Descargar Imprimir esta página

Kärcher FC 3d Cordless Manual Del Usuario página 202

Ocultar thumbs Ver también para FC 3d Cordless:

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 42
Аккумулятор
ҚАУІП
Электрлік токтың соғу қаупі.
Аккумуляторлық батареяны тікелей күн
сəулесі, жоғары температура жəне оттың
əсеріне ұшыратпаңыз.
ЕСКЕРТУ
Аккумуляторды тек жинақтағы түпнұсқалық
зарядтау құралымен немесе KÄRCHER рұқсат
берген зарядтау құралымен зарядтаңыз.
Келесі адаптерді пайдаланыңыз:
Аккумуляторды ашпаңыз, өйткені қысқа
тұйықталу мүмкін, сондай-ақ қоздырғыш бу
немесе күйдіргіш сұйықтар ағуы мүмкін.
Осы құрылғыда ауыстыруға болмайтын
аккумуляторлық батареялар бар.
Қауіпсіз қолдану
ҚАУІП
Пайдаланушы бұйымды нысанына
байланысты қолдануы керек. Бұйыммен
жұмыс істеу кезінде жергілікті шарттарға
назар аударуы керек, жақында жүрген
адамдарды ескеруі қажет.
Жарылу қаупі бар жерлерде пайдалануға
тыйым салынады.
Бұйымды қауіпті аймақта қолдану кезінде
тиісті қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет.
Бұйым алдында құлатылған болса, оның
үстінде зақым белгілері көрінсе немесе
кемулер бар болса, оны пайдаланбаңыз.
Қаптама қағазын балалардан аулақ ұстаңыз,
тұншығып қалу қаупі бар!
ЕСКЕРТУ
Балаларға немесе нұсқау берілгенжоқ
адамдарға бұл бұйымды пайдалануға
болмайды.
Бұл құрылғыны физикалық, сенсорлық немесе
ақыл-ой дамуы шектелген немесе тəжірибесі
жəне/немесе біліктілігі жоқ адамдар білікті
маманның бақылауында болмаған кезде
немесе осы мамандар тарапынан бұйымды
қолдану тəсілі жəне оған қатысты қауіптер
түсіндірілмеген кезде пайдаланбауы тиіс.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат
бермеңіз.
Балаларға құрылғымен ойнауға жол бермеу
үшін оларды бақылап отыру керек.
Бұйым өшірілмеген немесе суымаған кезде,
оны балалардан алшақ ұстаңыз.
Балалар құрылғыны тек ересектердің
бақылауында тазалауы жəне пайдалануы
мүмкін.
Бұйымды тек сипаттамаға немесе суретке
сəйкес қолданыңыз немесе сақтаңыз!
202
PS02
АБАЙЛАҢЫЗ
Қауіпті жағдайлар мен бұйым зақымдалуының
алдын алу үшін бұйымды пайдалану алдында
қауіпсіздік шараларын сақтау қажет.
Ерітінділерді, ерітінді қосылған
сұйықтықтарды немесе ерітілмеген
қышқылдарды (мысалы, тазалағыш құрал,
бензин, бояғыш еріткіштер жəне ацентон) су
багына ешқашан құймаңыз, себебі олар
бұйымда қолданылған материалдардың
бұзылуына апарып соғады.
Бұйымды ешқашан қосулы күйінде қалдыруға
болмайды.
Дене мүшелерін (мысалы, шаш, саусақтар)
айналмалы тазалағыш білікшелерден алшақ
ұстаңыз.
Дірілді басын тазалағанда қолыңызды
абайлаңыз, себебі оны өткір заттармен
(мысалы, жоңқамен) жаралап алу қаупі бар.
Байланыстырғыш сымын қызу көздерінен,
өткір шеттерден, майдан жəне аспаптың
жылжымалы бөлшектерінен алыс ұстаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Бұйымды тек таза су багы мен кір су багы
орнатылған кезде қосыңыз.
Аспап өткір немесе ірі заттарды (мысалы,
сынықтарды, жұмыр тастарды, ойыншық
бөлшектерін) жинауға арналмаған.
Таза суға арналған бакке сірке қышқылын,
əктасты кетіруге арналған құралдарды, эфир
майын жəне ұқсас заттарды қоспаңыз. Ол
заттардың сіңірілуіне жол бермеңіз.
Бұйымды тек суға төзімді жабыны бар қатты
едендерде (мысалы, лакпен боялған паркет,
жылтырланған кафель, линолеум)
қолданыңыз.
Бұымды кілемдерді немесе кілем төселген
едендерді тазалау үшін пайдаланбаңыз.
Бұйымды еден торы арқылы конвекторлық
жылытуға бағыттамаңыз. Шығып кеткен су
тор арқылы бағытталған кезде, оны
бұйымнан кетіру мүмкін болмайды.
Жұмыс ұзақ тоқтап тұрғанда жəне
пайдаланып болған соң, құрылғыны басты
ажыратқышпен ажыратып, зарядау
құрылғысының ашасын тоқтан суырыңыз.
Температура 0 °C-ден төмен болғанда
бұйымды қолданбаңыз.
Бұйымды жаңбырдан сақтаңыз. Далада ашық
аспан астында сақтауға болмайды.
– 8
KK

Publicidad

loading

Este manual también es adecuado para:

Fc 3d cordless premium