Қауіпсіздік Нұсқаулары - MSA V-Gard H1 Manual De Instrucciones

Ocultar thumbs Ver también para V-Gard H1:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 30
Қауіпсіздік нұсқаулары
1
Қауіпсіздік нұсқаулары
Ескерту!
Пайдаланбас бұрын жəне пайдаланғаннан кейін бұл қорғаныс жабдығы мен оның бекітпе
жабдықтарында жарықтар, сызаттар, дақтар, осал жерлері, сынғаннан пайда болған сызат ізі,
түссізденген немесе ағарған жерлерінің бар-жоғын тексеріп алыңыз. Егер қорғаныс жабдығында
тозу немесе зақымдалу белгілері байқалса, оны дереу ауыстырыңыз. Соққыдан немесе енуден
кейін қорғаныс жабдығын əрдайым ауыстырыңыз.
Күнқағарлар көз бен бетті шектеулі қорғаныспен қамтамасыз етеді. Көзілдірік көзді шектеулі
қорғаныспен қамтамасыз етеді. Бұл қорғаныс жабдығы көп жағдайда ұшатын заттарға, ұсақ
заттарға, бөлшектерге, құмға, шашылған су секілді жағдайларға қарсы тиімді қорғанысты
қамтамасыз етуі керек. Тегістейтін дөңгелектердің бүлінуі немесе жарылатын құрылғылар
сияқты кейбір жағдайлар көзəйнекті сындырып, көздің немесе беттің жарақаттануына себеп
болуы мүмкін. Бұл қорғаныс жабдығын осы қауіпті заттардан соққы алу қаупі бар жерлерде
ПАЙДАЛАНБАҢЫЗ. Бұл қорғаныс жабдығын электрлік қауіптерден, инфрақызыл жəне
ультракүлгін сəулеленуден қорғау үшін ПАЙДАЛАНБАҢЫЗ.
Торлы күнқағарларды шашыраған сұйықтықтан, ағын судан, құмнан, шаңнан немесе осыған
ұқсас нəрселерден қорғау үшін ПАЙДАЛАНБАҢЫЗ. Торлы көз қорғағыштары – төменгі қуатты
соққыдан қорғау жабдығы жəне ол шашыраған сұйықтықтан (балқыған металмен қоса), ағын
судан, ыстық қатты заттардан, электрлік қауіптерден, құмнан, шаңнан немесе инфрақызыл жəне
ультракүлгін сəулеленуден ҚОРҒАМАЙДЫ. Кез келген қатты немесе өткір ұшқыш заттарға тиіп
кету қаупі бар кезде, S белгісі бар торлы қорғағыштарды ПАЙДАЛАНБАҢЫЗ. Бұл ереже F не
одан жоғары санаттағы белгімен белгіленген өнім үшін қолданылмайды. Кернеулі сымдар
немесе электр өткізгіштеріне тиіп тұрған торлы күнқағарларды ПАЙДАЛАНБАҢЫЗ. Қауіпті
электр тогы соғуы мүмкін.
Теріге тиетін материал сезімтал адамдарға аллергиялық реакция беруі мүмкін.
Бұл қорғаныс жабдығын дəнекерлеу кезінде немесе инфрақызыл сəулеленудің басқа көздерінен
қорғау үшін ПАЙДАЛАНБАҢЫЗ. Бұл қорғаныс жабдығын спортқа, шартты соғыс ойындарына,
пейнтбол ойындарына немесе осыларға ұқсас əрекеттерге ПАЙДАЛАНБАҢЫЗ.
Бұл ЖҚЖ тек мақсаты бойынша пайдаланылуы тиіс.
Əрдайым қорғаныш көзілдірігін немесе қауіпсіздік көзілдірігін күнқағарлармен бірге тағыңыз.
Қорғаныш көзілдірігі немесе қауіпсіздік көзілдірігі EN 166:2001, EN 1731:2007, ANSI/ISEA Z87.1
жəне CSA Z94.3 соңғы түзетулерінің тиісті талаптарына сай болуы КЕРЕК. Бұл қорғаныс
жабдығын стандартты көзілдіріктің үстінен киюдің нəтижесінде пайдаланушыға көп соққы күші
түсуі мүмкін.
Көзілдірік соққыға жəне қауіпсіздік көзілдірігіне қойылатын ANSI/ISEA Z87.1 жəне CSA Z94.3
®
стандарттарындағы басқа тиісті талаптарға сəйкес келеді. V-Gard
H1 қауіпсіздік каскасын
пайдалану нұсқаулығындағы нұсқауларға сəйкес, касканың басыңызға сəйкес келіп тұрғанына
жəне оның орнықты жəне дұрыс киілгеніне көз жеткізіңіз. Жұмыс істеу күйіндегі көзілдірік киген
KZ
болсаңыз жəне бетіңіз бен көзілдіріктің арасы ашық болса, бұл сыртқы агенттердің көзіңізге
енуіне жəне зиян тигізуіне əкелуі мүмкін. Көзілдіріктің астынан қауіпсіздік көзілдірігін тағыңыз.
Қауіпсіздік көзілдірігі EN 166:2001, EN 1731:2007, ANSI/ISEA Z87.1 жəне CSA Z94.3 соңғы
түзетулерінің тиісті талаптарына сай болуы КЕРЕК. Көзілдірікті стандартты көзілдіріктің үстінен
киюдің нəтижесінде пайдаланушыға көп соққы күші түсуі мүмкін.
Бұл ескертулерді орындамау ауыр жарақатқа не өлімге əкеп соқтыруы мүмкін.
MSA күнқағарлары өнімде белгіленген EN 166:2001, EN 1731:2007, ANSI/ISEA Z87.1 жəне
CSA Z94.3 талаптарына сəйкес келеді. V-Gard H1 қауіпсіздік каскасына арналған MSA ұсынған
көз жəне бет қорғанысы 2016/425 (ЕО) нұсқамасының талаптарына сəйкес келеді. Қауіпсіздік
стандарттарына сай болуы үшін, бұл өнімдерді тек MSA ұсынған V-Gard H1 қауіпсіздік
каскасымен бірге пайдаланыңыз.
Осы нұсқауларды оқып шыққаннан кейін, осы күнқағар арқылы қорғау жөнінде сұрақтарыңыз
болса немесе сəйкестік декларациясының көшірмесін алу үшін MSA тұтынушыларға қызмет
көрсету орталығына 1-800-MSA-2222 телефоны бойынша қоңырау шалыңыз немесе
www.MSAsafety.com\DoC веб-сайтына кіріңіз.
®
51
V-Gard
H1 қауіпсіздік каскасы - көз жəне бет қорғанысы

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido