Қауіпсіздік Нұсқаулары - MSA V-Gard H1 Manual De Operación

Ocultar thumbs Ver también para V-Gard H1:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 30
1
Қауіпсіздік нұсқаулары
Ескерту!
Бұл пайдаланушы нұсқаулығын каскадан тек соңғы пайдаланушы алып тастауы тиіс. Барлық
нұсқауларды оқып, орындаңыз.
MSA корпусы бар дұрыс MSA аспасын пайдаланыңыз. Аспаның жəне касканың өлшемі бірдей
екеніне көз жеткізіңіз (мысалы, стандартты өлшемдегі каскамен тек стандартты өлшемді аспаны
пайдаланыңыз). Егер аспа мен каска өлшемдері əртүрлі болса, каска қорғанысы азаяды.
Бұл каска бастың жоғарғы жағына тиетін соққы əсерінен жəне енуден шектеулі қорғаныспен
қамтамасыз етеді. Бұл каска алдыңғы, бүйірлік немесе артқы (яғни, «латеральді») соққылардан
арнайы қорғауға арналмаған. I типті өнеркəсіптік қорғаныс каскасы ретінде, бұл каска шағын
құралдар, болттар, шегелер мен ұқсас қауіпті заттардан тиімді қорғауы тиіс. Кейбір жағдайлар
касканың ауыр жарақат пен өлімге алып келу қаупінен қорғайтын қабілетінен асып түсуі мүмкін.
Бұл касканы қауіпті заттардан ауыр соққы алу немесе ену қаупі бар жерлерде пайдалануға
БОЛМАЙДЫ.
Бұл касканы ешқашан автокөлік не спорт каскасы ретінде пайдалануға БОЛМАЙДЫ. Бұл
касканы ешқандай жолмен өзгертуге немесе модификациялауға БОЛМАЙДЫ. Касканы бояуға
немесе оған MSA тарапынан ұсынылмаған белгілерді, жапсырмаларды бекітуге БОЛМАЙДЫ.
Бұл ЖҚЖ тек мақсаты бойынша пайдаланылуы тиіс.
Бұл ескертулерді орындамау ауыр жарақатқа не өлімге əкеп соқтыруы мүмкін.
®
MSA V-Gard
H1 қауіпсіздік каскалары I тип үшін ANSI/ISEA Z89.1, I тип үшін CSA Z94.1,
MSA өндірген Fas-Trac
EN 397/A1:2012 стандарттарымен үйлесімді конфигурацияларда қолжетімді. MSA V-Gard H1
қауіпсіздік каскалары 2016/425 (ЕО) нұсқамасының талаптарына сəйкес келеді. Тиісті
стандарттармен жəне опциялармен танысу үшін касканың ішіндегі жапсырманы қараңыз.
Осы нұсқауларды оқып шыққаннан кейін, осы каска арқылы қорғаныс жөнінде сұрақтар болса
немесе сəйкестік декларациясының көшірмесін алу үшін MSA тұтынушыларға қызмет көрсету
орталығына 1-800-MSA-2222 телефоны бойынша қоңырау шалыңыз немесе
www.MSAsafety.com/DoC веб-сайтына кіріңіз.
1.1
СЕ растамасы - өнім таңбасы
Каска (ЕО) 2016/425 нұсқамасының талаптарына сəйкес келеді жəне төмендегі міндетті емес
талаптарды (корпусында көрсетілген) қамтитын EN 397/A1:2012 стандартына сəйкес
сертификатталған:
440 В АТ = Электр изоляциясы
-30°C = Өте төмен температура
= EN 50365:2002 стандарты бойынша номиналды кернеуі 1000 В ауыспалы токқа
жəне 1500 В тұрақты токқа дейінгі орнатуға арналған 0 электр класы
Пайдаланушыларға арналған ақпарат EN 50365:2002
Қос үшбұрыш таңбасы V-Gard H1 саңылаусыз каскасының электрлік
оқшауланғанын көрсетеді. Ол нақты жағдайларда немесе 1000 В АТ жəне 1500 В
ТТ дейін номиналды кернеумен ток өткізгіш бөліктерге жақын орнату үшін
пайдаланылады.
®
III топсалы аспасымен жинақталған кезде жəне / немесе
®
V-Gard
H1 қауіпсіздік каскасы
Қауіпсіздік нұсқаулары
KZ
51

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido