Hilti VC 60-W Manual De Instrucciones página 249

Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 47
4. Сорғыштың жоғарғы бөлігін шаң жинағыштың үстіне қойып, екі ілмекті де жабыңыз.
6.5
Шаң жинағышы жоқ кір жинағышты (сұйықтықтарды кетіру кезінде) босату
Пайдаланылған суды өңдеу бойынша жергілікті нұсқамаларды ұстаныңыз.
1. Кабель ашасын желілік розеткадан шығарыңыз.
2. Ағызу шлангісінен қақпақты алып тастаңыз.
3. Ағызу шлангісін ұстағыштан шығарып алыңыз.
4. Ағызу шлангісін еденге жайыңыз.
▶ Кір су ағып шығады.
5. Сорғыштың жоғарғы бөлігін кір жинағыштан алыңыз және оны тегіс бетке қойыңыз.
6. Шаңға арналған контейнерді босату үшін арнайы тұтқалардан ұстап, төңкеріңіз..
7. Кір жинағыштың жиегін шүберекпен тазалаңыз.
8. Сорғыштың жоғарғы бөлігін шаң жинағыштың үстіне қойып, екі ілмекті де жабыңыз.
7
Күту және техникалық қызмет көрсету
7.1
Аспапқа күтім көрсету
ЕСКЕРТУ
Ток соғудан қауіп бар! Электрлік бөлшектерді қате жолмен жөндеу ток соғудан ауыр жарақат алуға
әкелуі мүмкін.
▶ Электрлік бөлшектерді жөндеу жұмысын тек электрші маман орындауы тиіс.
▶ Аспапты, әсіресе тұтқыштың беттерін, таза және құрғақ күйде, май мен майлайтын майдың іздерінсіз
сақтаңыз. Құрамында силикон бар тазалау заттарын қолданбаңыз.
▶ Шаңсорғышты бітелген желдету саңылауларымен қолдануға болмайды! Желдету саңылауын жайлап
құрғақ щеткамен тазалаңыз. Аспаптың ішкі бөлігіне бөгде заттардың кіруін болдырмаңыз.
▶ Аспаптың сыртқы жағын сәл суланған шүберекпен жиі тазалаңыз. Тазалау үшін бүріккіш аспаптарды,
бу ағызу аспаптарын немесе ағатын суды қолданбаңыз, себебі аспаптың электрлік қауіпсіздігіне қауіп
төнуі мүмкін.
7.2
Сүзетін элементті орнату/алмастыру
1. Кабель ашасын желілік розеткадан шығарыңыз.
2. Сүзгі қақпағының ілмегін ашыңыз.
3. Сүзгі қақпағын ашыңыз.
4. Сүзетін элементті ұстағыштағы ұстайтын жерлерінен ұстап жайлап шығарыңыз.
5. Тығыздағыш бетін шүберекпен тазалаңыз.
6. Жаңа сүзетін элементті салыңыз.
7. Бекіткішті алға жылжытып, сүзгі қақпағын жабыңыз.
8. Сүзгі қақпағының ілмегін жабыңыз.
7.3
Толу деңгейін бақылауды тексеру
1. Сорғыштың берік тұруына жол беру үшін дөңгелек тежегіштерін іске қосыңыз.
2. Кабель ашасын желілік розеткадан шығарыңыз.
3. Екі ілмекті де ашыңыз.
4. Сорғыштың жоғарғы бөлігін кір жинағыштан алыңыз және оны тегіс бетке қойыңыз.
5. Өшіретін контакттерде кір жоқ екенін тексеріңіз және қажет болғанда оларды щетка көмегімен
тазалаңыз.
6. Сорғыштың жоғарғы бөлігінің тығыздағышында кір бар-жоғын тексеріңіз және қажет болса оны
шүберекпен тазалаңыз.
7. Қалтқылы ауыстырып-қосқышты жоғары көтеру арқылы оның жұмысын тексеріңіз.
▶ Қалтқылы ауыстырып-қосқыштың ішіндегі шар қозғалысы анық көрінуі тиіс.
8. Сорғыштың жоғарғы бөлігін шаң жинағыштың үстіне қойып, екі ілмекті де жабыңыз.
*2333433*
3
4
2333433
2
Қазақ
245

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido