Қауіпсіздік
Осы нұсқаулықтарды мұқият оқыңыз және келешекте пайдалануға
сақтаңыз.
Алғаш рет пайдаланар алдында барлық қаптаманы және кез келген
жапсырманы алып тастаңыз. Бөлшектерді жуу: "Тазалау" бөлімін қараңыз.
Егер сүзгі зақымдалған болса, шырынсыққышты пайдаланбаңыз.
Жылдамдық реттегішін "O" (ӨШІРУЛІ) күйіне бұрап, розеткадан
ажыратыңыз:
бөлшектерді бекіту немесе алу алдында;
пайдаланылмаған кезде;
тазалау алдында.
Зақымдалған саптаманы ешқашан пайдаланбаңыз. Оны тексеріңіз немесе
жөндеңіз: «Қызмет көрсету және тұтынушыларға кеңес» бөлімін қараңыз.
Тек қамтамасыз етілген итергішті қолданыңыз. Беріліс түтігіне
ешқашан саусағыңызды салмаңыз. Беріліс түтігін құлыптан шығарудан
бұрын қуат кабелін ажыратып, қақпақты алып тастаңыз.
Қақпақты алып тастаудан бұрын қуат көзін өшіріп, сүзгінің тоқтауын
күтіңіз және Асүй комбайнының шығысынан бүкіл тіркемені алып
тастаңыз.
Беріліс түтігін шамадан аса толтырмаңыз немесе беріліс түтігіне тағамды
итеру үшін тым көп күш қолданбаңыз — тіркемеңізді зақымдап алуыңыз
мүмкін.
Мұздаған жемістерді немесе көкөністерді өңдемеңіз. Өңдеуден бұрын
жібітіп алыңыз.
Дақылдар, қатты дәндері бар жемістер немесе мұз секілді кептірілген
немесе қатты ингредиенттерді өңдемеңіз, себебі олар тіркемені
зақымдауы мүмкін.
Жылжымалы бөлшектерді ұстамаңыз.
Іске қосылған тіркемені ешқашан назарда ұстаусыз қалдырмаңыз.
Рұқсат етілмеген қондырманы немесе бірден бірнеше қондырманы
мүлдем пайдалануға болмайды.
Саптаманы бұрыс пайдалану жарақатқа әкелуі мүмкін.
Құрылғыны жұмыс істейтін беттің шетінде пайдаланбаңыз не үстінен
төніп тұрмаңыз не саптаманы бекіткен кезде артық күш салмаңыз,
бұл құрылғының дұрыс жұмыс істемеуіне және аударылып кетуіне,
нәтижесінде жарақат алуға себеп болуы мүмкін.
Қазақша
115