FR
x.xx
ES
2.4 ЖҰМЫС ОРНЫНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ
A) Жұмыс орны таза әрі жарық болуы қажет. Жұмыс орнының лас
PT
немесе қараңғы болуы оқыс оқиғалардың пайда болуына себеп болады.
B) Электр құралдарын тұтанғыш сұйықтықтар, газдар немесе шаң
сияқты заттар болатын жарылыс қаупі бар орталарда пайдаланбаңыз.
Электр құралдары шаңды немесе түтінді тұтандыруы мүмкін
IT
ұшқындар шығарады.
2.5 ЭЛЕКТР ЖҮЙЕЛЕРІН ПАЙДАЛАНУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ
EL
A) Электр құралының ашалары розеткаға сәйкес келуі қажет.
Ашаны еш уақытта өзгертпеңіз. Ешқандай адаптер штепсельдерін
жерге тұйықталған электр құралдарымен бірге пайдаланбаңыз.
Өзгертілмеген ашалар мен сәйкес келетін розеткалар электр тогының
PL
соғу қаупін азайтады.
B) Құбырлар, радиаторлар, газ плиталары және тоңазытқыштар
сияқты жерге тұйықталған заттарға денеңізді тигізбеңіз. Денеңіз
жерге тұйықталған заттармен жанасса, электр тогының соғу қаупі
RU
артады.
C) Электр құралдарын жаңбырдан немесе ылғалдан сақтаңыз.
Электр құралына су кірсе, электр тогының соғу қаупі артады.
KZ
2.6 ЖЕКЕ ҚАУІПСІЗДІК
UA
A) Электр құралын пайдаланған кезде абай болыңыз, іс-әрекетіңізге
байыптылықпен қарап, зейін қойыңыз. Шаршап тұрсаңыз немесе
есірткі, ішімдік не дәрі-дәрмек қабылдаған болсаңыз, электр құралын
пайдаланбаңыз. Электр құралдарын пайдаланған кезде, зейін қоймау
RO
салдарынан ауыр дене жарақатын алуыңыз мүмкін.
B) Жеке қорғаныс жабдығын пайдаланыңыз. Қорғаныс көзілдірігін
үнемі тағып жүріңіз. Шаңнан қорғайтын маска, сырғанамайтын
арнайы аяқ-киім, каска немесе есту мүшесін қорғайтын бұйым сияқты
EN
қорғаныс жабдығын тиісті жағдайларда пайдаланғанда жеке жарақат
алу қаупі азаяды.
C) Құралдың абайсызда іске қосылуына жол бермеңіз. Қуат
көзіне және/немесе батареяға қоспас бұрын, құралды жинамай не
тасымалдамай тұрып, ауыстырып-қосқыштың өшірулі күйде болуына
көз жеткізіңіз. Электр құралдарын ауыстырып-қосқышынан ұстап
тасымалдау немесе ауыстырып-қосқыш қосулы күйде қуаттандыру
салдарынан оқыс оқиғалар орын алуы мүмкін.
2.7 ЭЛЕКТР ҚҰРАЛЫН ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ ОҒАН КҮТІМ КӨРСЕТУ
A) Электр құралына артық жүктеме түсірмеңіз. Жұмысыңыз үшін
дұрыс электр құралын пайдаланыңыз. Дұрыс электр құралы өзінің
арнайы жылдамдығында жұмысты едәуір тиімді әрі қауіпсіз түрде
орындайды.
Кітапшаның соңындағы сәйкес суретті қараңыз.
C) Электр құралын пайдаланған кезде, балалар мен бөгде адамдар
алшақ тұруы қажет. Басқа нәрсеге алаңдау салдарынан құралды
басқара алмай қалуыңыз мүмкін.
D) Сымды тек орнымен пайдаланыңыз. Электр құралының
сымын оны тасымалдау, тарту немесе қуат көзінен ажырату үшін
пайдаланбаңыз. Сымды жоғары температурадан, майдан, өткір
шеттерден немесе жылжымалы бөлшектерден алшақ ұстаңыз.
Зақымдалған немесе шатасқан сымдар электр тогының соғу қаупін
арттырады.
E) Электр құралын далада пайдаланған кезде, далада пайдалануға
жарамды ұзартқыш сымды пайдаланыңыз Далада пайдалануға
арналған сымды пайдаланғанда, электр тогының соғу қаупі азаяды.
F) Ылғал жерде электр құралын пайдалануға тура келсе,
қорғанысты өшіру құрылғысымен (ҚӨҚ) қорғалған жабдықты
пайдаланыңыз. ҚӨҚ құрылғысын пайдаланғанда, электр тогының соғу
қаупі азаяды.
D) Электр құралын іске қоспас бұрын, реттегіш кілттер мен сомынды
бұрайтын кілттерді алып тастаңыз. Электр құралының айналатын
бөлігінде бекітулі күйде қалған реттегіш кілт немесе сомынды
бұрайтын кілт дене жарақатына әкелуі мүмкін.
E) Құралға қарай қатты ұмтылмаңыз. Үнемі тұрақты қалыпта
тұрыңыз және тепе-теңдік сақтаңыз. Бұл кездейсоқ жағдайларда
электр құралын дұрыс басқаруға мүмкіндік береді.
F) Тиісті түрде киініңіз. Кең киім кимеңіз немесе әшекей тақпаңыз.
Шашыңыз бен киіміңізді жылжымалы бөлшектерден алшақ ұстаңыз.
Кең киім, әшекей немесе ұзын шаш жылжымалы бөлшектерге ілініп
қалуы мүмкін.
G) Құралдармен бірге шаң сору және шаң жинау жүйесі қамтамасыз
етілсе, олардың дұрыс жалғанып, пайдаланылатынына көз жеткізіңіз.
Шаңсорғыштарды пайдалану шаңға қатысты қауіптерді азайтады.
H) Құралды жиі пайдалану нәтижесінде босаңсып, қауіпсіздік
қағидаларын елеусіз қалдырмаңыз. Салғырттық таныту бір мезетте
ауыр жарақатқа әкеп соқтыруы мүмкін.
B) Ауыстырып-қосқышы қосылмайтын және өшпейтін
электр құралын пайдаланбаңыз. Ауыстырып-қосқыш арқылы
басқарылмайтын кез келген электр құралы қауіпті және оны жөндеу
қажет.
122