Kärcher FC 5 Manual Del Usuario página 185

Ocultar thumbs Ver también para FC 5:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 39
Қауіп деңгейі
ҚАУІП
Ауыр жарақаттануға не өлімге апарып соғатын
тікелей түрде түсе алатын тәуекелге нұсқау.
ЕСКЕРТУ
Ауыр жарақаттануға не өлімге апарып соғатын
ықтимал қауіпті жағдайларға нұсқау.
АБАЙЛАҢЫЗ
Жеңіл жарақаттануға апарып соғатын ықтимал
қауіпті жағдайға нұсқау.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Материалдық зиянға апарып соғатын ықтимал
қауіпті жағдайға нұсқау.
Электрлік құрамдастар
ҚАУІП
Бұйымды суға толы жүзу бассейнінде
қолданбаңыз.
Қолдану алдында құрылғы мен керек-
жарақтардың дұрыс күйін тексеріңіз. Егер
оның күйі жақсы болмаса, қолдануға тыйым
салынады.
Зақымдалған қуат сымын өкілетті қызмет
көрсету орталығына/электрші маманға дереу
ауыстыртып алыңыз.
Кабель ашасы мен электр розеткасын
ешқашан ылғалды қолмен ұстамаңыз не
түртпеңіз.
Бұйым бойынша өткізілетін барлық жұмыстар
уақытында бұйымды міндетті түрде электр
тоғынан шығарып, электр ашасын
розеткадан шығарылып алынуы тиіс.
Бұйымды жөндеу жұмыстары тек өкілетті
қызмет көрсету орталығының тарапынан
орындалуы керек.
Қуат сымын/ұзартқыш сымды суға
батырмаңыз.
ЕСКЕРТУ
Бұйымды тек электршінің IEC 60364
стандартына сәйкес қондырған электр
розеткасына жалғауға болады.
Бұйымды тек ауыспалы токқа жалғаңыз.
Кернеу бұйымның түр кестесінде көрсетілген
кернеуге сәйкес болуы тиіс.
Ылғалды бөлмелерде, мысалы, ванна
бөлмелерінде, бұйымды розеткаға тек арнайы
FI қауіпсіздік ажыратқышы арқылы жалғаңыз.
Көлденең қимасы ең кемі 3x1 мм² ылғалдан
қорғалған электрлік ұзартқыш сымдарды ғана
пайдаланыңыз
Қуат сымы не ұзартқыш сымдағы
муфталарды тек ылғалдан қорғанысы мен
механикалық беріктігі сәйкес муфталарға
ауыстырыңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ
Қуат сымы мен ұзартқыштың қиылу, қысылу,
созылу және т.б. нәтижесінде пайда болған
ақаулардың болмауын қадағалау керек.
Электрік сымдарды ыстықтың, майдың
әсерінен және өткір қырлардан қорғаңыз.
Қауіпсіз қолдану
ҚАУІП
Пайдаланушы бұйымды нысанына
байланысты қолдануы керек. Бұйыммен
жұмыс істеу кезінде жергілікті шарттарға
назар аударуы керек, жақында жүрген
адамдарды ескеруі қажет.
Жарылу қаупі бар жерлерде пайдалануға
тыйым салынады.
Бұйымды қауіпті аймақта қолдану кезінде
тиісті қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет.
Бұйым алдында құлатылған болса, оның
үстінде зақым белгілері көрінсе немесе
кемулер бар болса, оны пайдаланбаңыз.
ЕСКЕРТУ
Балаларға немесе нұсқау берілгенжоқ
адамдарға бұл бұйымды пайдалануға
болмайды.
Бұл құрылғыны физикалық, сенсорлық немесе
ақыл-ой дамуы шектелген немесе тәжірибесі
және/немесе біліктілігі жоқ адамдар білікті
маманның бақылауында болмаған кезде
немесе осы мамандар тарапынан бұйымды
қолдану тәсілі және оған қатысты қауіптер
түсіндірілмеген кезде пайдаланбауы тиіс.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.
Балаларға құрылғымен ойнауға жол бермеу
үшін оларды бақылап отыру керек.
Бұйым өшірілмеген немесе суымаған кезде,
оны балалардан алшақ ұстаңыз.
Бұйымды тек сипаттамаға немесе суретке
сәйкес қолданыңыз немесе сақтаңыз!
АБАЙЛАҢЫЗ
Қауіпті жағдайлар мен бұйым зақымдалуының
алдын алу үшін бұйымды пайдалану алдында
қауіпсіздік шараларын сақтау қажет.
Ерітінділерді, ерітінді қосылған
сұйықтықтарды немесе ерітілмеген
қышқылдарды (мысалы, тазалағыш құрал,
бензин, бояғыш еріткіштер және ацентон) су
багына ешқашан құймаңыз, себебі олар
бұйымда қолданылған материалдардың
бұзылуына апарып соғады.
Бұйымды ешқашан қосулы күйінде қалдыруға
болмайды.
Дене мүшелерін (мысалы, шаш, саусақтар)
айналмалы тазалағыш білікшелерден алшақ
ұстаңыз.
Сорғыш бастиекті тазалаған кезде
қолыңызды қорғаңыз, себебі өткір заттар
(мысалы, сынықтар) жарақат алу қаупін
тудыруы мүмкін.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Бұйымды тек таза су багы мен кір су багы
орнатылған кезде қосыңыз.
Бұйым өткір немесе ірі заттарды (мысалы,
жарықшақтар, шақпақтас, ойыншық
бөліктері) соруға арналмаған.
Сірке қышқылын, әктас кетіргішті, эфир
майын немесе ұқсас материалдарды таза су
багына құймаңыз. Сонымен қатар, аталған
материалдардың сорылмағанына назар
аударыңыз.
– 6
KK
185

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Este manual también es adecuado para:

Fc 5 premium

Tabla de contenido