Қатты Немесе Икемді Орнату - Bosch GTS 10 XC Professional Manual Original

Ocultar thumbs Ver también para GTS 10 XC Professional:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 62
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандар арқылы
өңделуі мүмкін.
– Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін
шаңсорғышты пайдаланыңыз.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Шаң-/жоңқа сору шаң, жоңқа немесе дайындама
сынықтары арқылы тығыздануы мүмкін.
– Электр құралын өшіріп желі айырын розеткадан
тартып қойыңыз.
– Аралау дискісі толық тоқтағаныша күте тұрыңыз.
– Тығыздану себебін айқындап оны жойыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналмауын
u
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Алюминийді аралау кезінде өрт қаупіне жол
u
бермеу үшін жоңқаны шығаруға арналған келте
құбырды және астыңғы ара дискісінің қаптамасын
босатыңыз және жоңқа сорғышты пайдаланбаңыз.
Сыртқы сорғыш (i суретін қараңыз)
Жеткізілім жинағындағы сору адаптерін (41)
шаңсорғышты жоңқаны шығаруға арналған келте
құбырға (40) жалғау үшін пайдаланыңыз.
– Сору адаптерін (41) және шаңсорғыш шлангісін
мықтап енгізіңіз.
Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.
Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ
шаңдар үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Астыңғы ара дискісінің қаптамасын тазалау (j суретін
қараңыз)
Дайындаманың сынықтарын және үлкен жоңқаны шығару
үшін астыңғы ара дискісінің қаптамасын (57) ашуға
болады.
– Электр құралын өшіріп, желілік ашаны розеткадан
суырып алыңыз.
– Ара дискісі толық тоқтағанша күте тұрыңыз.
– Электр құралын бүйіріне аударыңыз.
– Төменгі плитаның (45) екі бекіткіш бұрандасын алты
қырлы кілтпен (37) босатып, төменгі қақпақты
қайырыңыз.
– Бекіткіш бұранданы (58) босатып, астыңғы ара
дискісінің қаптамасын (57) ашыңыз.
– Дайындаманың сынықтары мен жоңқаны шығарыңыз.
– Астыңғы ара дискісінің қаптамасын жауып, қайтадан
бұрап бекітіңіз.
Төменгі плитаны қайтадан бұрап бекітіңіз.
– Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.
Bosch Power Tools
Қатты немесе икемді орнату
Тұрақты пайдалануды қамтамасыз ету үшін электр
u
құралын пайдаланудан алдын тегіс бекем жұмыс
аймағына (мысалы верстак) орнату керек.Ж.
Жұмыс аймағында орнату (k суретін қараңыз)
– Электр құралын арнайы бұрандалы қосылыммен
жұмыс аймағында бекітіңіз. Бұл ретте саңылаулар (16)
пайдаланылады.
Bosch жұмыс үстеліне орнату (l суретін қараңыз)
Bosch жұмыс үстелдері (мысалы, GTA 6000) биіктігі
реттелетін аяқтары арқылы электр құралын кез келген
бетте бекіте алады.
Жұмыс үстеліне қатысты барлық ескертулер мен
u
нұсқауларды оқып шығыңыз. Ескерулер мен
нұсқауларды орындамаудан ток соғуы, өрт пайда
болуы және/немесе ауыр жарақат алу қаупі туындауы
мүмкін.
Электр құралын орнатпас бұрын жұмыс үстелін
u
дұрыстап құрастырыңыз. Бұзылу қаупін болдырмау
үшін мінсіз құрастыру маңызды болып табылады.
– Электр құралын тасымалдау күйінде жұмыс үстеліне
орнатыңыз.
Ара дискісін алмастыру (m1−m4 суреттерін
қараңыз)
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Аралау дискісін орнату кезінде қорғағыш қолғап
u
киіңіз. Жарақат алу қаупі бар.
Максималды рұқсат етілген жылдамдығы электр
u
құралыңыздың бос айналу моментіне жоғары
болған аралау дискілерін пайдаланыңыз.
Тек осы пайдалану нұсқаулығында және электр
u
құралында берілген деректерге сәй және EN 847-1
бойынша тексерілген болып тиісті ретте
белгіленген аралау дискілерін пайдаланыңыз.
Осы электр құралының өндірушісі ұсынған және
u
өңдегіңіз келетін материал үшін жарамды ара
дискілерін ғана пайдаланыңыз. Осылайша ара
тістері ұштарының қатты қызуына және өңделетін
пластмассаның балқуына жол бермейсіз.
Тез кесетін болаттан жасалған, төзімділігі жоғары
u
аралау дискілерін пайдаланбаңыз. Мұндай аралау
дискілері оңай сынуы мүмкін.
Ара дискісін алып тастау
– Қос иінді (20) сағат тілінің бағытына қарсы ара дискісі
(33) аралау үстелінің үстінде ең жоғарғы күйде
тұратындай етіп тірелгенше бұраңыз.
– Қыспа иінтіректі (49) ашып, қорғаныш қаптаманы (6)
сынадағы (7) ойықтан шығарыңыз.
– Үстел ендірмесін (32) бұрауыштың көмегімен алға
көтеріп, оны аспап саңылауынан шығарып алыңыз.
Қазақ | 319
1 609 92A 7WN | (14.06.2022)

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Este manual también es adecuado para:

3 601 m30 4033 601 m30 4733 601 m30 4323 601 m30 462

Tabla de contenido