Descargar Imprimir esta página

Kärcher 1.679-422.0 Manual De Instrucciones página 123

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 23
Су жеткізуге арналған жалғағыш муфтасы
19
** Бақша шлангісі (матамен нығайтылған,
20
диаметрі – кемінде 1/2 дюйм (13 мм), ұзындығы
– кемінде 7,5 м, стандартты жылдам
байланыстыратын жалғағышпен)
** қосымша талап етіледі
Қорғаныс құрал-жабдықтары
АБАЙЛАҢЫЗ
Жетіспейтін немесе өзгертілген қорғаныс
құрал-жабдықтары!
Қорғаныс құрылғысы сіздің қауіпсіздігіңізге
арналған.
Қауіпсіздік құрылғыларын айналып өтпеңіз, алып
тастамаңыз немесе өшірмеңіз.
Ажыратқыш
Ажыратқыш құрылғының кездейсоқ қосылуына
кедергі болады.
Жоғары тегеурінді пистолеттің фиксаторы
Фиксатор жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін
бұғаттайды жəне құрылғының кездейсоқ іске
қосылуына кедергі болады.
Автоматты түрде өшу функциясы
Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігі жіберілген кезде
сорғының пневматикалық ажыратқышы өшеді жəне
жоғары тегеурінді ағыс тоқтайды. Тетікті басқан
кезде сорғы қайтадан қосылады.
Құрылғыдағы белгілер
Жоғары тегеурінді ағысты адамдарға,
жануарларға, жұмыс істеп тұрған
электрлік құрылғыға жəне құрылғының
өзіне бағыттауға тыйым салынады.
Құрылғыны аяздан қорғаңыз.
Құрылғыны қоғамдық ауыз су жеткізу
желісіне тікелей қосуға тыйым салынады.
Орнату
Суреттерді графикалық беттен қараңыз.
Пайдалануға енгізер алдында бекітілмеген
бөлшектерді монтаждаңыз.
Дөңгелектерді монтаждау
1. Құрылғыдағы дөңгелектерді бекітіңіз.
Сурет B
Су жеткізуге арналған жалғағыш муфтаны
монтаждау
1. Су жеткізуге арналған жалғағыш муфтаны су
жеткізуге арналған жалғағышқа бұраңыз.
Сурет C
Пайдалануға енгізу
1. Құрылғыны тегіс жазықтыққа орнатыңыз.
2. Жоғары тегеурінді құбыршекті толық шешіп,
ілмектер мен бұрылыстарды босатыңыз.
3. Жоғары тегеурінді құбыршекті құрылғыға
жалғаңыз.
a Муфтадағы қысқышты көтеріңіз.
b Жоғары тегеурінді құбыршекті муфтаға
салыңыз.
c Муфтадағы қысқышты төменге басыңыз.
Сурет D
4. Жоғары тегеурінді құбыршекті жоғары тегеурінді
пистолетке жалғаңыз.
a Қысқышты қысыңыз.
b Қысқышты шығарыңыз.
c Жоғары тегеурінді құбыршекті салыңыз.
d Сарт етіп жабылғанша тұтқаны қысып
тұрыңыз.
Сурет E
5. Жоғары тегеурінді құбыршекті тартып, бекіністің
сенімділігін тексеріңіз.
6. Желі істікшесінің ашасын розеткаға салыңыз.
Қосылатын жүктемені Фирмалық тақтайшадан
немесе бөлімнен қараңыз Техникалық
мағлұматтар.
Сумен қамтамасыз ету кəсіпорнының нұсқауларын
сақтаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫ
Ластанған судың келтіретін залалы
Судағы ластанулар сорғының жəне оның
жабдықтарының зақымдануына алып келеді.
KÄRCHER қорғау үшін KÄRCHER су сүзгісін
пайдалану ұсынылады (арнайы жабдық, тапсырыс
беру нөмірі 4.730-059).
Су құбырына қосылу
НАЗАР АУДАРЫҢЫ
Құрылғының су қосылымында шлангінің
Aquastop-пен байланысы
Сорғының зақымдануы
Құрылғының су қосылымында ешқашан Aquastop-
пен байланысқан шлангіні қолданбаңыз.
Кранға Aquastop муфтасын қолдануға болады.
1. Бақша құбыршегін су жеткізуге арналған
жалғағыштың муфтасына орнатыңыз.
2. Бақша құбыршегін су құбырына қосыңыз.
Сурет F
3. Су құбырының шүмегін толықтай ашыңыз.
Ашық ыдыстардан суды айдаңыз
Бұл қысыммен жууға арналған аппарат кері клапаны
бар KÄRCHER сору құбыршегімен (арнайы жабдық,
тапсырыс беру № 2.643-100) беткі суларды,
мысалы, жаңбыр суына арналған бөшкеден немесе
тоғандардан ағызуға жарайды (Ағызудың
максималды биіктігін бөлімнен қараңыз Техникалық
мағлұматтар).
Сору жұмыстарын жүргізу кезінде су жеткізу үшін
жалғағыш муфта талап етілмейді.
1. Сору құбыршегін сумен толтырыңыз.
2. Сорғыш шлангіні құрылғыдағы су жеткізуге
арналған жалғағышқа бұраңыз жəне су көзіне
жіберіңіз (мысалы, жаңбыр суына арналған
бөшкеге).
Құрылғыдағы ауаны жою
1. Құрылғыны қосыңыз («I/ON»).
2. Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін бұғаттан
ашыңыз.
3. Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігіне басыңыз.
Құрылғы қосылады.
4. Құрылғыны су жоғары тегеурінді пистолеттен
көпіршіктерсіз шықпағанша максимум 2 минут
жұмыс істетіңіз.
5. Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін жіберіңіз.
6. Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін бұғаттаңыз.
Қазақша
Су беру
123

Publicidad

loading

Este manual también es adecuado para:

K 4 classic