Жалпы Ақпарат - Hilti WSC 85 Manual De Instrucciones

Ocultar thumbs Ver también para WSC 85:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 61
Циркулярлық араға арналған дискілер
Сіз циркулярлық ара үшін өнімділігі жоғары дискіні сатып алдыңыз. Онымен жұмыс
істегенде осы нұсқаулықта көрсетілген қауіпсіздік, қорғау ережелерін жəне сақтық
шараларын сақтау керек.
Бұл нұсқаулықта қауіпсіздік ережелерінің ең маңыздылары берілген. Дискілерді қолдану
алдында оларды мұқият оқып шығыңыз.
Қолдану
Циркулярлық араға арналған дискілер ағашта, ағаш материалдарында, ұқсас мате-
риалдарда немесе композитті материалдарда бойымен, көлденеңінен кесу жəне ойықта-
ды кесу үшін пайдаланылады.
Егер жүйе басқа мақсатта қолданылса, машина жəне/немесе диск зақымдалуы немесе
дискіден сынықтар түсуі мүмкін.
Ыршитын немесе дайындама ішінде немесе үстінде тұрып қалатын диск сынықтары жа-
рақат алау қаупін арттырады.
Əсіресе, ағаштағы шегелер сияқты металл заттар диск тістерінің сынуын тудыруы мүмкін
немесе өңдеп жатқан дайындамадан жұлынып, оператордың білегіне кенет күш түсіру-
ге (реакцияға) əкелуі мүмкін.
Циркулярлық араның дискісін таңдағанда, оны тек пайдалану бойынша
ақпаратты көрсетілген ұсынылған материалдар үшін ғана пайдалануға
болатынын есте сақтаңыз.
138
Printed: 14.05.2014 | Doc-Nr: PUB / 5071332 / 000 / 02
Ескертпелер
Сағат тіліне кері айналдыру
Сағат тілі бойынша тек машинаны тұрақты
орнатқанда айналады
Жалпы ақпарат
1. Пайдалану саласы
Циркулярлық аралардың дискілерін қол ма-
шиналарында да, тұрақты машиналарда да
пайдалануға болады. Алайда дискінің
техникалық сипаттамалары машинаның
техникалық параметрлеріне жəне ара өнді-
рушісі орнатқан талаптарға, сондай-ақ, осы
машина үшін қауіпсіздік жəне қызмет көрсе-
ту туралы нұсқауларға сай болуы керек екенін
айта кету керек.
2. Орау жəне тасымалдау
Орауыштан алынған дискімен жұмыс кезін-
де немесе оны циркулярлық араға орнатқанда
барынша сақ болу керек! Өте өткір жиектер
операторлардың жарақаттануына əкелуі
мүмкін!
3. қолдану
Ең көп рұқсат етілген жылдамдықтан асыр-
мау керек! Орнату алдында қыспа фланец-
ке тиіп тұратын диск аймағын тазалаңыз.
4. Кесетін диск
Кесетін жиектерді тексеріңіз. Машинада ор-
натылған параметрлерді тексеріңіз. Кесетін
дискідегі айналу бағытын көрсететін көрсет-
кіш циркулярлық арада орнатылған айналу
бағытына сай болуы керек.
Дискіні ауыстырғанда машинаның кездей-
соқ іске қосылуын болдырмау үшін қуат сы-
мын электр желісінен ажыратыңыз. Желілік
сымды ажыратыңыз!
5. Жұмысқа дайындық
Диск циркулялқы араны өндіруші көрсеткен
бағыттарда орнатылуы жəне бекітілуі керек.
Циркулярлық араны өндірушінің нұсқаула-
рын орындау керек.
6. Техникалық қызмет көрсету
Дұрыс қызмет етуді жəне қауіпсіз пайдала-
нуды тек техникалық қызмет көрсетуді кəсі-
би орындаған жағдайда қамтамасыз етуге
болады.
7. Сəйкестік
Осы циркулярлық араға арналған кесетін
диск DIN EN 847-1 стандартына сай жоба-
ланған жəне жасалған.
Қауіпсіздік техникасы
бойынша нұсқаулар
■ Келесі жұмыс ережелерін сақтау керек.
■ Дискіні басқа мақсатта қолданбау керек!
■ Циркулярлық араны пайдалану нұсқау-
лығын да көрсетілген қауіпсіздікке қатысты
барлық нұсқаулар мен ескертулерді орын-
даңыз. Егер сізде бұл нұсқаулар болмаса,
оларды ара өндірушісінен сұраңыз.
■ Өз қауіпсіздігіңіз үшін көздерге, құлақтарға
жəне ауызға арналған қорғауыш құралдарды
пайдаланыңыз.
■ Ешқашан қосылған араны бақылаусыз
қалдырмаңыз.
■ Дискілерді материалдардың қалдықта-
рын кетіру үшін тұрақты түрде тазалау ке-
рек. Таза дискілердің өнімділігі əлдеқайда
көбірек, олар ұзағырақ қызмет етеді жəне
сəйкесінше үнемдірек.
Еденге құлағаннан кейін немесе кез
келген осы сияқты жағдайдан кейін
бірден Hilti сервистік орталығында
циркулярлық араның дискісінде зақымдар
бар-жоғын тексерту керек. Зақымдалған дис-
кілерді қолдануға болмайды.
Сыналанудан шығаратын пышақты са-
лу алдында штепсельді розеткадан шығару
керек. Сыналанудан шығаратын пышақтың
қалыңдығы кесу енінен азырақ жəне дис-
кінің орталық бөлігінің қалыңдығынан
көбірек болуы керек.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін сынала-
нудан шығару пышағын пайдалану міндетті.

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido