Сорғыш Бастиекті Тазалау; Кедергілер Болғанда Көмек Алу - Kärcher FC 5 Manual Del Usuario

Ocultar thumbs Ver también para FC 5:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 39
Сорғыш бастиекті тазалау
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Кірлену қатты болған немесе бөліктер (мысалы,
тастар, сынықтар) сорғыш бастиекте қалған
жағдайда, оларды тазалап шығу керек. Мұндай
бөліктер жұмыс барысында сылдырлайтын шуыл
тудырады немесе сору каналдарының бітелуіне
әкеліп, сору күшін азайтады.
Сурет
 Бұйымды өшіру үшін, бұйым қосқышын (қосу/
өшіру) басыңыз.
Сурет
 Электр ашасын электр розеткасынан шығарып
алыңыз.
Сурет
 Тазалағыш білікшелерді алып тастаңыз.
"Білікшелерді тазалау" тарауын қараңыз.
Сурет
 Сорғыш бастиек құлпын басыңыз.
 Сорғыш бастиек қақпағын алып тастаңыз.
 Сорғыш бастиек қақпағын ағынды су астында
тазалаңыз.
 Қажет болса, сору каналдары мен сорғыш
бастиек қақпағының қуыстарын ішінде тұрып
қалған бөліктерден тазартып шығыңыз.
 Бұйымның сорғыш бастиегін сулы шүберекпен
тазалаңыз.
 Сорғыш бастиек қақпағын сорғыш бастиекке
бекітіңіз.
Нұсқау
Соратын білікшеге бекіткенде қақпақ ілініске дыбыс
шығып кіруі керек.
Сурет
 Тазалағыш білікшелерді тірелгенше білікше
бекіткішіне бұрап бекітіңіз.
"Білікшелерді тазалау" тарауын қараңыз.
Кір су багын тазалау
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Айырғыш шаңмен және кірмен бітелмес үшін
немесе бакта кірдің жиналғанын болдырмау үшін,
кір су багын жүйелі түрде тазалау керек.
Сурет
 Бұйымды өшіру үшін, бұйым қосқышын (қосу/
өшіру) басыңыз.
Сурет
 Бұйымды тазалау станциясына қойыңыз.
Сурет
-
Сурет
 Кір су багын бұйымнан алыңыз.
"Кір су багын босату" тарауын қараңыз.
 Қақпақты/айырғышты және кір су багын құбыр
суымен тазалаңыз.
 Кір су багын ыдыс-аяқ жуатын машинада да
тазалауға болады.
 Тазалаған соң, кір су багын қақпағымен бірге
қайтадан бұйым ішіне салыңыз.
Тазалағыш және күтімге арналған заттар
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Жарамсыз тазалағыш және күтімге арналған
заттарды қолдану бұйымға зақым келтіруі және
кепілдік күшінің жойылуына апарып соғуы мүмкін.
Нұсқау
Қажетінше еденді тазалау үшін KÄRCHER
тазалағыш немесе күтімге арналған заттарын
қолданыңыз.
 Тазалағыш және күтімге арналған заттарды
мөлшерлеген кезде, өндірушінің мөлшер
бойынша нұсқауларын орындаңыз.
 Көбіктің пайда болуын болдырмау үшін, таза су
багын алдымен сумен, ал содан кейін
тазалағыш және күтімге арналған затпен
толтырыңыз.
 Таза су багының "MAX" толтыру көлемінен
асырмау үшін, су құйған кезде тазалағыш және
күтімге арналған заттың мөлшері үшін орын
қалдырыңыз.
Кедергілер болғанда көмек алу
Кемшіліктердің себебін астыда көрсетілген тізімге
сәйкес Өзіңіз жоя алуыңыз мүмкін. Күдікті
жағдайларда немесе осында аталған емес себебі
жағдайларда Қызмет Көрсету бөлімінің арнайы
мамандарымен хабарласыңыз.
Таза сумен біліктерді ылғалдау жоқ
Сүзгіш элемент салынбаған.
(аппараттың сипаттамасындағы суретті қараңыз)
 Таза су багын алып тастап, сүзгіш элементті
өзекпен жоғары қарай орнатыңыз.
Сүзгіш элемент жоғарғы жағымен төмен
орнатылады.
 Сүзгіш элементті алып тастап, өзекпен жоғары
қарай орнатыңыз.
Сору шлангісі кірдің қалдықтарына бітеліп қалған.
 Сору шлангісін сору басынан және негізгі
құрылғыдан абайлап шешіп алыңыз.
 Сору шлангілерін салқын суға 10–20 минутқа
қойыңыз.
 Сору шлангілерін тұйық затпен және/немесе
ағынды суда тазалаңыз.
Бұйым кірді кетірмейді
Су багында су жоқ.
 Суды толтырып құйыңыз.
Таза су багы бұйымға дұрыс орнатылмаған.
 Таза су багын бұйымда берік орнатылатындай
етіп салыңыз.
Тазалағыш білікшелер жоқ немесе дұрыс
орнатылмаған.
Сурет
 Тазалағыш білікшелерді салып қойыңыз да,
тазалағыш білікшелерді тірелгенше білікше
бекіткішіне бұрап бекітіңіз.
Тазалағыш білікшелер ластанған немесе тозған.
 Тазалағыш білікшелерді тазалап шығыңыз.
немесе
 Тазалағыш білікшелерді ауыстырыңыз.
– 10
KK
189

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Este manual también es adecuado para:

Fc 5 premium

Tabla de contenido