қазақ
► Беткейде шөп шабу кезінде: беткейдің
көлденең бойымен шабыңыз.
► 25°-тан (46,6 %) асатын беткейлерде
жұмыс істеуге болмайды.
■ Айналмалы пышақ пайдаланушыны кесіп
алуы мүмкін. Пайдаланушы ауыр жарақат
алуы мүмкін.
► Айналып тұрған пышаққа дене
мүшелеріңізді тигізбеңіз.
► Егер пышақ бөгде затпен
бұғатталып қалса: көгалшапқышты
өшіріп, ұзартқыш сымның
жалғастырғышын
көгалшапқыштың желілік
штекерінен суырып алыңыз.
Содан кейін ғана бөгде затты алып
тастаңыз.
■ Егер жұмыс барысында көгалшапқыштың
сипаты өзгерсе немесе жұмысы әдеттегіден
өзгеше болса, көгалшапқыш қауіп төндіруі
мүмкін. Адамдар ауыр жарақат алуы және
мүлікке зиян келтірілуі мүмкін.
► Жұмысты аяқтаңыз, көгалшапқышты
өшіріңіз, ұзартқыш сымның
жалғастырғышын көгалшапқыштың
желілік штекерін суырып алыңыз және
STIHL делдалына жолығыңыз.
■ Жұмыс барысында көгалшапқыштан діріл
туындауы мүмкін.
► Қорғаныш қолғап киіңіз.
► Жұмыс арасында үзіліс жасап отырыңыз.
► Егер қансырау белгілері пайда болса:
дәрігерге жүгініңіз.
■ Егер жұмыс кезінде пышақ бөгде затқа
тисе, пышақ немесе оның бөліктері
зақымдалуы немесе жоғары жылдамдықпен
ұшып шығуы мүмкін. Адамдар жарақат
алуы және мүлікке зиян келтірілуі мүмкін.
► Жұмыс аймағынан бөгде заттарды алып
тастаңыз.
■ Берілістерді ауыстыру айыры жіберілген
кезде, пышақ қысқа уақыт ішінде айналып
тұрады. Адамдар ауыр жарақат алуы
мүмкін.
► Пышақтың айналуы тоқтағанша күтіңіз.
■ Егер айналып тұрған пышақ қатты затқа
соғылса, ұшқын пайда болуы мүмкін.
Ұшқыннан жеңіл тұтанатын ортада өрт
туындауы мүмкін. Адамдар ауыр немесе
ажалды жарақат алуы, сондай-ақ мүлікке
залал келтірілуі мүмкін.
► Жеңіл тұтанатын ортада жұмыс
істемеңіз.
■ Егер көгалшапқыш көлбеу жерге қойылса,
абайсызда орнынан жылжып кетуі мүмкін.
Адамдар жарақат алуы және мүлікке зиян
келтірілуі мүмкін.
344
4 Қауіпсіздік техникасы ережелері
► Көгалшапқыштың тұтқасын тегіс және
өздігінен жылжып кетпейтін жерде ғана
босатыңыз.
■ Егер бас тұтқаға қандай да бір заттар
бекітілетін болса, көгалшапқыш қосымша
салмақтың әсерінен аударылуы мүмкін.
Адамдар жарақат алуы және мүлікке зиян
келтірілуі мүмкін.
► Бас тұтқаға ешқандай заттарды
бекітпеңіз.
Қауіп
■ Егер жұмыс ток өтіп тұрған кабельдердің
жанында жүргізілсе, пышақ ток өткізгіш
кабельдерге тиіп, оларды зақымдауы
мүмкін. Пайдаланушы ауыр немесе қазалы
жарақат алуы мүмкін.
► Ток өтіп тұрған кабельдердің жанында
жұмыс істемеңіз.
■ Егер жұмыс күн күркіреуі кезінде жүргізіліп
жатса, пайдаланушыға найзағай түсуі
мүмкін. Пайдаланушы ауыр немесе қазалы
жарақат алуы мүмкін.
► Күн күркіреген кезде: жұмыс істемеңіз.
4.9
Тасымалдау
4.9.1
Тасымалдау
Сақтандыру
■ Көгалшапқыш тасымалдау кезінде
аударылып немесе жылжып кетуі мүмкін.
Адамдар жарақат алуы және мүлікке зиян
келтірілуі мүмкін.
► Көгалшапқышты өшіріп, ұзартқыш
сымның жалғастырғышын
көгалшапқыштың желілік штекерінен
суырып алыңыз.
► Пышақтың айналуы тоқтағанша күтіңіз.
► Көгалшапқышты төңкерілмейтіндей және
қозғалмайтындай етіп кергіш
таспалармен, белдіктермен немесе
тормен бекітіңіз.
4.10
Сақтау шарттары
4.10.1
Сақтау
Сақтандыру
■ Балалар көгалшапқыштың қауіптілігін тани
және бағалай алмауы мүмкін. Балалар
ауыр жарақат алуы мүмкін.
► Ұзартқыш сымның желілік штекерін
розеткадан суырып алыңыз.
► Ұзартқыш сымның жалғастырғышын
көгалшапқыштың желілік штекерінен
суырып алыңыз.
0478-121-9926-A