Bosch GIS 1000 C Professional Manual Original página 252

Ocultar thumbs Ver también para GIS 1000 C Professional:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 43
252 | Қазақ
жақ көрсеткі түймесін (11), <On>
(қосулы) белгіленетіндей, басыңыз.
Сонымен қатар мәзірдегі функцияны
сақтау/жіберу түймесін (9) басу арқылы
қосып өшіруге болады.
– Жоғарғы мәзірге ауысу үшін қайту
белгісінің астындағы сол жақ функциялық
түймені (17) басыңыз. Таңдалған
реттеулер жадқа сақталады.
– <Main Menu> (Бас мәзір) мәзірінен шығу
және стандартты индикатор экранына
қайтып оралу үшін үй белгісінің
жанындағы оң жақ функциялық түймені
(10) басыңыз. Таңдалған реттеулер жадқа
сақталады.
– Кез келген мәзірден шығу және
стандартты индикатор экранына қайтып
оралу үшін өлшеу түймесін (4) басуға
болады. Түйме бір рет басылғанда,
таңдалған реттеулер жадқа сақталады,
алайда ешқандай өлшеу әрекеті іске
қосылмайды.
Өлшеу ішкі мәзірі
<Emissivity value> (Шағылысу) (t)
Ең жиі өлшенетін материалдар үшін жадта бірнеше
эмиссия дәрежесі қолжетімді. Іздеуді жеңілдету үшін
мәндер эмиссия дәрежелерінің каталогінде топтарға
біріктірілген. <Material> (Материал) мәзір тармағында
алдымен жарамды санатты, ал содан кейін жарамды
материалды таңдаңыз. Тиісті эмиссия дәрежесі төмендегі
жолақта көрсетіледі. Егер өлшеу нысанынын дәл эмиссия
дәрежесін білсеңіз, оны <Emissivity value> (Шағылысу)
мәзір тармағында сандық мән ретінде де реттеуге
болады.
Егер бірдей материалдарды жиі өлшейтін болсаңыз,
5 эмиссия дәрежесін таңдаулы ретінде сақтауға және
оларды ең жоғарғы панель арқылы (1 және 5 аралығында
нөмірленген) жылдам шақыруға болады.
<Reflected Temp.> (Шағылысқан темп.) (t)
Осы параметрдің реттелуі өлшеу нәтижесін әсіресе
эмиссия дәрежесі төмен болатын материалдарда (=
жоғары шағылысу) жақсарта алады. Кейбір жағдайларда
(әсіресе іште) шағылысқан температура қоршаған орта
температурасына сәйкес келеді. Егер температурасы
қатты ығысып тұрған нысандар қатты шағылысатын
нысандардың жанында тұрып, өлшеуге әсер ете алса,
осы мәнді бейімдеу қажет болады.
<Tool> (Құрылғы) ішкі мәзірі
<Main Menu> (Бас мәзір) мәзірін шақырып, <Tool>
(Құрылғы) ішкі мәзірін таңдаңыз. Ол төмендегі мәзір
тармақтарын қамтиды.
<Language> (Тіл)
<Language> (Тіл) мәзірінде барлық индикаторлардың
тілін таңдауға болады.
1 609 92A 4X3 | (21.12.2020)
<Time & Date> (Уақыт пен күн)
(a) индикаторында күн мен уақытты өзгерту үшін <Time &
Date> (Уақыт пен күн) ішкі мәзірін шақырыңыз. Осы
ішкі мәзірде, сондай-ақ уақыт пен күн пішімін өзгертуге
болады.
<Time & Date> (Уақыт пен күн) ішкі мәзірінен шығу үшін
сол жақ функциялық түймені (17) басу арқылы
реттеулерді сақтаңыз немесе оң жақ функциялық түймені
(10) басу арқылы өзгерістерден бас тартыңыз.
<Unit> (Бірлік)
<Unit> (Бірлік) мәзірінде температура деректерін <°C>
немесе <°F> пішімінде көрсетуге болады.
<Laser> (Лазер)
<Laser> (Лазер) мәзірінде өлшеу құралының лазерін
қосуға немесе өшіруге болады. Лазер өлшеу ауданын
шектеу үшін қолданылады және сондықтан тек ерекше
жағдайларда өшірілуі тиіс.
<Measuring Frame> (Өлшеу жиектемесі)
<Measuring Frame> (Өлшеу жиектемесі) мәзірінде
дислпейдегі өлшеу жиектемесін (b) қосуға немесе
өшіруге болады.
<Colour Scheme> (Түстік схема)
<Colour Scheme> (Түстік схема) мәзірінде температура
мәндері мен дисплейдегі басқа да индикаторлар қандай
түспен көрсетілетінін таңдауға болады. Реттеу сақталған
экрандық фотосуреттерге де қолданылады.
<Shutdown Time> (Өшіру уақыты)
<Shutdown Time> (Өшіру уақыты) мәзірінде ешбір
түйме басылмаған жағдайда өлшеу құралы автоматты
түрде өшетін уақыт аралығын таңдауға болады.
Автоматты түрде өшіруді <Never> (Ешқашан) реттеуін
таңдау арқылы ажыратуға да болады. Өшіру уақыты
неғұрлым қысқа болып реттелсе, соғұрлым көп
энергияны үнемдеуге болады.
<Light Duration> (Жарықтық ұзақтығы)
<Light Duration> (Жарықтық ұзақтығы) мәзірінде
өлшеу құралындағы ешбір түйме басылмаған жағдайда
дисплей жарығының жарықтығы азаятын уақыт аралығын
таңдауға болады. <Always> (Әрдайым) реттеуін таңдау
арқылы дисплейді үздіксіз жарықтандыруға да болады.
Жарықтық ұзақтығы неғұрлым қысқа болып реттелсе,
соғұрлым көп энергияны үнемдеуге болады.
<Audio Signals> (Дауыс сигналдары)
<Audio Signals> (Дауыс сигналдары) мәзірінде беткі
температура дабылы кезінде берілетін дыбыстық
сигналды қосуға немесе өшіруге болады.
<Delete All Images> (Барлық суреттерді өшіру)
<Delete All Images> (Барлық суреттерді өшіру)
мәзірінде ішкі жадта сақталған барлық файлдарды бір
уақытта жоюға болады. Ішкі мәзірге кіру үшін <More>
(қосымша) параметріне арналған оң жақ көрсеткі
түймесін (11) басыңыз. Содан кейін барлық файлдарды
жою үшін оң жақ функциялық түймені (10) немесе
әрекетті тоқтату үшін сол жақ функциялық түймені (17)
басыңыз.
Bosch Power Tools

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido