Descargar Imprimir esta página

3M PELTOR ProTac III Manual Del Usuario página 131

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 59
7. БЕКІТУ НҰСҚАУЛАРЫ
Пайдалану алдында есту протекторын
тексеріңіз. Егер зақымдалса, зақымдалмаған
есту протекторын таңдаңыз немесе шулы
ортаны болдырмаңыз.
7.1. БАЙЛАУЫШ
G:1 Қақпақтарды сыртқа сырғытып, қабықша
үстін сыртқа еңкейтсеңіз, кабель байлауыш
сыртында болуы қажет.
G:2 Доғаны орнында ұстап тұрып
табақшаларды жоғары немесе төмен
жылжыту арқылы олардың биіктігін реттеңіз.
G:3 Байлауыш көрсетілгендей бас үстіне
орналастырылуы керек және гарнитура
салмағын көтеруі керек.
7.2. ТАСЫҒЫШ ТІРКЕМЕСІ
G:7 Тасығыш тіркемесін тасығыш ұясындағы
ұяшыққа енгізіп, орнына (G:8) түсіріңіз.
G:9 Жұмыс режимі: Байлауыш сымдарын екі
жағынан дыбыс естілгенше ішке басыңыз.
Стакандар мен байлауыш сымдары жұмыс
режимінде тасығыш шетін баспайтынын
тексеріңіз, себебі бұл құлаққаптың шуды
төмендету мүмкіндігін азайтуы мүмкін.
G:10 Желдету режимі: Құрылғыны жұмыс
режимінен желдету режиміне ауыстыру үшін
дыбыс естілгенше құлаққаптарды сыртқа
тартыңыз. Қақпақтарды тасығышқа (G:11)
қарсы қоймаңыз, себебі бұл желдетуге кедергі
келтіреді.
8. ПАЙДАЛАНУ НҰСҚАУЛАРЫ
8.1. ГАРНИТУРАНЫ ҚОСУ ЖӘНЕ
ӨШІРУ
On/Off/Mode түймесін (F:9) басып тұрыңыз.
Дауыстық хабар растайды.
8.2. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ЕСТУ
ҮШІН ДЫБЫС ДЕҢГЕЙІН
РЕТТЕУ
Қоршаған ортаны есту мақсатында дыбыс
деңгейін реттеу үшін «+» немесе «–» түймесін
басыңыз. Бес дыбыс деңгейі бар, оның ең
төмені — дыбыссыз режим.
8.3. 3,5 ММ СЫРТҚЫ КІРІС ҰЯСЫ
АРҚЫЛЫ ТЫҢДАУ
Сыртқы құрылғыны 3,5 мм кабель (бөлек
сатылады) арқылы 3,5 мм кіріс ұясына
жалғаңыз. Сыртқы құрылғыдағы дыбыс
деңгейін реттеңіз.
8.4. АВТОМАТТЫ ҚУАТТЫ ӨШІРУ
Құрылғы төрт сағат бойы жұмыс істемегеннен
кейін автоматты түрде өшеді. «Automatic
power off» (Қуатты автоматты түрде өшіру)
дауыстық хабары, артынша қысқа дыбыстық
сигналдар қатары естіледі де, содан кейін
құрылғы өшеді.
9. ӨНІМНІҢ ЖАРАМДЫЛЫҚ
МЕРЗІМІ
Өнімді жасалған күннен бастап 5 жыл ішінде
ауыстырған жөн. Бұл өнімнің жарамдылық
мерзімі ол сақталған, пайдаланылған, қызмет
көрсетілген және күтім көрсетілген ортаға өте
байланысты. Пайдаланушы өнімнің мерзімі
соңына жеткенін білу үшін оны тұрақты түрде
тексеріп отыруы тиіс. Өнімнің пайдалану
мерзімінің соңына жетуінің мысалдары:
• Көзге көрінетін жарықтар, майысулар,
кеңею немесе бөлшектердің орнында жоқ
болуы.
• Есту протекторының төмендеу тиімділігінің
нашарлауын сезіну, біртүрлі шуыл немесе
өнімнің электрондық дыбыс жүйесінен
қалыптан тыс жоғары дыбыс деңгейлерінің
шығуы.
ЕСКЕРТПЕ: Өнімнің жарамдылық мерзімінің
батареяларға қатысы жоқ.
10. ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТІМ
КӨРСЕТУ
• Батареялардың күйін көзбен қарап тексеріп
отырыңыз (J:3 суретін қараңыз). Батарея
ағуы немесе ақаулары байқалса, оны
ауыстырыңыз.
• Сыртқы жабындарын, байлауышты және
құлақ жастықшаларын тазалау үшін
сабынмен және сумен суланған шүберекті
пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Есту протекторын суға
БАТЫРМАҢЫЗ. Егер есту протекторы
жаңбырдан немесе терден суланса,
құлаққаптарды сыртына шығарып, құлақ
жастықшалары мен пенопласт төсегіштерді
алып, қайта жинақтау алдында кептіріңіз.
Құлақ жастықшалары және пенопласт
төсегіштер пайдаланумен нашарлауы мүмкін,
сол себепті сыныққа немесе басқа зақымға
жүйелі түрде тексерілуі керек. Жүйелі
пайдаланған кезде 3M ұйымы тұрақты
123
KZ

Publicidad

loading