C) Кез келген реттеулер жасамас бұрын, керек-жарақтарды
ауыстырмас бұрын немесе электр құралдарын ұзақ уақытқа сақтамас
бұрын, ашаны қуат көзінен ажыратыңыз және/немесе батареясы
бар болса, оны шығарып алыңыз. Мұндай сақтық шаралары электр
құралының кездейсоқ іске қосылу қаупін азайтады.
D) Пайдаланылмайтын электр құралдарын балалардың қолы
жетпейтін жерде сақтаңыз. Электр құралымен немесе осы
нұсқаулармен таныс емес адамдарға құралды пайдалануға рұқсат
бермеңіз. Электр құралдарын жаттықтырылмаған пайдаланушылар
қолданса, қауіп төнеді.
E) Электр құралдарына және керек-жарақтарға техникалық қызмет
көрсетіңіз. Жылжымалы бөлшектердің қисаюын немесе кептелуін,
бөлшектердің бұзылуын және электр құралының жұмысына әсер
етуі мүмкін басқа барлық жағдайдың бар-жоғын тексеріңіз. Электр
құралы зақымдалса, оны пайдаланар алдында жөндеңіз. Көптеген
оқыс оқиғалар электр құралдарына тиісті түрде техникалық қызмет
көрсетпеу салдарынан орын алады.
F) Кескіш құралдарды өткір және таза күйде ұстаңыз. Тиісті түрде
техникалық қызмет көрсетілген шеттері өткір кескіш құралдар бүгіліп
қалмайды және оларды басқару оңай болады.
G) Жұмыс жағдайларын және орындау қажет жұмысты назарға
ала отырып, электр құралын, керек-жарақтарды, құрал ұштықтарын
және т. б. осы нұсқауларға сәйкес пайдаланыңыз. Электр құралын
тағайындалған мақсатынан басқа мақсаттарда пайдалану әсерінен
қауіпті жағдай орын алуы мүмкін.
H) Тұтқалардың және қолмен ұстайтын беттердің құрғақ, таза
болуын қадағалап, май мен шырыштан тазалап тұрыңыз. Тұтқалар
және қолмен ұстайтын беттер тайғақ болса, күтпеген жағдай орын
алғанда, құралды пайдалану және оған ие болу мүмкін болмайды.
• Кейбір аймақтарда өнімді белгілі бір операцияларда пайдалануды
шектейтін ережелер бар. Кеңес алу үшін жергілікті өкілетті органдарға
хабарласыңыз.
• Балаларға, физикалық, сенсорлық немесе ақыл-есі кем адамдарға,
тәжірибесі немесе білімі жоқ адамдарға немесе осы нұсқаулықпен
таныс емес адамдарға өнімді пайдалануға рұқсат бермеңіз. Жергілікті
ережелер оператордың жасына шектеу қоюы мүмкін.
• Оператор немесе пайдаланушы басқа адамдар мен олардың жеке
меншігіне тиген залал үшін жауапты екендігін есіңізде сақтаңыз.
• Бөгде адамдар, балалар және үй жануарлары пайдалану аймағынан
15 м алшақ тұруы қажет. Жұмыс аймағына біреу кіріп келсе, өнімді
тоқтатыңыз.
• Өнімді қолдану барысында әрдайым берік аяқ киім мен ұзын
шалбар киіп жүріңіз. Аспапты жалаң аяқпен немесе ашық сандал киіп
қолданбаңыз. Бос киілетін немесе ұзын баулары бар киімді кимеңіз
немесе галстук тақпаңыз. Олар жылжымалы бөлшектерге ілініп қалуы
мүмкін.
• Кең киім кимеңіз немесе ауаның кіріс саңылауына тартылып кіріп кетуі
мүмкін әшекей тақпаңыз.
• Ұзын шашты қозғалатын бөлшектерге оралып қалуына жол бермеу
үшін, иық деңгейінен жоғары жинап қойыңыз.
• Өніммен жұмыс істегенде, әрдайым құлаққа арналған қорғаныш
құралын тағыңыз. Өнім өте қатты шу шығарады және шу әсерін шектеу,
шуды басу бойынша нұсқауларды орындамау және құлаққа арналған
қорғаныш құралын тақпау қайтымсыз есту қабілетін жоғалтуға әкелуі
мүмкін.
• Өніммен жұмыс істегенде, әрдайым толық қорғаныс көзілдірігін
тағып жүріңіз. Өндіруші бетті толық жабатын масканы немесе көзді
толық жабатын көзілдіріктерді тағуды қатаң түрде ұсынады. Әдеттегі
көзілдіріктер немесе күннен қорғайтын көзілдіріктер тиісті қорғаныс
болып табылмайды.
• Әрбір пайдалану алдында басқару элементтері мен қауіпсіздік
құрылғыларының дұрыс жұмыс істейтініне көз жеткізіңіз. Өшіру
ауыстырып-қосқышын басқан кезде өнім тоқтамаса, құралды
пайдаланбаңыз.
• Әрбір пайдалану алдында корпуста зақымдалудың бар-жоғын
әрдайым тексеріңіз. Сақтандырғыштар мен тұтқалардың өз
орындарында тұрғанын және тиісті түрде бекітілгенін тексеріңіз.
• Қорғағыштары немесе қалқандары ақаулы немесе сақтандырғыш
құрылғылары, мысалы, қоқыс жинағышы жоқ өнімді ешқашан
пайдаланбаңыз.
• Барлық суытқыш ауаның кіріс саңылауларын қоқыстан тазартыңыз.
• Әрбір пайдалану алдында жұмыс аймағын тазалаңыз.
• Шаңды жерлерде шаңмен дем алуға байланысты жарақат алу қаупін
азайту үшін сүзгілеуші бет маскасын киіңіз.
• Өнімді адамдарға немесе үй жануарларына қарай бағыттамаңыз.
• Өнімді ашық терезелердің және т.б. жанында пайдаланбаңыз.
• Ауыстырып-қосқышы қосылмайтын және өшпейтін электр құралын
пайдаланбаңыз. Ауыстырып-қосқыш арқылы басқарылмайтын кез
келген электр құралы қауіпті және оны жөндеу қажет.
• Реттеу әрекеттерін орындау, керек-жарақтарды ауыстыру немесе
электр құралдарын сақтамас бұрын электр құралынан қуатты
ажыратыңыз. Мұндай сақтық шаралары электр құралының кездейсоқ
іске қосылу қаупін азайтады.
• Пайдаланылмайтын электр құралдарын балалардың қолы жетпейтін
жерде сақтаңыз. Электр құралымен немесе осы нұсқаулармен таныс
емес адамдарға құралды пайдалануға рұқсат бермеңіз. Электр
құралдарын жаттықтырылмаған пайдаланушылар қолданса, қауіп
төнеді.
• Электр құралдарына техникалық қызмет көрсетіңіз. Жылжымалы
бөлшектердің қисаюын немесе кептелуін, бөлшектердің бұзылуын және
электр құралының жұмысына әсер етуі мүмкін басқа барлық жағдайдың
бар-жоғын тексеріңіз. Электр құралы зақымдалса, оны пайдаланар
алдында жөндеңіз. Көптеген оқыс оқиғалар электр құралдарына тиісті
түрде техникалық қызмет көрсетпеу салдарынан орын алады.
• Төтенше жағдайда өнімді жылдам тоқтату жолы туралы ақпарат
алыңыз
123
FR
ES
PT
IT
EL
PL
RU
KZ
UA
RO
EN