Өлшеу Функциялары - Bosch GIS 1000 C Professional Manual Original

Ocultar thumbs Ver también para GIS 1000 C Professional:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 43
248 | Қазақ
қызмет етеді. Өлшеу арақашықтығына байланысты өлшеу
жиектемесі өлшеу ауданынан ығысуы мүмкін. Өлшеу
үшін лазер нүктелерінің арасында орналасқан аймақ
қажет болады.
Өлшеу шарттары бойынша нұсқаулар
Қатты шағылысатын, жылтыр немесе мөлдір беттер
(мысалы, жылтыр плиткалар, тот баспайтын болаттан
жасалған қасбеттер немесе кәстрөлдер) беткі
температураны өлшеу әрекетіне әсер етуі мүмкін. Қажет
болса, өлшеу ауданына жылуды өткізетін қоңыр, күңгірт
жабысқақ таспаны жабыстырыңыз. Таспаның
температурасын үстіңгі бетке қысқаша бейімдеңіз.
Мөлдір материалдар арқылы өлшеу негізінде мүмкін
емес.
Өлшеу шарттары неғұрлым жақсы және тұрақты болса,
өлшеу нәтижелері соғұрлым дәл және сенімді болады.
Ауа ылғалдылығы мен қоршаған орта температурасының
датчигі (5) химиялық зиянды заттектерден, мысалы,
лактар не бояулардың булануынан зақымдалуы мүмкін.
Инфрақызыл температураны өлшеу әрекетіне түтін, бу
немесе шаңды ауа әсер етеді.
Сондықтан өлшеуден бұрын, әсіресе ауа лас немесе булы
болғанда, бөлмені желдетіңіз. Мысалы, душқа түскеннен
кейін ванна бөлмесінде бірден өлшемеңіз.
Бөлмені желдеткеннен біраз уақыт температурасын
әдеттегі температураға жеткенше қалпына келтіріңіз.
Қоршаған орта температурасы мен салыстырмалы ауа
ылғалдылығы тікелей өлшеу құралында ауа ылғалдылығы
мен қоршаған орта температурасының датчигі (5)
арқылы өлшенеді. Сенерлік нәтижелерге қол жеткізу
үшін өлшеу құралын жылытқыштар немесе ашық
сұйықтықтар сияқты кедергі көздерінің үстінен немесе
жанында ұстамаңыз. Датчикті (5) еш жағдайда үстінен
жаппаңыз.
Басқа нысандардың шағылысатын жылылық сәулеленуі
нәтижеге әсер етпеуі үшін, шағылысатын беттерде
жарамды өлшеу бұрышына көз жеткізіңіз. Мысалы,
алдыңғы жақтан тігінен өлшеу кезінде, дене
жылылығының шағылысуы өлшеуге кедергі келтіруі
мүмкін.
Үлкейту деңгейін реттеу
Дисплейдегі кескіннің кесігін орындалып жатқан өлшеу
әрекеттері үшін және сақталған экрандық фотосуреттерді
ойнату кезінде 3 түрлі үлкейту деңгейінде көрсетуге
болады: 0,5 м, 2 м және 5 м.
Үлкейту деңгейлері өлшеу құралы мен өлшеу нысанының
арасындағы тиісті қашықтық үшін оңтайландырылған:
өлшеу арақашықтығы 2 м болғанда, "2 м" үлкейту деңгейі
(әдетте) ең жақсы кескін кесігін ойнатады.
Ағымдағы үлкейту деңгейі (d) индикаторында пайда
болады. Үлкейту деңгейін көтеру үшін үлкейту деңгейін
көтеру көрсеткі түймесін (16), ал төмендету үшін үлкейту
деңгейін төмендету көрсеткі түймесін (13) басыңыз.
Параллаксқа байланысты өлшеу жиектемесі (b) тек
таңдалған үлкейту деңгейі шынайы өлшеу
арақашықтығына сәйкес келгенде ғана өлшеу аймағымен
бірдей болады.
1 609 92A 4X3 | (21.12.2020)
Өлшеу ауданын жарықтандыру
Қараңғы жерлерде өлшеген кезде экран контентінің
көрсетілімін жақсарту үшін шамды (24) қосуға болады.
Бұл экрандық фотосуреттерді сақтау кезінде жақсырақ
нәтижеге қол жеткізуге көмектесе алады.
Шамды (24) қосу немесе өшіру үшін (14) түймесін
басыңыз.
Дисплей жарығының жарықтығы төмендеген жағдайда,
шам қуат үнемдеу себебінен автоматты түрде өшіп
қалады. <Light Duration> (Жарықтық ұзақтығы)
мәзірінде осы жарықтандыру уақытын өзгертуге
болады(қараңыз „<Light Duration> (Жарықтық
ұзақтығы)", Бет 252). Дисплей жарығын қайта қосқан
кезде, шам автоматты түрде қосылмайды.
Егер аккумулятор зарядының деңгейі критикалық
аймақта болса, шам қуат үнемдеу себебінен қолжетімді
болмайды.
Өлшеу функциялары
Бөлек режимдердің арасында ауысу
Оң жақ (11) немесе сол жақ (15) көрсеткі түймесінің
көмегімен қажетті режимді таңдаңыз (режим қысқа
анықтамамен бірге көрсетіледі). Анықтаманы алдын ала
өшіру үшін сақтау түймесін (9) басыңыз. Анықтаманы
өшіріп, өлшеуді дереу бастау үшін өлшеу түймесін (4)
басыңыз.
Беткі температура режимі
Беткі температура режимінде өлшеу нысанының беткі
температурасы өлшенеді.
Бұл режимде, мысалы, радиаторды тексеруге немесе
қатты қызған машина бөліктерін іздеуге болады.
Өлшеу түймесін (4) басу арқылы өлшеу әрекеті
басталады. Дисплейде көрсетілген өлшеу мәндері әрекет
барысында жаңартылады. Өлшеу түймесін (4)
жібергеннен кейін, өлшеу тоқтап қалады да, лазерлер
өшіп қалады. Дисплейде соңғы өлшеу нәтижелері (n)
индикаторында тіркеледі. Соңғы өлшенген беткі
температура (p) таңбаламасымен бірге нәтижелер
шкаласында (k) көрсетіледі.
Өлшеу нәтижелерінің айырмашылығы 3 °C шамасынан
артық болғанда, өлшеу әрекетінің минималды және
максималды температура мәндері (j) индикаторында
пайда болады. Осылайша ағымдағы өлшеу мәні алдын
ала өлшенген температураларға қатысты қаншалықты
биік екендігін анықтауға болады.
Жылылық көпірлерінің режимі
Өлшеу құралы жылылық көпірлерін іздеген кезде қолдау
көрсете алады(қараңыз „Жылылық көпірі", Бет 254).
Өлшеу әрекетін бастамас бұрын, алдымен сыртқы
температура реттелуі керек. Ол үшін <Main Menu> (Бас
мәзір) мәзірін шақырыңыз(қараңыз „<Main Menu> (Бас
мәзір) бойынша шарлау", Бет 251). <Thermal Bridge>
(Жылылық көпірі) ішкі мәзірін таңдап, ағымдағы
сыртқы температураны реттеп шығыңыз. Өлшеу түймесін
(4) басу арқылы өлшеу әрекеті басталады.
Bosch Power Tools

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido