Ескерту
Электромагниттік өрістер (ЭМӨ)
-
Құралды алғаш қолданар алдында, азыққа тиетін бөлшектерді жақсылап
тазалаңыз. Осы пайдаланушы нұсқаулықтағы нұсқауларды қараңыз.
-
Бұл құрал тек үйде әдеттегідей қолдануға арналған. Ол, басқа жағдайда,
соның ішінде: дүкендердегі қызметкерлерге арналған асүйлерде,
кеңселерде, фермерлік шаруашылықтарда және сондай басқа да
жерлерде қолданылуға арналмаған. Ол мейманханалардың,
мотельдердің, қонақүйлердің және сондай басқа да мекемелердің
тұрғындары тарапынан қолданылуға арналмаған.
-
Қараусыз қалдырсаңыз немесе жинау, бөлшектеу, сақтау және тазалау
алдында әрқашан құралды қуат көзінен ажыратыңыз.
-
Құралды көлденең, тегіс және тұрақты бетке қойыңыз.
-
Құралды дұрыс қолданбаса, кәсіби немесе жартылай кәсіби мақсаттарда
қолданса, пайдаланушы нұсқаулығындағы нұсқауларға сәйкес
қолданбаса, кепілдік жарамсыз болады және Philips компаниясы болған
зақымдарға байланысты кез келген жауапкершіліктен бас тартады.
-
Құралды тексеру немесе жөндеу үшін, оны тек қана Philips-тің қызмет
көрсету орталығына апарыңыз. Құралды өзіңіз жөндеуге тырыспаңыз,
әйтпесе кепілдік жарамсыз болады.
-
Пайдаланып болғаннан кейін, аспапты қуат көзінен ажыратыңыз.
-
Құралды ұстамас немесе тазаламас бұрын, құралды 30 минуттай суытып
алыңыз.
-
Құралда дайындалған ингредиенттердің қара не қоңыр болмай, алтын
сары болып шығуын қадағалаңыз.
-
Күйіп кеткен қалдықтарын алып тастаңыз. Балғын картопты 180°C-ден
жоғары мәнде қуырмаңыз (акриламид түзілуін азайту үшін).
-
Пісіру камерасының үстіңгі бөлігін абайлап тазалаңыз: Ыстық қыздыру
элементі, металл бөлшектердің шеті және шашыратқыш қалқан.
-
Әрқашан мультипеште тағамның толықтай пісірілгеніне көз жеткізіңіз.
-
Синхронды түрде аяқтау функциясымен оңай бұзылатын тағамды пісіру
кезінде сақ болыңыз (бактериялар көбеюі мүмкін).
-
Дайындалған тағамды төгіп жатқанда абай болыңыз және
аксессуарлардың құлап кетуіне жол бермеңіз.
Бұл құрал электрмагниттік өрістердің әсеріне қатысты барлық
қолданыстағы стандарттар мен ережелерге сай.
619
Қазақша