Descargar Imprimir esta página

Bosch 060159A76A Manual Original página 111

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 22
OBJ_BUCH-633-006.book Page 111 Tuesday, August 30, 2016 3:17 PM
білмейтін немесе осы ескертпелерді оқымаған
адамдарға бұл құралды пайдалануға жол бермеңіз.
Тәжірібесіз адамдар қолында электр құралдары қауіпті
болады.
 Электр құралдарын ұқыпты күтіңіз. Қозғалмалы
бөлшектердің кедергісіз істеуіне және кептеліп
қалмауына, бөлшектердің ақаусыз немесе
зақымдалмаған болуына, электр құралының
зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. Зақымдалған
бөлшектері бар құралды пайдаланудан алдын
жөндеңіз. Электр құралдарының дұрыс күтілмеуі
жазатайым оқиғаларға себеп болып жатады.
 Кескіш аспаптарды өткір және таза күйде сақтаңыз.
Дұрыс күтілген және кескіш жиектері өткір кескіш
аспаптар аз кептеліп, кесілетін бетке оңай бағытталады.
 Электр құралын, жабдықтарды, алмалы-салмалы
аспаптарды және т.б. осы нұсқауларға сай
пайдаланыңыз. Сонымен жұмыс шарттарымен
орындайтын әрекеттерге назар аударыңыз. Электр
құралдарын арналмаған жұмыстарда пайдалану
қауіпті.
Қызмет
 Электр құралыңызды тек білікті маманға және
арнаулы бөлшектермен жөндетіңіз. Сол арқылы
электр құралының қауіпсіздігін сақтайсыз.
Жонғыға арналған қауіпсіздік нұсқаулары
 Электр құралын қоюдан алдын пышақты білік
тоқтауын күтіңіз. Бос айланып тұрған пышақты білік
бетке ілініп бақылау жоғалтуы мен ауыр
жарақаттануларға алып келуі мүмкін.
 Пышақты білік құралының өз желілік кабеліне тиюі
мүмкін болғандықтан электр құралын тек қана
айырылған тұтқасынан ұстаңыз. Тоқ өтетін сымына
тию металлды құрал бөлшектеріне тоқ беріп тоқ
соғуына алып келуі мүмкін.
 Дайындаманы қысқышпен немесе басқа жолмен
тұрақты тіреуіште бекітіңіз. Егер дайындаманы тек
қолмен немесе денеге басып ұстасаңыз ол тұрақты
болмай бақылау жоғалтуына алып келуі мүмкін.
 Қажетті темір іздеу құралдарын пайдаланып,
жасырылған су, газ, электр сымдарын табыңыз
немесе жергілікті қызмет көрсету ұйымдарын
шақырыңыз. Электр сымдарына тию өрт немесе тоқ
соғуына алып келуі мүмкін. Газ құбырын зақымдау
жарылысқа алып келуі мүмкін. Су құбырына тию
материалдық зиян немесе тоқ соғуына алып келуі
мүмкін.
 Шығарылған жоңқаларды қолмен алмаңыз.
Айналатын бөлшектерден жарақат алуыңыз мүмкін.
 Электр құралды дайындамаға тек қосулы ретте
апарыңыз. Әйтпесе алмалы-салмалы аспап
дайындамаға ілінсе кері соғу қауіпі пайда болады.
 Жонғымен жұмыс істегенде табандығының
дыйындамада толық жатуын қадағалаңыз. Кері
жағдайда жонғы қисайып, жарақаттарға алып келуі
мүмкін.
Bosch Power Tools
 Метал заттар, шеге немесе бұрандалар үстінен
жонғыны жүргізбеңіз. Пышақ пен пышақты білік
зақымданып қатты дірілдеуге алып келуі мүмкін.
Өнім және қызмет сипаттамасы
Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын
және ескертпелерді оқыңыз.
Техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын
және ескертпелерді сақтамау тоқтың
соғуына, өрт және/немесе ауыр
жарақаттануларға алып келуі мүмкін.
Электр құралының суреті бар бетті ашып пайдалану
нұсқаулығын оқу кезінде оны ашық ұстаңыз.
Тағайындалу бойынша қолдану
Электр құралы брус және тақта сияқты ағаш өнімдерін
жонғымен өңдеуге арналған. Ол сондай -ақ қырларды
жону және ою үшін де жарамды.
Бейнеленген құрамды бөлшектер
Көрсетілген құрамдастар нөмірленген суреттері бар
беттегі электр құралының сипаттамасына сай.
1 Жоңқалау тереңдігін реттеу үшін айналмалы реттегіш
(беті оқшауландырылған)
2 Жоңқа шығатын жер (оң/сол жаққа таңдалатын)
3 Жонғы пышағы/кілттер қорабы
4 Жоңқалау тереңдігі шкаласы
5 Қосқыш/өшіргішті блокадалау
6 Қосқыш/өшіргіш
7 Таспа қаптамасы
8 Таспа қаптамасына арналған бұранда
9 Жоңқа шығатын жер бағытын ауыстыру тұтқышы
10 Жонғы табандығы
11 V-ойықтары
12 Тұтқа (беті оқшауландырылған)
13 Пышақ басы
14 Жонғы пышағын қысқыш элемент
15 Жонғы пышағын бекіту бұрандасы
16 HM/TC-жонғы пышағы
17 Жоңғы пышақты білік қорғауышы
18 Алты қырлы дөңгелек кілт
19 Сорғыш шланг (Ø 35 мм)*
20 Шаң-/жоңқа қабы*
21 Бағыттайтын планка*
22 Ойық енін реттейтін сомын*
23 Бағыттайтын/бұрыш планкасының бекіту бұрандасы*
24 Бұрыш планкасы*
25 Бұрышты реттейтін сомын*
26 Ою тереңдігі планкасын бекіту бұрандасы*
27 Ою тереңдігі планкасы*
28 Сақтайтын башмак
29 Қызмет көрсету станциясы*
Қaзақша | 111
1 609 92A 2PK | (30.8.16)

Publicidad

loading

Este manual también es adecuado para:

Gho 40-82 c professional060159a760