Descargar Imprimir esta página

Hilti NURON VC 4LX-22 Manual Del Usuario página 347

Ocultar thumbs Ver también para NURON VC 4LX-22:

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 63
7.4
Толу деңгейін бақылауды тексеру
1. Аспап ажыратқышын OFF күйіне орнатыңыз.
2. 2 ілмекті ашыңыз.
3. Сорғыш бастиегін кір контейнерінен көтеріп алыңыз да, сорғыш бастиегін артқы жағына қойыңыз.
▶ Сүзгіш элементті кептіріңіз.
4. (A) және (B) өшіретін контактілерінде (сымды зондтар) ластанған жерлердің бар-жоғын тексеріңіз
және қажет болса, оларды жұмсақ қылшақтың көмегімен тазалаңыз.
5. Сорғыштың жоғарғы бөлігінің тығыздағышында кір бар-жоғын тексеріңіз және қажет болса оны
шүберекпен тазалаңыз.
6. Сорғыш бастиегін кір контейнеріне орнатыңыз.
7. Екі ілмекті де жабыңыз.
8. Сорғыш бастиегі дұрыс монтаждалғанына және берік бекітілгеніне көз жеткізіңіз.
8
Тасымалдау
Сорғышты кранға ілуге тыйым салынады.
▶ Керек-жарақтар мен алмалы-салмалы бөлшектерді арнайы ұстағыштарда сақтаңыз.
▶ Сорғышты басқа жерге тасымалдамас бұрын босатыңыз.
▶ Сұйықтықтар сорылған жағдайда, сорғышты төңкермеңіз және оны тек тігінен тұрғызып
тасымалдаңыз.
▶ Тасымалдау үшін шлангінің екі ұшын конус тәрізді жалғастырғыш тетік арқылы енгізіңіз.
VC 4MX-22
VC 4HX-22
ЕСКЕРТУ
Денсаулыққа зиянды шаңнан жарақат алу қаупі бар! Кіріс фитингісі арқылы қауіпті сорғылау
материалы шығуы мүмкін.
▶ Сорғышты тасымалдаған және қолданбаған кезде кіріс фитингісін жапқыш тығынмен жабыңыз.
Шаңсыз тасымалдауға арналған нұсқаулар
Шаңсыз тасымалдау үшін төмендегі шаралар қолданылуы тиіс:
Сорғыш ластанған аймақта қолданылған болса, әдетте оның барлық бөлшектері ластанған болып
саналады. Сорғышты тиісінше қолданыңыз және зиянды шаңның таралуына жол бермеу үшін
қажетті барлық шараларды қабылдаңыз.
▶ Сорғыш шлангіні жеткізілім жиынтығындағы тасымалдау қабына салып, қапты жауып қойыңыз.
▶ Сорғыш ұяны жабыңыз.
▶ Сорғыш құбырды еден саптамасымен бірге ұстағыштан шығарыңыз. Сорғышты жылжымалы
қапсырмасынан емес, тасымалдау тұтқасы мен сорғыш құбырынан ұстап тасымалдаңыз.
▶ Сорғышты ластанған аймақтан шығармас бұрын сорғыштың сыртқы жағын шаң сору әрекеттері
арқылы зарарсыздандыру және мұқият тазалау немесе тығыздауыш құралдармен өңдеу қажет.
9
Ақаулардағы көмек
Кез келген ақау орын алған жағдайда, аккумулятордың күй индикаторына назар аударыңыз. Li­Ion
аккумуляторының индикаторлары бөлімін қараңыз.
Бұл кестеде келтірілмеген немесе өзіңіз түзете алмайтын ақаулар орын алғанда, Hilti қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
Ақаулық
Аккумулятор естілетін
«шырт ету» дыбысымен
бекітілмейді.
Аккумулятордың жарық
диодтары өшірулі
Төмендетілген сору күші.
*2416651*
4
Ықтимал себеп
Аккумулятордағы құлып шоқысы
кірленген.
Аккумулятор бүлінген.
Кір контейнері толы.
2416651
Шешім
▶ Тіреуіш шығыңқы жерді та-
залаңыз және аккумуляторды
салыңыз.
▶ Hilti қызмет көрсету
орталығына жолығыңыз.
▶ Кір контейнерін босатыңыз.
Қазақ
343

Publicidad

loading

Este manual también es adecuado para:

Nuron vc 4mx-22Nuron vc 4hx-22