қысымды өлшеңіз.
– Ауа ағымына қосудан алдын қосқыш/өшіргішті 9
(0 607 453 4..) немесе бірдей 11 мен 12
(0 607 461 4..) қосқыш/өшіргіштерін бірнеше рет
қозғатыңыз.
Ауа жетістіруінің пневматикалық құралға қосылуы
(D суретін қараңыз)
– Шлангтық келте құбырды 7 ауа кірісінің 6 біріктіретін
келте құбырына бұрап кіргізіңіз.
Пневматикалық құралдың ішкі клапан бөлшектерін
зақымдамау үшін, шлангтық келте құбырды 7 ауа
кірісінің 6 алдындағы біріктіретін келсе құбырына
бұрап кіргізу немесе шығару кезінде жазылма кілттімен
(кілт көлемі 22 мм) тіреңіз.
– Шланг қамыттарын 16 ауа құйылу шлангында 15
босатып ауа құйылу шлангын келте құбыр 7 үстінен
шланг қамытын тартып бекітіңіз .
Ескертпе: Ауа құйылу шлангын алдымен пневматикалық
құралға сосын қызмет көрсету құрылғысына қосыңыз.
1 609 92A 37M | (20.10.16)
Қaзақша | 213

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Este manual también es adecuado para:

0 607 461 4 serie

Tabla de contenido