Қолданудан бұрын оқыңыз
Батареялар жинағына қатысты
сақтық шаралары
Электролиттің ағып кетуі, қызудың шығуы,
батарея блогының жануы немесе жарылуы
орын алуы мүмкін.
Егер ақаулық немесе кері жағдай
орын алса, пайдалануды дереу
тоқтатыңыз
Ö Батарея зақымдалса немесе пішіні
өзгерсе, одан түтін, әдеттегіден
тыс иіс шықса, шамадан тыс ыстық
болса немесе басқа қалыптан тыс
жағдайлар орын алса, оны дереу
компьютерден алып тастаңыз.
ЕСКЕРТУ
Өрт немесе токтың соғуы орын алуы
мүмкін.
Айнымалы ток кабелін, штепселдік
ашаны немесе айнымалы ток
адаптерін зақымдай алатын әрекет
жасамаңыз
Кабелдің зақымдануын немесе
түрленуін болдырмаңыз, ыстық
құралдардың жанына қоймаңыз,
имеңіз, бұрамаңыз немесе күштеп
тартқыламаңыз, үстіне ауыр
заттарды қоймаңыз немесе қатты
буып байламаңыз
Ö Зақымдалған ауыспалы ток
сымын, ауыспалы ток айырын
немесе ауыспалы ток адаптерін
пайдаланбаңыз.
• Жөндеу үшін техникалық қолдау
орталығына хабарласыңыз.
Айнымалы ток адаптерін стандартты
тұрмыстық розеткадан басқа қорек
көзіне қоспаңыз
Ö Түзеткішке қосу (inverter) айнымалы
ток адаптерін зақымдауы мүмкін.
Ұшақ ішінде, айнымалы ток
адаптерін/толықтырғышын тек сол
мақсатқа арналған айнымалы ток
розеткасына жалғаңыз.
Қолыңыз ылғал болған жағдайда,
штепселді ашаны тартпаңыз және
жалғамаңыз
196
ҚАУІП
Өрт немесе токтың соғуы орын алуы
мүмкін.
Компьютерді бөлшектемеңіз
• Бұл құрылғының ішінде
пайдаланушы қызмет ете алатын
бөлшектер жоқ. Қызмет көрсетуді
білікті техниктен сұраңыз.
Айнымалы ток Кабеліне немесе
басқа Кабельдерге қосылған
болса, Бұл Өнімге Найзағай кезінде
Тимеңіз
Сұйықтық контейнерлерін немесе
металл заттарды өнімнің жоғарғы
жағына орналастырмаңыз
Ö Егер ішіне бөтен зат кіріп кетсе,
бірден өшіріп, штепселді ашаны
ажыратыңыз (батарея жиынын
алып тастаңыз). Одан кейін
техникалық қолдау көрсету
орталығына хабарласыңыз.
Егер ақаулық немесе кері жағдай
орын алса, пайдалануды дереу
тоқтатыңыз
Егер төмендегі ақаулар орын
алса, компьютерді айнымалы ток
көзінен лезде ажыратыңыз және
батареялар блогын алып тастаңыз
• компьютер зақымдануы
• компьютердің ішкі бөлігіндегі
бөгде зат
• түтіннің шығуы
• ерекше иістің пайда болуы
• күнделіктіден жоғары ыстық
болуы
Ö Жоғарыдағы процедурадан кейін,
жөндеу үшін техникалық қолдау
орталығына хабарласыңыз.
Штепселді ашаны шаң және басқа
қоқымнан жүйелі түрде тазалаңыз
• Айырда шаң немесе басқа
жиналған қалдықтар, ылғалдылық,
т.б. изоляциялық материалын
зақымдауы мүмкін.
Штепселді ашаны розеткаға толық
тығыңыз
Ö Зақымданған штепселді ашаны
немесе босап кеткен айнымалы
ток розеткасын қолданбаңыз.
Бұл өнімді су, ылғал, бу, шаң,
майлы булар, т.б. көп жерде
пайдаланған кезде ағытпа
қақпағын мықтап жабыңыз
Ö Егер ішіне бөтен зат кіріп кетсе,
бірден өшіріп, AC кабелін
розеткадан суырып, батарея
жиынын алып тастаңыз. Одан
кейін техникалық қолдау көрсету
орталығына хабарласыңыз.