Descargar Imprimir esta página

Bosch 060159A76A Manual Original página 113

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 22
OBJ_BUCH-633-006.book Page 113 Tuesday, August 30, 2016 3:17 PM
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу
қалдықтарымен (хромат, ағашты қорғау заты) бірге
канцерогендер болып есептеледі. Асбестік материал
тек қана мамандармен өңделуі керек.
– Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін
шаңсорғышты пайдаланыңыз.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жоңқа шығатын жерді 2 жүйелі түрде тазалаңыз. Бітелген
жоңқа шығатын жерді тазалау үшін тиісті құралды
пайдаланыңыз, мысалы ағаш, қысылған ауа т.б.
 Шығарылған жоңқаларды қолмен алмаңыз.
Айналатын бөлшектерден жарақат алуыңыз мүмкін.
Оңтайлы соруды қамтамасыз ету үшін бөлек сорғыш
құралын немесе шаң-/жоңқа қабын пайдаланыңыз.
Сыртқы сорғыш (C суретін қараңыз)
Жоңқа шығатын жердің екі жағында сорғыш шлангын
(Ø 35 мм) 19 (жабдықтар) орнатуға болады.
Сорғыш шлангін 19 шаңсорғышқа қосыңыз (жабдықтар).
Осы нұсқаулықтар соңында түрлі шаңсорғыштарға қосу
әдістері көрсетілген.
Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.
Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ шаңдар
үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Жеке шаңсору (C суретін қараңыз)
Кіші жұмыстарда шаң/жоңқа қабын (жабдықтар) 20 қосуға
болады. Шаң қабының бекіткіштерін жоңқа шығатын
жерге 2 орнатыңыз. Шаңсору әрдайым оңтайлы болуы
үшін шаң/жоңқа қабын 20 уақтылы босатыңыз.
Реттелетін жоңқа шығуы
Ауыстыру тұтқышымен 9 жоңқа шығатын жерді 2 оңға
немесе солға ауыстыру мүмкін. Ауыстыру тұтқышын 9
әрдайым соңғы күйде тірелгенше басыңыз. Таңдалған
жоңқа шығу бағытын ауыстыру ауыстыру тұтқышындағы 9
көрсеткі арқылы көрсетіледі.
Пайдалану
Пайдалану түрлері
Жоңқалау тереңдігін реттеу
Айналмалы реттегіш 1 жоңқалау тереңдігін бірқалыпты
ретте 0–4,0 мм-ге жоңқалау тереңдігі шкаласы 4 (Шкала
бөлектірі =0,1 мм) арқылы реттеу мүмкін.
Сақтайтын башмак (G суретін қараңыз)
Сақтайтын башмак 28 электр құралын дайындама немесе
жонғы пышағын зақымдау қаупінсіз жұмыс істеуден соң
Bosch Power Tools
қоюға мүмкіндік береді. Жұмыс істеуде сақтайтын башмак
28 жоғарыға қисатылып жонғы етегінің 10 артқы бөлігі
босатылады.
Пайдалануға ендіру
 Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет. 230 В белгісімен
белгіленген электр құралдары 220 В жұмыс істеуі
мүмкін.
Қосу/өшіру
Электр құралын пайдалану үшін алдымен құлыптау
пернесін 5 басып кейін қосқыш/өшіргішті 6 басып ұстап
тұрыңыз.
Электр құралды өшіру үшін қосқышты/өшіргішті 6
жіберіңіз.
Ескертпе: Қауіпсіздік себебінен қосқыш/өшіргішті 6
құлыптауға болмайды, ол жұмыс істеу кезінде басылған
болуы қажет.
Энергия қуатын үнемдеу үшін электр құралын тек
пайдаланарда қосыңыз.
Тұрақты электроника
Тұрақты электроника бос жүрісте және жүктеме кезінде
айналымдар санын тұрақты дерлік деңгейде сақтайды
және жұмыстың біркелкі өнімділігін қамтамасыз етеді.
Бір қалыпты жұмыс бастау
Электрондық бір қалыпты іске қосу айналымдар санын
шектеп қозғалтқыш пен қозғалтқыш белдіктің мерзімін
ұзартады.
Температураға байланысты артық жүктеу қорғанысы
Жүктелім артып кетсе айналымдар саны төмендейді.
Құрылғының бос жүрістегі ең жоғары жүктемеде шамамен
30 секунд бойы сууына мүмкіндік беріңіз.
Пайдалану нұсқаулары
Жонғы әдісі (G суретін қараңыз)
Қажетті жоңқалау тереңдігін реттеп электр құралын жонғы
табандығының 10 алғы бөлігімен дайындамаға қарай
қойыңыз.
 Электр құралды дайындамаға тек қосулы ретте
апарыңыз. Әйтпесе алмалы-салмалы аспап
дайындамаға ілінсе кері соғу қауіпі пайда болады.
Электр құралын қосып бір қалыпты ретте өңделетін беттің
үстінен жылжытыңыз.
Жоғары сапалы жонуға жету үшін аздап жылжытып жонғы
табандығын орташа күшпен басыңыз.
Берік ағаш сияқты қатты материалдарды өңдеу және
максималды жонғы енін қолдануда кіші жоңқалау
тереңдігін орнатып, жонғыны жылжыту жылдамдығын
азайтыңыз.
Шамадан тыс жылдамдықпен жылжыту бет өңдеу сапасын
төмендетіп, жоңқа шығатын жерді жылдам бітейді.
Тек өткір жонғы пышақтары дұрыс кесу сапасын
қамтамасыз етіп электр құралын сақтайды.
Қaзақша | 113
1 609 92A 2PK | (30.8.16)

Publicidad

loading

Este manual también es adecuado para:

Gho 40-82 c professional060159a760