СИПАТТАМАСЫ
Маңызды денсаулық жəне қауіпсіздік талаптары:
Құрылғы ATEX директивасына жəне EN 60079-0,
EN 60079-15, EN 60079-31 жəне EN 13463-1 стан-
дарттарына сəйкес əзірленген.
Бұл құрылғы II топты газдардан, булардан не
тұмандардан (3G санаты) жəне шаңдардан (3D сана-
ты) болған жарылыс қаупі мүмкін орталарда орнату
үшін шығарылған.
Электрондық басқару құралымен жұмыс істеп
жатқанда, G3 немесе 580 ATEX электрондық
құрылғыларына арналған арнайы нұсқауларды,
орнату жəне техникалық қызмет көрсету парағын
қараңыз. Кері жағдайда 599 ATEX электрлік қуатпен
жабдықтау бойынша арнайы нұсқауларды, орнату
жəне техникалық қызмет көрсету парағын қараңыз.
«ҚАУІПСІЗ ПАЙДАЛАНУ ҮШІН АРНАЙЫ ЖАҒДАЙЛАР»
бөлімінде көрсетілгендей пайдаланудың барлық ар-
найы шарттарын түсінгеніңізге көз жеткізіңіз.
Газ жəне шаң қолданбалары
Классификация:
II 3G Ex nA IIC T4 Gc IP54 X не IP65 X
II 3D Ex tc IIIA не IIIB T85°C Dc IP54 X не
Ex tc IIIC T85°C Dc IP65 X
Газ қолданбалары
Классификация:
II 3G Ex nA IIC T4 Gc IP54 X
X əрпінің мағынасы: Қауіпсіз пайдалану үшін арнайы
жағдайлар тексеріңіз..
ҚАУІПСІЗ ПАЙДАЛАНУ ҮШІН АРНАЙЫ ЖАҒДАЙЛАР
Газ жəне шаң қолданбалары
Құрылғы EN 60079-0, EN 60079-7 жəне EN 60079-31
стандарттарына сəйкес IP65 не IP54 қорғаныс деңгейіне
ие электроавтоматика шкафында орнатылуы тиіс.
Газ қолданбалары
Құрылғы EN 60079-0 жəне EN 60079-7 стандарт-
тарына сəйкес IP54 қорғаныс деңгейіне ие электро-
автоматика шкафында орнатылуы тиіс.
ASCO Numatics құрамдастары фирмалық тақтайшада
не құжаттамада көрсетілген техникалық сипаттамаларға
сəйкес пайдалануға арналған. Шкафтың ішкі темпера-
турасы минималды -10°C жəне максималды +50°C-тан
аспауы керек. Ол қоршаған орта температурасының
толық ауқымын жəне барлық орнатылған электр
жабдықтарының жалпы қуат тұтынылуын көтере ала-
тындай етіп құрастырылуы тиіс. Құрылғының ешбір
құрамдасын қосалқы бөлшектерін ауыстырғаннан
басқа кезде бөлшектемеңіз. Тек бірдей ATEX қосалқы
бөлшектерімен алмастыруға рұқсат етіледі. Əйтпесе,
өндірушінің кепілдігі бұзылады.
IP54 не IP65 сипаттамалары құрылғыны шкафта
орнатқан кезде орындалуы тиіс. Барлық нығайтқыштар
мен сыртқы электрлік жəне пневматикалық қосылымдар
IP кодына сəйкес тығыздалған болуы тиіс.
Қуат көзіне қосулы тұрғанда ашаларды розетка-
лардан ажыратуға тыйым салынған
Қорғаушы жерге тұйықталудың өлшемі қуат кабелінің
минималды өлшеміне тең болуы тиіс. Кабель арқылы
құрылғы мен электроавтоматика шкафының ара-
сында эквипотенциалды байланыс бар екеніне көз
жеткізіңіз. Электрлік қосылымдардың оңай шатасып
не оралып қалмауына көз жеткізу жəне қалыпты
жұмыс барысында электрлік қосылымдардың
тұрақты байланыс қысымын қамтамасыз ету үшін
бұл қосылымдарды білікті қызметкер орнатуы тиіс.
ASCO SAS
53 rue de la Beauce, 28110 Luce - FRANCE
775 729 098 RCS Chartres
ATEX
Барлық штепсельдік ашалар EN 60079-15 стан-
дартына сəйкес бекіткіш механизмдермен немесе
құлыптау құралдарымен жабдықталуы тиіс
Макс. қуат қамту кернеуі 26,4 ВТТ аспауы тиіс.
Берілетін кернеуді номиналды кернеудің 140%-на
шектеу үшін қорғаныс қолдаынлуы қажет.Конфигу-
рациялар үшін мақұлданған соленоидтік басқару
клапандарының максималды санынан асырмаңыз
(TABLE 1 қараңыз).
Электростатикалық зарядқа шалдығу қаупі:
Шашырайтын магниттік өрістер тудыратын айнал-
малы токтың əсерлеріне қарсы сақтық шаралары
қолданылуы тиіс.
Құрылғыда электростатикалық зарядтардың жина-
луына жол бермеңіз.
Антистатикалық байланыс түтіктерін пайдаланыңыз.
Жылдам орнатылатын металл муфталарын қолданыңыз.
Блоктағы ауаның қозғалысына жол бермеңіз.
Діріл қорғанысы EN 60068-2-6 талаптарына сəйкес
келуі керек:
10..60 Гц көрсеткішінде 0,15 мм; 60..500 Гц
көрсеткішіндегі 2 г үдеу
Ауыстыру бөліктерін пайдаланып жатқанда:
- ATEX кодтары бар қосалқы бөлшектерді ғана
пайдаланыңыз.
- Пайдалану нұсқаулығындағы бөлшектеу жəне
қайта жинау ережелерін қатаң түрде сақтаңыз.
Ауыстыру өнімін жинағаннан кейін, пайда
- 580 электроникасы: Қосалқы өнімді жинағаннан кейін,
580 ATEX бойынша пайдалану жөніндегі нұсқаулықта
сипатталғандай өнімнің біртұтастығын тексеріңіз.
Жылдам орнатылатын муфтаны қосу əрекеті де
:
бүтіндікті жаппай тексеруді талап етуі мүмкін.
Назар аударыңыз: бұл ауыстыру процедурасы
сақталмаса, бүкіл құрылғыға арналған сертификат
жарамсыз болады.
ЖАЛҒАУ
• Барлық саңылауларды сұйықтыққа тиетіндей
жалғаңыз.
• Құрамдасты қабылдауға арналған құбырларды
тазалаңыз.
• Құбырларды тиісті саңылауларға жалғаңыз:
1 қысым/2,4: қолданбалар/3,5: шыққан газ құбыры.
Сұйықтықтың ағу бағынын ескеріңіз.
• Сипатталған жалғау тəсілдерін ғана
пайдаланыңыз.
• Əсіресе, жалғанған жерді тығыздау барысында
тізбекке бөтен заттардың кіріп кетуіне жол бермеңіз.
• Құбырдың иілген жерлерінің радиусын ескеріңіз,
сұйықтық айналымының саңылауларын бітемеңіз.
• Жалғанған түтіктер мен элементтер өнімге
ешқандай тарту, айналдыру моментін немесе шек-
теу қоймауы мүмкін.
• Тиісті құралды пайдаланыңыз жəне гайка кілттерін
жалғанған жерге барынша жақын қойыңыз.
• Құбырдың жалғанған жерлерін тартып бекіту
кезінде ұсынылған айналдыру моментін ескеріңіз.
• Жалғанған жерлер мықты болуы қажет.
ЖҰМЫС
Материалдың зақымдалуын немесе дене
жарақатының алдын алу үшін, реттелетін клапанды
ұстамаңыз. Ол қалыпты жұмыс істеу жағдайында
қызып кетуі мүмкін. Реттелетін клапан қолжетімді
жерде орналасқан болса, абайсызда тиіп кет-
пеу үшін, орнатушы маман қорғаныс құралын
қамтамасыз етуі қажет.
USA Numatics, Incorporated
36
46280 Dylan Drive, Novi, Michigan 48377
P: 248-596-3200 - F: 248-596-3201
q
KZ
http://www.asco.com
37