Descargar Imprimir esta página

Hilti NURON TE DRS-4/6 Manual De Instrucciones página 200

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 40
3. Жүрісті алдын ала орнату түймесін жіберіңіз.
5.5
Бұрғылау тереңдігін орнату (тереңдік шектегіші)
Егер дәлме-дәл бұрғылау тереңдігі қажет болса, оны сынақ бұрғылау арқылы анықтау керек.
1. Тереңдік шектегішінің түймесін басып тұрыңыз.
2. Сақинаны қалаулы бұрғылау тереңдігіне дейін жылжытыңыз.
3. Тереңдік шектегішінің түймесін жіберіңіз.
5.6
Шаң жинау қорабын босату
Сүзгі толған кезде шаң мөлшері шамадан артық болуы мүмкін болғандықтан, сүзгіні жиі босатып
тұру керек. Тыныс алу органдарының қорғанысын пайдаланыңыз.
1. Аспапты көлденеңінен ұстап, қысқа уақытта жұмыс істетіңіз.
▶ Осылайша шаңсорғыш модульде жиналған шаң қалдықтары шаң жинау қорабына сорылады.
2. Шаң жинағыштың босату түймесін басып тұрыңыз.
3. Шаңсорғыш модульден шаң жинау қорабын тартып, шығарыңыз.
4. Шаң жинау қорабын босатыңыз.
5. Шаң жинау қорабы сырт етіп орнына түскенше, оны шаңсорғыш модульге төмен қарай сырғытып
салыңыз.
5.7
Шаңсорғыш модульді бөлшектеу
1. Перфоратордың оңға/солға айналуын ортаңғы күйге ауыстырыңыз.
2. DRS босатқышын басып тұрыңыз.
3. Шаңсорғыш модульді аспаптан алға қарай тартыңыз.
5.8
Экстракциялық бастиекті алмастыру
1. Шаңсорғыш модульді перфоратордан шығарыңыз.
2. Экстракциялық бастиектің құлыптан босату түймесін басып, сол күйінде ұстап тұрыңыз.
3. Ескі экстракциялық бастиекті бағыттауыштан тартып алыңыз.
4. Жаңа экстракциялық бастиекті бағыттауышқа тірелгенше кіргізіңіз.
6
Күту және техникалық қызмет көрсету
6.1
Күту және техникалық қызмет көрсету
▶ Модульдің барлық бөлшектерінде зақымдардың бар-жоғын және ақаусыз жұмысын жиі тиксеріп
тұрыңыз. Бөлшектері зақымдалған немесе ақаулы жұмыс істеген модульмен ешқашан жұмыс
істемеңіз.
▶ Су, май, жағармай не жуғыш заттарды пайдаланбаңыз.
▶ Шаңсорғыш модуль құрғақ қылшақпен және жуғыш шүберекпен ғана тазалаңыз.
▶ Сүзгі материалын тазалау кезінде сүзгі материалына тимеңіз және тазалау үшін қысымдалған ауаны
пайдаланбаңыз. Бұл сүзгі материалын зақымдауы мүмкін.
7
Күтім және техникалық қызмет көрсету
ЕСКЕРТУ
Аккумулятор енгізілген кезде жарақат алу қаупі бар !
▶ Күтім және техникалық қызмет көрсету бойынша кез келген жұмыстарды орындамас бұрын
әрдайым аккумуляторды шығарыңыз!
Өнімге қызмет көрсету
Қатты жабысып қалған кірді абайлап кетіріңіз.
Бар болса, желдету саңылауларын құрғақ, жұмсақ қылшақпен жақсылап тазалаңыз.
194
Қазақ
5
6
7
8
2290878
*2290878*

Publicidad

loading