Техникалық Және Сервистік Қызмет Көрсету; Қызмет Көрсету Және Тазалау; Тұтынушыға Қызмет Көрсету Және Пайдалану Кеңестері - Bosch PBD 40 Manual Original

Ocultar thumbs Ver también para PBD 40:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 32
166 | Қазақ
Бұрғылау тереңдігін көрсету (I суретін қараңыз)
Дисплейдің (14) көмегімен ағымдағы бұрғылау тереңдігін
көрсетуге болады.
– Айналу жиілігін реттегеннен кейін (33) түймесінің
көмегімен дисплейдің индикация аймағын "Тереңдік"
күйіне ауыстырыңыз.
– Жетек блогының биіктігін реттеп шығыңыз.
– Бұрғы ұштығын дайындамаға сәл тигізіп қойыңыз.
– Нөлдік нүктені анықтау үшін (34) түймесін басыңыз.
Дисплейде (14) "Қайта орнату" индикаторы
көрсетіледі.
– Бірқалыпты беріліспен қажетті бұрғылау тереңдігі
дисплейде көрсетілгенше бұрғылаңыз.
Бұрғылау тереңдігін реттеу (J суретін қараңыз)
Тереңдік шектегішінің (9) көмегімен t бұрғылау
тереңдігін орнатуға болады.
– Қысқыш иінтіректі (8) сағат тілінің бағытына қарсы
бұрап босатыңыз.
– Сынақ бұрғылауды орындаңыз. Дисплейде (14)
қажетті t бұрғылау тереңдігі көрсетілсе, қысқыш
иінтіректі (8) қайтадан бұрап бекітіңіз.
Төмендегі бұрғылау әрекеттері үшін бұрғылау
тереңдігі t мәнімен шектеледі.
Тасымалдау (K суретін қараңыз)
– Электр құралын тасымалдау үшін екі қолмен тірек
тақтасынан (1) (➊) немесе бір қолмен бұрғылау
бағанынан (4) (➋) ұстаңыз.
Электр құралын айналатын дөңгелегінен (11) (➌)
ұстап тасымалдамаңыз.
Техникалық және сервистік
қызмет көрсету
Қызмет көрсету және тазалау
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Жақсы әрі сенімді жұмыс істеу үшін электр құралы
u
мен желдеткіш тесікті таза ұстаңыз.
Егер байланыс сымын алмастыру қажет болса,
қауіпсіздіктің төмендеуіне жол бермеу үшін осы жұмыс
тек Bosch компаниясы немесе Bosch электр құралдары
бойынша өкілетті қызмет көрсету орталықтарында
жүргізілуі тиіс.
Қажет болса, бұрғылау бағанын (4) құрғақ шүберекпен
тазалап, Bosch әмбебап суытқыш майын (керек-жарақ)
азғантай себіңіз.
Жетек блогының тежегішін реттеу
(L суретін қараңыз)
Жетек блогына (12) арналған тежегіштің қысу күшін
қосымша реттеуге болады.
Тексеру
– Тежегіштің қысу күші жетек блогын әр биіктікте мықтап
ұстап тұруы тиіс.
1 609 92A 4N5 | (25.09.2020)
Реттеу
– Реттегіш бұранданы (35) алты қырлы дөңбек
кілтпен (23) Қысу күшін азайту үшін сағат тілінің
бағытына қарсы, ал қысу күшін арттыру үшін сағат
тілінің бағытымен бұраңыз.
– Қажетті қысу күшіне қол жеткізгеніңізді тексеріңіз.
Өнімдерді олардың сақтығын қамтамасыз ететін,
өнімдерге атмосфералық жауын-шашынның тиюіне және
асқын температура көздерінің (температураның шұғыл
өзгерісінің), соның ішінде күн сәулелерінің әсер етуіне
жол бермейтін дүкендерде, бөлімдерде (секцияларда),
павильондар мен киоскілерде сатуға болады.
Сатушы (өндіруші) сатып алушыға өнімдер туралы
қажетті және шынайы ақпаратты беріп, өнімдерді
тиісінше таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.
Өнімдер туралы ақпарат міндетті түрде тізімі Ресей
Федерациясының заңнамасымен белгіленген
мәліметтерді қамтуы тиіс.
Егер тұтынушы сатып алатын өнімдер әлдеқашан
пайдаланылған немесе өнімдерде ақаулық (ақаулықтар)
жойылған болса, тұтынушыға бұл туралы ақпарат берілуі
тиіс.
Өнімдерді сату процесінің аясында төмендегі қауіпсіздік
талаптары орындалуы тиіс:
– Сатушы сатып алушыға ұйымының фирмалық атауы,
орналасқан жері (мекенжайы) және жұмыс режимі
туралы мәліметтер беруге міндетті;
– Сауда бөлмелеріндегі өнімдердің сынамалары сатып
алушыға бұйымдардағы жазбалармен танысуға
мүмкіндік беруі және визуалды тексерістен басқа
бұйымдардың іске қосылуына әкелетін, сатып
алушылар өз бетінше орындайтын ешқандай
әрекеттерге жол бермеуі тиіс;
– Сатушы осы бұйымдардың белгіленген талаптарға
сәйкестігінің растамасы, сертификаттардың немесе
сәйкестік жөніндегі мәлімдемелердің бар болуы
туралы ақпаратты сатып алушыға беруге міндетті;
– Идентификациялық сипаттары жоқ (жоғалған),
жарамдылық мерзімі өтіп кеткен, бұзылу белгілері бар
және пайдалану бойынша нұсқаулығы (кітапшасы),
міндетті сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік
белгісі жоқ өнімдерді сатуға тыйым салынады.
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану
кеңестері
Қызмет көрсету орталығы өнімді жөндеу және оған
техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ қосалқы
бөлшектер туралы сұрақтарға жауап береді. Құрамдас
бөлшектер бойынша кескін мен қосалқы бөлшектер
туралы мәліметтер төмендегі мекенжай бойынша
қолжетімді: www.bosch-pt.com
Bosch қызметтік кеңес беру тобы біздің өнімдер және
олардың керек-жарақтары туралы сұрақтарыңызға жауап
береді.
Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру
кезінде міндетті түрде өнімнің фирмалық
тақтайшасындағы 10 таңбалы өнім нөмірін беріңіз.
Bosch Power Tools

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido