Hilti WSC 85 Manual De Instrucciones página 135

Ocultar thumbs Ver también para WSC 85:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 61
дында жөндеуге өткізіңіз. Көп сəтсіз
жағдайлардың себебі болып электр құралға
техникалық қызмет көрсету ережелерін
сақтамау табылады.
f) Кескіш аспаптардың үшкір жəне таза
болуын қадағалау керек. Жұмыс күйін-
де сақталатын кескіш аспаптардың сы-
налануы сиректеу болады, оларды басқару
жеңілдеу.
g) Электр құралды, саймандарды, көмек-
ші құрылғыларды жəне т.б. нұсқау-
ларға сай пайдаланыңыз. Бұл кезде
жұмыс жағдайларын жəне орындала-
тын жұмыстың сипатын ескеріңіз.
Электр құралдарды басқа мақсаттарда
қолдану қауіпті жағдайларға əкелуі мүмкін.
1.1.5 Қызмет
a) Электр құралды жөндеуді тек түпнұсқа
қосалқы бөлшектерді қолданатын бі-
лікті қызметкерлерге сеніп тапсырыңыз.
Бұл электр құралды қауіпсіз күйде сақтау-
ды қамтамасыз етеді.
1.2 Қауіпсіздік техникасы бойынша қосым-
ша ережелер
1.2.1 Барлық аралармен жұмыс кезінде-
гі қауіпсіздік техникасы бойынша
нұсқаулар
a)
ҚАУІПТІ
Қолдарды аралау аймағына жəне ара-
лау дискісіне жақындатпаңыз. Екінші
қолмен араны қосымша тұтқышынан не-
месе электр қозғалтқышының қапта-
масынан ұстаңыз. Араны екі қолмен
ұстасаңыз, оларды аралау дискісі жа-
рақаттауы мүмкін.
b) Дайындаманы астынан ұстамаңыз.
Қорғауыш қаптама сізді дайындама ас-
тындағы аралау дискісінен қорғай ал-
майды.
Printed: 14.05.2014 | Doc-Nr: PUB / 5071332 / 000 / 02
c) Аралау тереңдігін дайындама қалыңд -
ығы бойынша реттеңіз. Дайындама ас-
тында тістің толық ұзындығынан азырақ
көрінуі керек.
d) Ешқашан аралап жатқан дайындаманы
қолмен немесе аяқта бекітпеңіз. Да-
йындаманы тұрақты қыспа құрылғымен
сақтандырыңыз. Денеге тию, аралау дис-
кісінің қысылуы немесе бақылауды жоғал-
ту қаупін барынша азайту үшін дайында-
маның жақсы бекітілген болуы маңызды.
e) Пайдаланылатын аспап жасырын ток
сымдарына немесе өз кабеліне тиюі
мүмкін жұмыстарды орындағанда,
электр құралды изоляцияланған
тұтқыштарынан ұстаңыз. Кернеу бар
сымдарға тию құрылғының металл бөлік-
терінде кернеу тудырады жəне электр то-
гының соғуына əкеледі.
f) Бойынан аралау кезінде əрқашан ті-
ректі немесе түзу жиектік бағыттауышты
қолданыңыз. Бұл аралау дəлдігін жақсар-
тады жəне аралау дискісінің қысылу мүмкін-
дігін азайтады.
g) Тек өлшемі дұрыс жəне отырғызу те-
сігі сай (мысалы, жұлдыз тəрізді не-
месе дөңгелек) аралау дискілерін ғана
қолданыңыз. Араның құрастыру бөлшек-
теріне сай емес аралау дискілері біркел-
кі жұмыс істемейді жəне бақылауды жоғал-
туға əкеледі.
h) Ешқашан аралау дискісін орнату үшін
зақымдалған немесе сай емес астар-
лық шайбаларды жəне бұрандаларды
қолданбаңыз. Аралау дискісін орнатуға
арналған астарлық шайбалар жəне бұран-
далар өнімділігі оңтайлы жəне пайдалану
қауіпсіз болуы үшін арнайы сіздің араңыз
үшін жасалған.
1.2.2 Барлық аралармен жұмыс кезінде-
гі қауіпсіздік техникасы бойынша
қосымша нұсқаулар
Кері соғу себептері жəне тиiстi нұсқаулар
Кері соққы – бұл ілінетін, сыналанатын не-
месе дұрыс емес тексерілген аралау төсе-
мінің салдарынан болатын күтпеген реак-
ция; ол бақыланбайтын араның бөлшектен
оператор бағытында шығуына əкеледі;
егер аралау төсемі матасатын араланған
жерде ілініп қалса немесе сыналанса, онда
мотор күші құрылғыны артқа оператор
бағытында ұшырып шығарады;
егер араланған жерде аралау төсемі қисай-
са немесе дұрыс емес тексерілсе, онда ара-
ны артқы жиегінің тістері бөлшек бетіне
соқтығуы мүмкін. Бұл аралау төсемінің ара-
лау орнына шығуына жəне араның опера-
тор бағытында кенет ұшып шығарылуына
əкеледі.
Қайтарым араны дұрыс емес немесе қате
қолданудың салдары болып табылады.
Төменде берілген сақтық шараларын орын-
даған жағдайда мұны болдырмауға болады.
a) Араны екі қолмен берік ұстаңыз жəне
бұл кезде қолдарды кері соққы күші-
не қарсы тұра алатындай орналасты-
рыңыз. Əрқашан аралау төсемінен ары
тұрыңыз, ешқашан аралау төсемін де-
неңіздің осі бойынша жүргізбеңіз. Ке-
рі соққы кезінде ара артқа ыршуы мүмкін,
алайда тиісті шаралар қолданылса, опе-
ратор кері соққы күшіне қарсы тұра алады.
b) Аралау төсемі сыналанғанда немесе
кесу басқа себеппен үзілсе, сөндіргішті
жіберіңіз жəне араны бөлшекте жай,
аралау төсемі толық тоқтағанша
ұстаңыз. Айналып жатқанда немесе
кері соққы пайда болуы мүмкін болса
ешқашан аралау төсемін бөлшектен
шығаруға, артқа жіберуге тырыспаңыз.
Аралау төсемінің сыналану себебін та-
быңыз жəне сəйкес шаралармен кетіріңіз.
c) Егер дайындамаға салынған араны
қайта іске қосқыңыз келсе, аралау дис-
кісін аралау саңылауында ортаға кел-
тіріп, ара тістері дайындамада сына-
ланған жоқ па, соны тексеріңіз. Егер
аралау дискісі қысылса, араны қайта іс-
ке қосқанда, ол дайындамадан шығып ке-
тіп, кері соққыны тудыруы мүмкін.
d) Аралау дискісінің қысылуы салдары-
нан кері соққы қаупін болдырмау үшін
үлкен тақталарды тіректерге қою ке-
рек. Үлкен тақталар өз салмағының əсе-
рінен бүгілуі мүмкін. Тақталарды аралау
саңылауының жанында да, жиекте де екі
жағынан тіреу керек.
e) Өтпес немесе зақымдалған аралау дис-
кілерін қолданбаңыз. Тістері өтпес не-
месе дұрыс емес түзетілген аралау дис-
кілері аралау саңылауы тар болғандықтан
артық үйкелісті, аралау дискісінің қысы-
луын жəне кері соққыны тудырады.
f) Аралау алдында аралау тереңдігін жəне
бұрышын реттеу қысқыштарын бе-
кемдеңіз. Егер аралау кезінде параметрлер
өзгерсе ара полотносы қысылып кері соғу
пайда болуы мүмкін.
g) Қабырғаларда немесе басқа көру мүмкін
емес аймақтарда алалауды орындау
кезінде əсіресе сақ болыңыз. Бататын
аралау төсемі аралау кезінде жасырын
нысанда бұғатталуы жəне кері соққы ту-
дыруы мүмкін.
1.2.3 Қайырмалы қоршауы бар қол цир-
кулярлық араларымен жұмыс ке-
зіндегі қауіпсіздік техникасы бойын -
ша нұсқаулар
Төменгі қорғауыш қалпақ жұмыс істеуі
a) Əр пайдаланудан алдын төменгі
қорғауыш қалпақ кедергісіз жабылуын
тексеріңіз. Төменгі қорғауыш қалпақтың
қозғалысы шектелсе жəне бірден жа-
былмаса, араны пайдаланбаңыз.
Ешқашан төменгі қорғауыш қалпақты
133

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido