2. ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫНЫҢ НҰСҚАУЛАРЫ
СОҚҚЫ араның артқа қарай секіріп кетуін тудыруы мүмкін.
C. Әдетте, желдеткіш саңылаулары жылжымалы бөлшектерді жауып тұрады,
сондықтан сол жерлерге жоламау қажет. Кең киім, әшекей немесе ұзын шаш
жылжымалы бөлшектерге ілініп қалуы мүмкін.
D. Шегелер мен бұрандаларды кеспеңіз. Ағаш материалды кесуден бұрын
тексеріп, одан шегелерді алып тастаңыз.
ЕСКЕРТУ: Механикалық ажарлау, кесу, тегістеу, тесу және басқа құрылыс
әрекеттері нәтижесінде пайда болған шаңның құрамында Калифорния штатында
қатерлі ісік, туа біткен аурулар тудыратын немесе басқа да репродуктивті зиян
келтіретін химиялық заттар ретінде белгілі заттар бар. Осы химиялық заттардың
кейбір мысалдары:
. Қорғасын негізіндегі бояудан шығатын қорғасын,
. Кірпіштерден, цементтен және басқа тас өнімдерінен шығатын кристалл
кварцы,
. Химиялық жолмен өнделген ағаш материалынан шығатын күшән мен хром.
. Жұмыстың осы түрін қаншалықты жиі орындайтыныңызға байланысты осы
химиялық заттардан төнетін қауіп әртүрлі болады. Осы химиялық заттардың
әсерін азайту үшін:
. Жақсы желдетілетін жерде жұмыс істеңіз және микроскопиялық бөлшектерді
сүзгілеу үшін арнайы дайындалған шаңнан қорғайтын маскалар сияқты
мақұлданған қауіпсіздік жабдықтарын пайдаланып жұмыс істеңіз.
. Механикалық ажарлау, кесу, тегістеу, тесу және басқа құрылыс әрекеттері
нәтижесінде пайда болған шаңды ортада ұзақ жұмыс істемеңіз. Қорғаныш
киімін киіңіз және шаң астында қалған дене бөлігін сабын және сумен жуыңыз.
Шаң ауызға, көзге енсе немесе теріге қонса, зиянды химиялық заттар денеге
сіңіп кетуі мүмкін.
FR
ES
PT
IT
EL
PL
RU
UA
KZ
RO
BR
EN
267